Қазақстан тарихы


ХХ ғасырдың 20-30 жж. саяси – экономикалық



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
ХХ ғасырдың 20-30 жж. саяси – экономикалық 
 және әлеуметтiк өзгерiстер. 
 
Ж о с п а р ы. 
 
 
1. Жаңа экономикалық саясат және оның жүзеге асуы. 
 
2. Жер-су реформасы және оның нәтижелерi. 
 
3. Қазақстандағы ауыр өндiрiс негiзiн қалыптастыру  
               шаралары. Индустрияландыру саясаты: нәтижелері 
               мен салдары. 
 
4. Қазақ шаруаларын ұжымдастыру саясаты: тәжiрибе, проблемалары, салдары. 
 
5. Елде бір ортадан қатал әдіспен билеу жүйесiнің орнап  нығаюы.  
               Мәдениет саласындағы  өзгерістер мен жаңалықтар. 
 
Семинар жоспары: 
 
1.  
Социалистiк  қоғамды құрудың нәтижелерi: жетiстiктерi мен зардаптары. 
2.  
Социалистiк  құрылым  жүйесiнiң  теориялық  концепциясы  және  жаңа  экономикалық 
саясат. 
3.  
Елдiң  саяси  басшылық  орындарындағы  лениндiк  көзқарастағы  кадрлардың 
аластатылуы. 
 
Реферат  тақырыптары: 
 
1.  
Қазақстанды индустрияландыруға бет алу. 
2.  
ЖЭС-тiң мағынасы және оны тоқтату себептерi. 
3.  
БК/б/П ХV cъезi және ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бет алу. 
4.  
Сталиндiк тоталитаризмнiң  тереңдеп нығаюы. Троцкишiлердiң  жазалануы. 
5.  
Қазақ КСР-ның территориясын қалыптастыру. 
6.  
Ф. Голощекин  билiгiнiң  зардаптары. 
7.  
Жеке адамның өкiмет билiгi, оның бiздiң  елiмiзде орнығуы.  
8.  
Қазақстандағы  жастар  қозғалысының  жетекшiлерi:  Ғани  Мұратбаев,  Мырзабек 
Тiлепов,  Федор Рузнев, Қайсар Таштитов, т.б. 
9.  
Қоғам өмiрiндегi демократияны тежеу. 
10. 
Әйелдер  қозғалысы,  оның  жетекшiлерi  /А.Оразбаева.  Ш.Иманбаева,  Н.Арынова, 
П.Құлжанова, т.б./. 
11. 
1929  жылы Қазақстан астанасының Алматыға көшiрiлуi. 
 
СӨЖ сауалдары: 
 
1.  
Елдi  индустрияландыру  барысындағы  партияның  iшкi  күресiнiң сипаты мен әдiстерi 
қандай едi? 
2.  
Шаруаларды ұжымдастырудың басқа немесе әртүрлi жолдары болды ма? 
3.  
Голощекиннiң  солақай басшылығын қалай сипаттайсыз? 
4.  
Бiздiң елiмiздегi мәдени құрылыстың ерекшiлiгi  неде? 
5.  
ЖЭС-тi тоқтатудың себептерi қандай? 
6.  
Сталиннiң  билiгiне  шек қою үшiн партия iшiнде  күрес болды ