Қазақстан тарихы


  Қазақ ССР тарихы, 2-томдық 1-том. -Алма-Ата, 1949



Pdf көрінісі
бет31/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
2.  Қазақ ССР тарихы, 2-томдық 1-том. -Алма-Ата, 1949. 
3.  Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
4.  Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы. Энциклопедиялық  анықтама. 
     Алма-Ата, 1980. 
5.  Қозыбаев М.Қ. Қазақстан ғасырлар тоғысында. Алматы, 2000. 1-2 кітап. 
6.  Қойгельдиев М. Қ. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995. 
7.  Григорьев В.К. Противостояние. Алма-Ата, 1989. 
8.  Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
9.  Учебное  пособие  по  истории  Казахстана  с  древнейших  времен  до  наших  дней.- 
Алма-Ата., 1992. 
10. Абдоллаев Н.А. Қазақстан әлемдік тарихтың аясында. Ақтөбе. Тип. Лазер, 1999. 
11. Абдоллаев Н.А., Исмағұлов Ұ.Ш. Қазақстан тарихы: дәрістер. Қ.Жұбанов атындағы 
АктМУ. Ақтөбе, 2003. 
12. Абдоллаев  Н.А.,  Орамах  Ж.О.  Қазақстан  тарихы:  дәрістер.  Қ.Жұбанов 
атындағыАктМУ. Ақтөбе, 2004.  
 
1.  1918  жылдың  бiрiншi  жартысында  Кеңес  үкіметінiң  iшкi  қарсыластығының 
шиеленiсуi  ел  iшiндегi  қарсыластыққа  әкелiп  соқтырды.  Қарсыластықтың  негiзi  ауыл 
мен  қала,  жұмысшылар  мен  шаруалар  арасында  болып  шиеленiсе  түстi.  Жұмысшы-
шаруалар  Кеңестерiнiң  орталық  пен  ел  өңiрiндегi  үкiмет  тiзгiнiн  басып  алуы,  алғашқы 
кезден-ақ билiктен алыстатылған топтардың қарулы қарсылығына туғызды. Яғни, бүкiл 
мемлекеттегiдей  Қазақстанда  да  азаматтық  қарсыластық  қарулы  ұрысқа  -  азамат 
соғысына әкелдi. 
 
Азамат  соғысының  оты  1917  жылдың  қарашасында  Торғай  облысының 
әкiмшiлiк орталығы Орынборда тұтанды. Мұнда атаман Дутов Кеңес үкiметiн құлатып, 
ондағы  С.  Цвиллинг  басқарған  революциялық  комитеттi  тұтқындады.  Ал  1917  ж.  13 
қарашасында Жетiсудың казактары Кеңестермен күресу үшiн әскери үкiмет құрылымын 
ұйымдастырып,  Верныйға  осы  өңiрдегi  ақгвардияшылар  мен  юнкерлердi  топтастыра 
бастайды. 
 
1917  ж.  қарашасында  революцияға  қарсы  ауқымды  топ  Оралда  құрылды. 
Басшылыққа  келген  әскери  үкiмет  жергiлiктi  Кеңестi  таратып,  өңiрдегi  билiктi  қолына 
алады. 
Осынау 
әскери 
үкiметтер 
Қазақстандағы 
революцияға 
қарсы 
ақгвардияшылардың  басты  күшi  болады.  Олар  ақгвардияшыл  офицерлерге,  казак 
станицалары  мен  келiмсектер  елдi-мекендерiнiң  бай-билеушi  топтарына  сүйенiп, 
жергiлiктi  кадет,  эсерлер  мен  меньшевиктерден,  Алаш,  Шура-Ислами  партиялары 
басшыларынан, тағы басқа саяси қозғалыстар мен топтар тарапынан қолдау тапты.  
 
Гурьевте  (Атырауда)  1918  жылы  23 наурызда Орал казактары бүлiк шығарды. 
Бұнда генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесiнiң 9 
мүшесi сотсыз атылды. Ал осы жылы наурыз айының аяғында ақ гвардияшылар Алаш 
Орда өкiлдерiмен бiрiгiп,  Орал қаласында төңкерiс ұйымдастырды. 
 
Сайып  келгенде,  Кеңес  үкiметiн  құлату  үшiн  ел  iшiндегi  ақгвардияшылдармен 
бiрiгiп  алған  iрi-iрi  дамыған  мемлекеттердiң  қатысып  қолдауымен  1918  ж.  жазында 
азамат  соғысы  кең  көлемде  жайылып  кетедi.  Олардың  ең  басты, пәрмендi күшi елдiң 
солтүстiгi  мен  шығысында, яғни Австро-Венгрия тұтқын солдаттары сапар шегiп бара 
жатқан  бағытында  болады.  Ciбiрде  1918  жылдың  мамырында  Антанта  елдерiнiң 
қолдауымен  Чехословак  әскери  тобының  офицерлерi  бүлiк  шығарды.  Кейiн  олар  ел 
iшiндегi  жаңа  үкiметке  қарсы  күштермен  бiрiгiп,  Петропавл,  Ақмола,  Атбасар, 
Қостанай,  Семей  қалаларын  басып  алды.  Қ.  Сүтiшев,  И.  Дубинин,  П.  Калюжная,  . 
Ыдырысов,  Қ.  Шугаев, П. Салов және басқаларын азаптап өлтiрiп, ¤скемен Совдепiнiң 
төрағасы Я. Ушаковты тiрiлей кеменiң пешінің  отына тастады. 
 
Жаңа  үкiметке  қарсы  күштер  Самарада  ақ  гвардияшылар  мен  әскерлердiң 
“Комуч”  (Құрылтай  жиналысының  мүшелерiнiң  комитетi)  “үкiметiн”,  Омбыда  Колчак 
бастаған  Сiбiр  ақгвардияшыларының  “үкiметiн”,  Каспий  сыртқы  облысында 
ағылшындар  “үкiметiн”  құрды.  Ал  Донбасс  өңiрiне  немiстерден  қауiп  төне  бастады. 
Краснов  пен  Деникин  соғыс  қимылдарын  күшейте  түстi.  1918  жылы  2  маусымда 
Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлiмдерi кейiн шегiну нәтижесiнде Ақтөбе майданы 


 
136 
құрылды.  Оның  әскери  құрылымдарына  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  қалаларда 
(Ташкент,  Шалқар,  Қазалы,  Перовск  /Қызылорда/,  Черняевск  /Шымкент/,  Әулиеата) 
қалыптасқан  шоғырлар  келiп  қосылды.  Оның  қатарында  негiзiнен  ерiктiлер  болды. 
 
 
2.  Әскери  мiндет  туралы  БОАК-тiнiң  1918  жылы  29  мамырда  қабылданған 
жарлығынан 
кейiн 
әскери 
мiндеттi 
өтеуге 
еңбекшiлердiң 
белгiлi 
жас 
мөлшерлерiндегiлер  шақырылатын  болды.  1918  жылдың  жазында  алғашқы  ұлттық 
әскери бөлiмдер  Жетiсуда, Орынборда, Оралда, Батыс Қазақстанда, Бөкей Ордасында 
ұйымдаса  бастады.  1918  жылдың  күзiнде  Бөкей  Ордасында  қалыптасқан  қазақ  атты 
әскер  полкiнде  Хамит  Чурин,  Ж.  Сарсеков,  Х.  Ишанов, В. Жәнекешев т.б. белсендiлiк 
көрсеттi. 
 
1918-1919 жж. Торғайда Әлiби Жангелдин және Аманкелдi Имановтың екi атты 
әскер  бөлiмдерiне  кiшi  буындағы  командирлердi  даярлайтын  оқу  тобы,  зеңбiрекшiлер 
тобын, Ырғыз қаласында тағы бiр атты әскер бөлiмiн құрды. Олардың қатарында қазақ 
жастары  мен  бiрге  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  жылдарында  Ресейде  қалып  қойған 
шетелдiктер венгр, чех, румын, поляк, немiс өкiлдерi кiрдi. Осы жылдары Ә. Жангелдин 
бастаған  экспедиция  Мәскеуден  көп  қару-жарақ  пен  оқ-дәрi  жеткiздi.  1918  ж. 
көктемінде  ол  ХКК-ның  төрағасы  Лениннен  тікелей  тапсырма  алып  жол-жөнекей 
Астрахань  қаласында  балық  зауытында  жұмыс  жасап  жүрген  қазақ  жігіттерін  қосып 
алып,  Маңғыстауға  барып  ол  жерден  де  қарулы  адай  руының  жігіттерімен  қатарын 
толықтырып  Үстүрт  арқылы  Шалқарға  /казіргі  Ақтөбе  облысы,  Орынбор-Ташкент 
теміржолының  торабы/  жетіп,  жиналған  қару-жарақты  аман-есен  Ақтөбе  майданына 
жеткізеді.  Кеңес  үкiметiн  жақтаушы  күштердiң  (Қызыл  Армия)  1 және 4-шi бөлiмдерi 
шабуылға шығып, Бугуруслан, Бұзылық, Қазан, Александров Гайды босатып, Орынбор 
мен Орал қалаларына жақындады.  
 
Жетiсу  өңiрiндегi  азаматтық  қарсыластық  жаңа  үкiмет жауларының пайдасына 
шешiлмедi. Бұл бағытта қазанның екiншi жартысында Қызыл Армия күштерi шабуылға 
шығып,  Абакумовка  стансасын  ақ  гвардияшылдардан  босатты.  Ақтөбе  майданының 
қарулы  күштерi  1919  жылы  22  қаңтарда  Орынборды,  26  қаңтарда  Орал  қаласын  азат 
етiп, Қазақстан және Түркiстан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты 
қалпына келтiрдi. 
 
Азаматтық  қарсыластық  толықтай  қарулы  сипат  алғанда,  Қазақ  жерiнiң 
көпшiлiгiнде Кеңес үкiметi құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш Орда Орынбордағы 
Дутовпен,  Омбыдағы  Сiбiр  уақытша  үкiметiмен  және  Самарадағы  құрылтай 
жиналысының  Комитетiмен  (Комуч)  одақтасып, Орал мен Сiбiр, Жетiсу қазақтарымен 
байланысты  күшейтiп,  Кеңестерге  қарсы  шығады.  1918  жылдың  маусымында  Алаш 
Орда үкiметi Кеңестердiң мемлекеттiк жүйесiне қарсы бiрқатар жарлық шығарады. Бұл 
құжаттарда  Алаш  аймағында  Кеңес  үкiметi  шығарған  күллi  құжаттар,  заң  актiлерi 
түгелдей күшiн жояды деп жарияланып, большевиктер партиясының мүшелерiн қудалау 
заңды деп табылды.   
 
Ә.  Бөкейханов,  Ә.  Ермеков  және  бiрқатар  әскери  өкiлдер  1918  ж.  шiлде  және 
тамыз  айларында  Самар  мен  Омбыда  Комуч  пен  Сiбiр  уақытша үкiметтерiнiң әскери 
ведомстволары  өкiлдерiмен  кездесiп,  Алаш  Ордаға  көмек  беру  және  оның  қарулы 
күштерiн  құру  жөнiнде  келiссөздер  жүргiздi.  Алаш  Орданың  елiмiздiң  батысындағы 
жетекшiлерi  ағайынды  Х.және  Ж.  Досмұхамедовтер  таяу  уақытта  2  мың  адамнан 
тұратын  қазақ  отрядын  ұйымдастыруға  уәде  бередi.  Қазақстандағы  азаматтық 
қарсыластық  Ресейдегi  азамат  соғысының  құрамды  бiр  бөлiгi  едi.  Сол  себептi  де 
Қазақстан  майдандарындағы  күрес-тартыстың  дамуы  мен барысына соғыстың басты 
майданындағы  соғыс  әрекеттерiнiң  жүрiсi  ғана  емес,  Қазақстанның  ақгвардияшылар 
жаулап  алған  территориясындағы  партизандардың  көтерiлiстерi  Қызыл  Армияның 
Шығыс және Оңтүстiк майдандарында шайқасып жатқан негiзгi күштерiнiң күрестерiне 
елеулi көмек көрсетедi.  
 
Азамат  соғысының  нәтижесiне  ақгвардияшыларға  қарсы  партизан  қозғалысы 
көп  әсер  еттi.  Қазақстандағы  партизан  қозғалысының  iрi  ошақтары  Қостанай  уезi, 
Ақмола,  Жетiсу  облыстарында  болды.  Павлодар,  ¤скемен,  Бұқтырма  мен  Зайсан 
уездерiнде,  әсiресе  Зырян,  Қатон  Қарағай,  Шыңғыстау,  Шемонаиха  болыстарында 
партизан қозғалысы кең қанат жайып, елдiң едәуiр бөлiгiн қамтыған. Черкас қорғанысы, 


 
137 
Тарбагатай мен Үржардың “Таудың қызыл қырандары” отрядтарының ерен қимылдары 
Қазақстандағы азамат соғысында елеулi орын алды. Кеңес мемлекетiнiң тарихында 22-і 
және  25-шi  Чапаев  дивизияларының  қимылы,  Орал  мен  Орынборды  қаhармандық  пен 
қорғау елiмiздiң  тарихының  аса елеулi беттерi болып саналады. 
 
1919    жылы Фрунзе бастаған Қызыл әскер шоғырлары Қазақстанның солтүстiк 
аудандарында, ал Чапаев бастаған шоғырлар оңтүстiк-батыс аудандарда соғыс жүргiзiп, 
Колчак  әскерлерiнiң  Деникин  әскерлерiмен  қосылуына  жол  бермей,  оларға  күйрете 
соққы  берген.  Қазақстанда  Колчак  әскерiне  қарсы  көтерiлiс  Қостанай  уезiнде  болды. 
1918  жылы  желтоқсан  айының  аяғында  Ә.  Жангелдин,  А.  Иманов  және  Ырғыз 
шоғырының  бiрiккен  күшiмен  Торғайда  Кеңес  үкiметi  қалпына  келтiрiлдi.  Бұл  кезде 
Семей, Ақмола облыстарында да партизандық қозғалыстар өрiстедi. Сондай-ақ Жетiсу 
майданының,  солтүстiк-шығыс  шебiнде  1918  жылы  тамыз  және 1919 жылғы қазанның 
орта кезiне дейiн ақгвардияшыларға қарсы күрес жүргiзiлдi.  
 
Шығыс  майданындағы  Колчак  армиясы  жеңiлгеннен  кейiн  Батыс,  Солтүстiк, 
Солтүстiк-Шығыс  Қазақстан  мен  Жетiсуды  азат  ету  қажеттiлiгi  туды.  Сөйтiп,  1919 
жылдың  аяғында  Қазақстанның  негiзгi  территориясы  ақ  гвардияшылардан  азат  етiлiп, 
1920  ж.  наурызында  азамат  соғысының  Қазақстандағы ең соңғы майданы  - Солтүстiк 
Жетiсу  майданы  жойылды.  Кеңес  үкiметiне  қарсы  күштердiң  Қазақ  елiнiң  барлық 
аймағындағы  күйреуi  Алаш  Орда  қарулы  топтарының  арасында  толқулар  туғызып, 
Алаш  милициясының  қатарының  сирей  бастауына  алып  келдi.  1919  ж.  наурызында 
Бүкiлресейлiк  Орталық  Атқару  Комитетi  Алаш  Ордаға  амнистия  (кешiрiм) 
жарияланғаннан  кейiн  және  Алаш  Орда басшыларының  бiрi А. Байтұрсынов пен оның 
жақтастарының  үлкен  бiр  тобының  Кеңес  өкiметi  жағына  шығуына  байланысты  бұл 
құбылыс өзiнше тоқтамайтын сипат алды. Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес үкiметi 
қайта  қалпына  келтiрiлiп,  1919  ж.  шiлдесiнде  РКФСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесiнiң 
жарлығы  бойынша  Қазақ  өлкесiн  басқару  жөнiндегi  Революциялық  Комитет  (Ревком) 
құрылды. 
 
Елiмiздi  шет ел басқыншылары мен Кеңес үкiметiн құлатуға ұмтылған күштерге 
қарсы  ұрыстарда  М.В.  Фрунзе,  М.Н.  Тухачевский,  В.И.  Чапаев сияқты қолбасшылар, 
И.П. Белов, И.С. Кутяков, А. Иманов т.б. талантты командирлер ерен ерлiк көрсеттi.  
 
3.  1918  жылдың  орта  шенiнде  елде  қалыптасқан  жағдайды  ескере  отырып, 
билеушi  партия  мен  Кеңес  үкiметi  барлық  материалдық  қорларды  жаңа  мемлекеттi 
қорғауға  жұмылдыру  және  оларды  үнемдеп  бөлу  үшiн  экономикада  бiрқатар төтенше 
шараларды қабылдады. Бұл шаралар тарихқа “соғыс коммунизм” саясаты деген атаумен 
кiрдi.  Кеңес  мемлекетi  кезiндегi  оқулықтар  мен  ғылыми  зерттемелерде  “Ол  лажсыз 
белгiленген,  төтенше,  уақытша  жүргiзiлген  саясат  болды,  бiрақ  сонымен  бiрге  сол 
жағдайдағы  қажет  әрi  бiрден-бiр  дұрыс  саясат  едi.  Ол  шаруашылық  күйзелiсiнен, 
экономикалық  қоршаудан  және  жаңа  үкiметтi  қорғаудың  ерекше  қиыншылықтарынан 
туған едi” деген тұжырымдар берiлдi. 
 
Бұл саясаттың тарихи шарттылығы туралы ғылымдағы пiкiрлер сан-қилы. Олар 
негiзiнде:  большевиктер  партиясының  жетекшiлерiнiң,  Кеңес  дәуiрiндегi  ғылымның, 
шет  ел  (Шығыс,  Батыс)  ғылыми  мектептерiнiң,  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарындағы 
ғылымның жаңаша бағалары мен көзқарастары болатын. Бiздiң елiмiздiң ХХ ғасырдағы 
тарихи жолы аталған пiкiрлердiң арасында әскери коммунизм әдiсiмен бейбiт жағдайда 
жаңа  қоғам  құрылысын  жүргiзу  мүмкiн еместiгiн анықтады.Адамзаттың тарихындағы 
тең  және  бостанды  елдiң  идеясын  iс  жүзiнде  орындауға  алғашқы  қадам  жасаған 
В.И.Ленин бұл туралы былай жазған:”...амалсыз осыны iстеудiң қажетi де болды: бiз... 
адам  айтқысыз  ауыр,  сұрапыл  соғыс  жағдайында  өмiр  сүрдiк; мұндай жағдайда бiзге 
экономика жөнiнде  де соғыстағыдай қимыл жасаудан басқа ештеңе қалмады”. 
 
Әскери  коммунизмдi  енгiзудегi  алғашқы  төтенше  шаралардың  бiрi  азық-түлiк 
мәселесiн шешуге бағытталды. Кеңес үкiметiнiң 1918 жылдың көктемiнде және жаздың 
басында  қабылдаған  декреттерi  иемденушi  топтардың  қолындағы  азық-түлiктiң 
артығын  алуды,  жалдаушылыққа  тыйым  салып,  халықты  бiр  орталықтан  жабдықтау 
тәртiбiн    белгiлеудi  көздеген  едi.  Сөйтiп,  азық-түлiк  салғырты  енгiзiлгеннен  кейiн 
мемлекет астық дайындауды көбейтуге, майданды азық-түлiкпен қамтамасыз етуге, қала 
тұрғындары  мен  азық  түлiгi  тапшы  аудан  халқын  ашаршылықтан  құтқару  мiндеттерi 
көзделген болатын. 


 
138 
 
Әскери  коммунизм  саясатының  маңызды-маңызды  белгiлерi  өнеркәсiптi жедел 
қарқынмен  ұлттандыру,  оны  басқаруды  Кеңестер  қолына  шоғырландыру,  өнеркәсiп 
ұжымдарын  қару-жарақ  және  армияны  материалдық  жағынан  жабдықтап  басқа  да 
бұйымдар  өндiретiн  етiп  қайта  құру  қажет  болатын.  Кеңес  үкiметi  iрi  және  орташа 
өнеркәсiптi ғана емес, ұсақ кәсiптi де ұлттандыруға бағыт алды. Осындай шара арқылы 
мемлекеттiң  әскери  өндiрiсiн  едәуiр  көлемде  ұлғайтып, қару-жарақ, құрал-жабдық, оқ-
дәрi  шығаруды  арттыруды,  материалдық  қорларды  iшкi  және  сыртқы  жаңа  үкiметке 
қарсыластармен күреске пайдалануына мүмкiндiк бередi деген мақсат көзделдi. 
 
1919  жылғы  29  қаңтарда  Халық  Комиссарлары  Кеңесiнiң  қаулысы  бойынша 
баршаға  бiрдей  еңбек  мiндеттiлiгi  енгiзiлдi.  Еңбекке  жарамды  халықтың  бәрi  тұрақты 
қызметiне  қарамастан,  жергiлiктi  үкiмет  орындары  кезек  күттiрмейтiн  iстер  деп 
есептеген түрлi жұмыстарды атқаруға; жолдарды, көпiрлердi жөндеп қалпына келтiруге, 
олардың  сапасын  қадағалауға,  отын  дайындап  жеткiзуге,  әскерлер  мен  жүктердi 
көлiкпен  тасуға тартылды. 
 
Ауыл  шаруашылық  өнiмдерi  мен  көпшiлiк  қолмен  iстелiнетiн  тауарлар 
өндiрудiң қысқаруы қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуiне 
әкелiп соқтырды. Рынок қатынастары барған сайын тауар айырбасы сипатына ие болып 
келе  жатты.  Кеңес  үкiметi  халықты  азық-түлiкпен  және  көпшiлiк  қолданысты 
бұйымдармен  тұрақты,  арзан  бағамен,  ал  кейбiр  ерекше  жағдайда  тегiн  тауарлармен 
жабдықтау  мақсаты  жарияланды.  Тек  қана  жарияланды!    Осы  жылдары  (1918-1920) 
жалақыны  заттай  беру  және  өнеркәсiп  бµйымдарын  ауыл  шаруашылық  өнiмдерiне 
тiкелей  айырбастау, тұтыну заттарын бөлудегi теңгермешiлiк экономикалық саясаттың 
құрамдас  бөлiгi болды. Соғыс коммунизм саясаты әуелi Қазақстанның майданнан тыс 
аймақтарында  жүргiзiлдi.  Соғыс  коммунизм  саясатының  бұл  негiзi  -  азық-түлiк 
салғырты  өлкеде  жарияланысымен  бiрден  енгiзiлген  жоқ.  Мұның  өзi  ең  алдымен 
Қазақстанның кеңестiк аудандарында қалыптасқан жағдайдан туған едi. Майдандардың 
қоршауында  болған  бұл  аудандардың  орталықпен  байланысы  нашар  болды.  Мұндай 
жағдайда  ауыртпалықтың  едәуiр  үлесi  орта  шаруаның  мойнына  түскен  азық-түлiк 
салғыртын  дереу  енгiзу  мүмкiн  емес  едi.  Олай  болса  адам  құрамы  негiзiнен  алғанда 
жергiлiктi  шаруалардан  құралып,  толықтырылып  отырған  жаңа  мемлекеттiк  әскери 
бөлiмдерiнiң  жауынгерлiк  қабiлетiне ол кері әсерiн тигiзер едi. 
 
Ақ  гвардияшылар  басып  алған  аудандарда  ескi  тәртiптердi  қайта  орнатқан 
ақгвардиялық тәртiбiнiң қыспағын көрмеген орта шаруа бұрынғы иемденушi топтардың 
үгiтiне  оңай  ерiп  кететiн  болды.  Шаруалар  екiнiң  бiрiнде  мемлекеттiк  монополиядан 
және  тұрақты  бағалардан  орағытып  өтiп,  азық-түлiгiн  “қара”  рынокта  өнеркәсiп 
тауарларына  айырбастауға  тырысты.  Оның  үстiне  Қазақстанның  кеңестiк  аудандары 
астықты  аз  өндiретiн.  Мысалы,  Бөкей  облысында,халықтың  денi  көшпелi  мал 
шаруашылығымен шұғылданды. Оның солтүстiк аудандарындағы отырықшы орыс және 
қазақтар  орналасқан  азын-аулақ  елдi  мекендерiнде  ғана  60  мың  десятинадай  егiн 
егiлетiн.  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  шөлейт  және  шөлдi  жердегi  уездерi  де  ол  кезде 
егiн өндiрумен  жөндi шұғылданбайтын және оны сырттан алатын. 
 
Жетiсу  облысында  бiраз  астық  өндiрiлетiн,  бiрақ  облыстың  солтүстiк  жағында 
орналасқан  негiзгi  астықты  аудандары  1918-1920  жылдары  өршiген  соғыс  орталығы 
болғандығынан,  астық  өндiруден  қол  үздi.  Бұл  аудандар  азат  етiлген  кезде 
революциялық өзгерiстерге қарсы күштер оларды күйзелтiп, талап-тонап кеткенi сонша, 
халыққа  азық-түлiк  пен  тұқымдық  астық  берiп,  жедел  көмектесу  қажет  болды.  Ал 
салғырт жөнiнде әңгiме де болуы мүмкiн емес едi. 
 
Торғай және Орал облыстарының Ақтөбе және Темiр уездерi астықпен бiршама 
тәуiр қамтамасыз етiлген едi. Түркiстан республикасының орындарымен жасасқан шарт 
бойынша  тауар  айырбас  ретiмен  Ақтөбе  уездiк  азық-түлiк  бөлiмi  1918  жылдың  орта 
шенiне  дейiн  150  мың пұт астық жөнелттi. Темiр уезiнде 1918 жылдың ортасынан 1919 
жылғы  наурызға  дейiн  азық-түлiк  орындары  545,4  пұт,  ал  Ақтөбе  уезiнен  -  944,1  пұт 
астық дайындап темiр жол арқылы Түркiстанға жөнелттi.  
 
Қазақстанның  кеңестiк  аудандарының  Ресей  империясының  орталығынан 
шалғай  жатқандығы,  соғыс  қимылдарының  шаруашылық  өмiрдiң  шырқын  бұзуы, 
жекелеген  уездер  мен  облыстардың  шаруашылық-экономикалық  жағынан  дамуының 
әркелкiлiгi  мен  өзгешелiгi  (көшпелi  және  жартылай  көшпелi  мал  шаруашылығының 


 
139 
басым  болуы,  бұл  жылдары  егiннiң аз себiлуi, жер мәселесiнiң шешiлмегендiгi, ұлттық 
қарым-қатынастардың  күрделiлiгi)  т.б. себептер Қазақстанда азық-түлiк салғыртының 
толық  көлемiнде  майдандар жойылып, астық өндiретiн негiзгi аудандар азат етiлгеннен 
кейiн  ғана,  тек  1920  жылдың  басынан  кейiнгi  кезеңдерде  iске  асырылуына  мүмкiндiк 
бердi..  Кейбiр  уездерде  1919  жылы  азық-түлiк  салғыртын  жүргiзуге  әрекет  жасалып 
көрдi,  алайда ол елеулi нәтиже бермедi.  
 
Мемлекеттiк  астық  монополиясы,  астықтың  тұрақты  бағасы  барлық  жерде 
бiрдей  жүзеге  асырылған  жоқ  және  ол  мүмкiн  емес  едi.  Астықтың  негiзгi  қорларын 
иеленушiлер  астықты  Кеңес  азық-түлiк  орындарына  тұрақты  бағалармен  тапсыруға 
мүлде  қарсы  болды.  Олар  астығын  жасырын  түрде  жалдаптықпен  сатты. 
Орталықтандырылған  жолмен  өнеркәсiп  тауарлары  мен  азық-түлiк  ала-алмаған халық 
оларды түрлi саудегер мен алыпсатарлардан алуға мәжбүр болды. Кеңес орындарының 
жеке  меншiк  сауданы жоюға ұмтылған түрлi айла-әрекеттерiне қарамастан, бұл сауда 
жойылған  жоқ,  әсiресе  облыс  орталықтары  мен  темiр  жолдардан  шалғай  жатқан 
жерлерде қанат жайды. 
 
Малы  көптерi  мен  байларға  салық  салу арқылы, сондай-ақ үдемелi жинау әдiсi 
бойынша  шаруалардың  артық  малын  алу,  салық төлеуден қашып жүргендердiң мүлкiн 
реквизициялау, малды аудандарда еркiн баға бойынша сатып алу және тауар айырбасы 
ретiмен  тұрақты  бағалар  бойынша  заттай  мiндеттiлiктi  күшпен  орындату  арқылы 
дайындалды. Еңбек ақыны заттай беру өте-мөте шектеулi болды. Негiзгi тамақ өнiмдерi 
-  ет,  астық,  картоп,  қант  еңбекшi  халықтың  әрбiр  тобы  үшiн  таптық  белгiсi  бойынша 
шектеулi  мөлшерде  берiлдi.  Бiрқатар уездерде тамақтандыру нүктелерi мен асханалар 
ашу арқылы ашыққан халықты тегiн тамақтандыруы ұйымдастырылды. 
 
Әскери коммунизм саясатының Қазақстанда өнеркәсiптi ұлттандыру және кеңес 
органдарының  қолына  шоғырландыру,  өнеркәсiп  орындарын  әскерге  арнап  қару-жарақ 
пен  құрал-жабдық  жасауға  ыңғайлау  сияқты  элементтерi толық көлемде қолданылды. 
Ең қажеттi өнеркәсiп тауарларына деген қатты тапшылықты iшiнара болса да өтеу үшiн 
iрi  және  орташа  кәсiпорындар  емес,  сонымен  қатар  ұсақ  және  қолөнер  өндiрiсi 
майдагерлiк кәсiпорындары  ұлттандырылды. 
 
¤лке  экономикасының  аграрлық  сипатына,  қалалардың  экономикалық  рөлiнiң 
мардымсыздығына,  өнеркәсiп  пен  қатынастың  жұмыс  күшiн  қажетсiнуiнiң 
шектеулiлiгiне  байланысты  Қазақстанда  баршаға  бiрдей  еңбек  мiндеттiлiгi  кең  қанат 
жайған  жоқ.  Ол  мұнда  баршаға  бiрдей  және  тұрақты  сипат  алмады,  негiзiнен 
кәсiпорындары бар қалалар мен елдi мекендерде, сондай-ақ темiр жолдарға 25 шақырым 
өңiрдегi ауылдарда темiр жолдарды жөндеу және қардан тазартуға сол жерлердiң халқы 
тартылды. Осы жылдары халықтың үкiмет мүддесiне тiкелей еңбек ету және көлiк беру 
мiндеттiлiгi  (отын  дайындау  және  тасып  беру,  азық-түлiк  және  басқа  жүктердi  тасып 
жеткiзу)  де  болды.  Ал  көшпелi  қазақ  халқы    еңбек  ету  және  көлiк  беру  мiндеттiлгiне 
бiршама аз тартылды. 
 
Қазақстанның  облыстары  мен  уездерiнде  ұлттандырылған  кәсiпорындарды 
басқару үшiн Халық шаруашылығы кеңестерi құрылды. Алғашқы кеңестердiң бiрi 1918 
жылғы  16  мамырда  Ақтөбе  уезiнде  қалыптасты.  Сол  жылғы  маусым  айынан  бастап 
облыстық  халық  шаруашылығы  Кеңесi  Жетiсу  облысында,  Черняев,  Арал,  Әулиеата, 
Қазалы, Перовск және Түркiстан уездерiнде құрылды. 
 
Қорғаныс  үшiн  зор  маңызы  бар  кейбiр  кәсiпорындарда  соғыстық  жағдай 
жарияланды.  Жергiлiктi  жерлерде  халық  шаруашылығы  Кеңестерiмен  қатар  әскердi 
жабдықтау  жөнiндегi  төтенше  комиссиялар  құрылды.  Олар  халық  шаруашылығы 
кеңестерiмен  бiрге  әскер  бөлiмдердi  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етумен 
шұғылданды.  Шикiзат  пен  отынды  есепке  алып,  кәсiпорындарды  қажеттi 
материалдармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге көмектестi. 
 
1918 жылғы 12 қазанда Түркiстан Халық шаруашылығы кеңесi қорғасын қорыту 
зауыты  мен  кен  орындарын  отынмен  және  кадрлармен  қамтамасыз  ету  туралы 
шешiмнiң нәтижесiнде, желтоқсанның бас кезiнде қорғасын өндiрiле бастады. Ақтөбеде, 
Перовскiде,  Верныйда,  Қапалда,  Гавриловское  (Талдықорған)  селосында  қару 
жөндейтiн,  оқ-дәрi  өңдейтiн,  киiм  тiгетiн,  көлiк  әбзелдерi  мен  ер-тұрман  жасайтын 
шеберханалар  жабдықталды.  Верныйдағы  реквизицияланған шұға фабрикасы тек 1919 


 
140 
жылдың I жартысында әскер үшiн 47 мың кездей шинельдiк шұға тоқыды; қаладағы 7 
былғары зауыты жылына 24 мың iрi былғары берiп тұрды.  
 
Cолтүстiк Жетiсу майданының әскерлерiне қажеттi аттар мал өсiретiн өнеркәсiп 
иелерiнен  тіркіленiп  алынды.  Бөкей  облысында  Царицын  майданының  мұқтаждары 
үшiн 1918 жылы тамызда 500 түйе, ал қазанда 1000 жылқы мен 500 түйе сатып алынды. 
Осы облыста әскердi етпен жабдықтау үшiн тек 1919 жылдың қаңтарында қазақтардан 
5000 iрi  қара мен 40 000 қой “Кеңестер шешiмiмен” деген сылтаумен тартып алынды. 
 
Қазақстан территориясы арқылы өтетiн негiзгi темiр жол магистралы - Орынбор-
Ташкент жолында әскери коммунизм саясаты кезiнде 1918 жылғы  22 шiлдеде төтенше 
соғыс  жағдайы  енгiзiлдi.  Майданға  жүк,  ал  Ташкентке,  Шымкентке,  Қазалыға  және 
басқа  елдi  мекендерге  астық  тасуды қамтамасыз ету үшiн темiржолшылар жолдарды 
қалпына  келтiретiн  жөндеу  топтарын  құрды.  Олар  әскер  үшiн  бiрнеше  бронепоезды 
мезгiлiнде iске қосуға, кiрiс жолдарын дұрыс ұстауға қатал бақылау енгiзiлдi.  
 
Соғыстың  аса  қиын  жағдайларында  “әскери  коммунизм  ”  талабын  орындау 
желеуiмен большевиктер партиясы мен Кеңестер ауылдағы жағдайға- мұндағы өндiргiш 
күштердi сақтау, аграрлық мәселелердi шешу т.б. аса көңiл бөлдi. Иемденушi топтардың 
жаппай  егiндiк  және  жайылымдық  жерлерi,  шабындықтары,  құрал-саймандары, 
жемшөбi, астығы мен малы күшпен алынды.  
 
Қоныс  аударып  келгендердiң  селосы  мен  қазақ  ауылында  жаңа  әлеуметтiк 
құрылым орнатыла бастады. Қазақстанның бiрқатар уездерiнде ауыл шаруашылығында 
социалистiк қатынастарға негiзделген алғашқы ошақтар құрылды. 1918 жылғы шiлдеде 
де Верный Кеңес үкiметiнiң күшiмен Жетiсуда “Новая эра” коммунасы құрылды. Одан 
кейiн  осы  өңiрде  “Заря”,  Карл  Маркс  атындағы,  “Единение”  коммуналары  құрылды. 
1919 жылдың бас кезiнде облыстағы жүзден астам коммуналар мен артельдерге 4 мыңға 
жуық  шаруалар  күштеп  тартылды. Бөкей облысында сол кездегi 19 кооперативтiк жер 
бiрлестiгiнiң  11-не  қазақтардың  басым  көпшілігі  күштеп  бiрiктiрiлген  болатын. 
Шаруалар  мен  иемденушiлердiң  арасын  алшақтатып,  бiрiне-бiрiн  қайшы  қою  саясаты 
басқа өңiрлерде де өктемдiкпен таратылды.  
 
Сайып  келгенде,  әскери  коммунизм  саясаты  кезiнде  қазақ  жерi  жаңа,  әрi  көп 
қиыншылықтар  әкелген  саяси-экономикалық,  әлеуметтiк  құбылыстарға  толы  болды. 
Осы  кезде  болашақ  Кеңес  тоталитарлық  басқару  жүйесi  құрылым  негiзiнiң  алғашқы 
тiректерi қалана бастады. 
 
4.  Жұмысшы-Шаруа  Қорғаныс  Кеңесi  1920  жылдың  2  қаңтарындағы 
губерниялық  және  уездiк революциялық комитеттердi тарату және бүкiл өкiмет билiгiн 
Кеңестердiң  қолына  шоғырландыру  туралы  қаулысына  сәйкес  Қазақ  өлкесiнде  де 
революциялық  комитеттердiң  орнын  Кеңестер  ала    бастады.  Осы  мiндеттi  түсiндiру 
және  оған  халықты  қалайда  көндiру  мақсатымен  1920  жылдың  бiрiншi  жартысында 
бүкiл  Қазақстан  бойынша  қазақ  халқы  өкiлдерiнiң  уездiк  съездерi  өткiзiлдi.  Мысалы, 
Семей  уезiндегi  қазақ  халқы  өкiлдерiнiң  съезiне  90  делегат  қатысты.  Адайлардың, 
табындардың және олармен бiрге көшiп жүрген басқа да қазақ руларының 1920 жылғы 
11-15 маусымда Маңғыстау уезiнде Бозащы болысының Буракөл деген жерiнде өткен 1-
шi Кеңестiк делегаттық съезiне Маңғыстау мен Темiр уездерiнен және Түркiстан АКСР -
iнiң  Закаспий  облысындағы  Красноводск  уезiнен  қазақ халқының мыңға тарта өкiлдерi 
қатысты. 
 
Революциялық  комитеттерден  Кеңестерге  көшу  ең  алдымен  Орал  облысында 
басталды.  1920  жылғы  қаңтардың  бас  кезiнде  Орал  уезiнiң  22  болыстық,  станицалық, 
ауылдық және селолық Кеңестерi сайлауы өтiп, болыстық Кеңестердiң құрамына 101, ал 
ауылдық Кеңестерге 396 депутат сайланды. 1920 жылдың шiлдесiнде Ақмола, Атбасар, 
Көкшетау  және  Петропавл  уездерiнiң  көп  жерiнде  селолық,  ауылдық  және  болыстық 
Кеңестер  сайланды.  Сол  кезден  бастап-ақ  большевиктер  партиясы  демократия  мен 
теңдiк  идеяларын  сылтау  етiп,  Кеңестер  құрамының  басым  көпшiлiгiне  тек  қана  өз 
партиясының  мүшелерiн  сайлау  талабын  ашық  қойды.  Негiзiнен  1920  жылғы  жаздың 
аяғына қарай жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк өкiмет органдарының бiрыңғай жүйесiне 
көшу  аяқталды.  Революциялық  комитеттер  төтенше  органдар  ретiнде  өз  мiндеттерiн 
атқарғаннан  кейiн  орнын  конституциялық  органдарға  -  Кеңестерге  бердi.  Ерекше  
жағдайға байланысты  Адай уезiнде және Жетiсуда революциялық комитеттер сақталып 
қалды.  Қоғамдағы  Кеңестер  рөлiн  өктемдiкпен  күшейтумен  қатар  большевиктер 


 
141 
партиясы ұйымдастыру және саяси билiктi өз қолына алуды да назардан тыс қалдырған 
жоқ.  Осы  тарихи  оқиғалардың бәрi қазақ жерiнде мемлекеттiк құрылыстыңң орнауына 
негiзгi  себепкер болды. 
 
Кеңестiк Қазақ мемлекетiнiң қалыптасуы мен нығаю мәселесi РКП(б) Орталық 
Комитетiнде,  Саяси  бюроның  мәжiлiстерiнде,  Бүкiлресейлiк Орталық Атқару Комитетi 
мен Халық Комиссарлары кеңестерiнде талқыланды. 1920 жылғы 25 тамызда Облыстық 
бюроның  және  Қырғыз  революциялық  комитетiнiң  төрағасы  болып  В.А.Радусь-
Зенькович  тағайындалды,  ал  осы  жылы  бұл  өңiрге  ұйымдастырушылық  және  мол 
тәжiрибесi  бар  жүзге  тарта  қызметкерлер  жiберiлдi.  1920  жылғы  26  тамызда 
“Автономиялы Қырғыз (қазақ) Социалистiк Кеңес Республикасын құру туралы” тарихи 
декрет  қабылданды.  Онда  ”Ресейдiң  бiр  бөлегi  ретiнде  Автономиялы  Қырғыз 
Социалистiк  Кеңестiк Республикасы құрылсын” деп жазылған болатын. 
 
Қазақ  республикасына  (1917  жылға  дейiнгi  әкiмшiлiк  шекараларда)  Семей, 
Ақмола,  Торғай  және  Орал  губерниялары,  Маңғыстау  уезi,  Закаспий  облысының 
Красноводск  уезiндегi  4-шi  және  5-шi  Адай  болыстық,  Астрахань  губерниясындағы 
Синемор  болыстығы,  Бөкей  ордасы  (Бөкей  даласы),  1-шi  және  2-шi  Приморье 
округтарына  шектес,  қазақтар  қоныстанған  бұрынғы  қазыналық  оброктық  жерлердiң 
территориясы  кiрдi.  1920  жылғы  22  қыркүйекте  Бүкiлресейлiк  Орталық  Атқару 
Комитетiнiң  жаңа  декретi  бойынша  КАКСР-iнiң  құрамына  Орынбор  губерниясы 
қосымша енгiзiлiп,  ал Орынбор қаласы республиканың  астанасы болды. Декретте былай 
деп  көрсетiлдi:  ”Қазiр  Түркiстан  республикасының  құрамына  кiретiн  Қырғыз 
территориясын Қырғыз республикасының құрамына енгiзу осы облыстар халқының еркi 
бойынша жүзеге асырылып отыр.”  
 
Қазақстанның  екi  соғыстан  кейiн  күйзелiске  ұшыраған  экономикасы  үшiн 
декреттiң “Қазақ АКСР-i барлық қажеттi қаржы және техникалық құралдармен РСФСР-
дiң қаржысынан жабдықталады” деген бөлiмiнiң  өте-мөте зор маңызы болды.1920 жылы 
4  қазанда  Орынбор  қаласында  В.А.Радусь-Зеньковичтiң  төрағалығымен  ҚАКСР-iнiң 
әлеуметтiк  топ  өкiлдерiнiң  Құрылтай  съезi  ашылды.  Съезге  Қазақстанның  барлық 
облыстарынан  273  делегат  және  Алтай  губерниясы  қазақтарының  атынан  6  делегат 
қатысты.  Делегаттардың  iшiнде  128  қазақ,  127  орыс,  басқа  ұлттардың  18  өкiлi,  197 
большевиктер партиясының мүшесi және 4 тiлектес болды. 
 
Кеңестердiң  Құрылтай  съезi  қабылдаған  “Қырғыз  (Қазақ)  АКСР-i  еңбекшiлерi 
праволарының  Декларациясы”  оның  аса  маңызды  тарихи  актiсi  болды.  Онда  Қазақ 
ұлттық  кеңес  мемлекетiн,  РСФСР-ге  бiрiккен  Кеңестiк  республикалардың  ерiктi 
федерациясына  (одағына)  автономия  ретiнде  кiретiн  қазақ  халқының  түрлi  әлеуметтiк 
топтарының депутаттары республикасын құрудың негiзгi принциптерi  белгiлендi.   
 
Декларация  Кеңестердiң  таптық  мәнiн  белгiлеп,  оны  “Бүкiл  өкiмет-заң 
шығарушы,  атқарушы  және  бақылаушы  өкiмет-бүтiндей  және  тек  қана  еңбекшi 
халықтың қолында болуға тиiс”,- деп анықтады. Кеңес үкiметiнiң Қазақстандағы негiзгi 
мiндетi  “адамды  адамның  қанауын  және  қоғамның  таптарға  бөлiнуiн  толық  жою”, 
“қоғамның социалистiк  ұйымын орнату” деп жарияланды. 
 
Декларация  ұлттық  езгi  мен  құлдыққа  қарсы  үзiлдi-кесiлдi  кереғарлығын 
жариялап,  Кеңес өкiметi жариялаған халықтардың тең құқылығы, өзара сенiмге, барша 
еңбекшi-халықтың  таптық  мүдделерiнiң  ортақтығын  түсiнуге  негiзделген,  олардың 
тығыз  топтасу  және  туысқандық  ынтымақтасу  принципiн  жария  еттi.  Декларация 
азаматтардың құқыларын: Кеңестердi сайлау және сайлану құқын, нәсiлдiк және ұлттық 
тегiне  қарамастан,  барлық  азаматтардың  тең  құқылығын,  әйелдердiң  тең  құқылығын, 
сөз, жиналыс, баспасөз, ұждан бостандығын қуаттап, баянды еттi. Азаматтардың бейбiт 
жағдайда  еңбек  ету,  ал  соғыс  болған  жағдайда  Отанды  қолына  қару  ұстап  қорғау 
мiндеттерi де белгiлендi. 
 
Кеңестердiң  Құрылтай  съезi  жер  мәселесi  жөнiнде,  экономикалық  құрылыс 
туралы,  халыққа  бiлiм  беру,  денсаулық  сақтау  туралы  шешiмдер  шығарды.  Бұл 
шешiмдер  билеушi  партия  жетекшiлерiнiң  пайымдауынша  қоғамдағы  әлеуметтiк 
топтардың  ара-қатынасын  нығайтып,  жалпы  халықтардың  достығын  қалыптастыру 
делiнген.  
 
12  қазанда  Кеңестердiң  Құрылтай  съезi  құрамында  76  мүшемен  25  үмiткер 
болған  Қазақ  АКСР  Орталық  Атқару  Комитетiн  сайлады.Комитет  құрамына 


 
142 
А.Д.Авдеев,  Ә.  Әйтиев,  И.А.  Акулов,  А.М.Әлiбеков,  С.Д.Арғыншиев, Ә.Т.Жангелдин, 
И.Ф.Киселев, 
Г.А.Коростелев, 
С.Меңдешев, 
В.А.Радусь-Зенькович,М.Т.Ряхов, 
С.Сейфуллин,  П.Я.Струппе  және  басқалар  кiрдi.Орталық  Атқару  Комитетiнiң 
Президиумында  10  мүше  мен  5  үмiткер  болды:  С.Меңдешев  (төраға),  В.А  Радусь-
Зенькович,  Ә.Жангелдин,  С.  Сейфуллин,  И.Ф.Киселев  ж.б.  Орталық  Атқару  Комитетi 
республиканың  Халық Комиссарлары Кеңесiн құрды, оның  төрағасы болып В.А.Радусь-
Зенькович сайланды. Уақытша басқару органы болған Қырғыз революциялық комитетi 
өзiнiң  барлық өкiлеттiлiктерiн  Қазақ АКСР-iнiң үкiметiне бердi.  
 
Он үшiншi  дәрiс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет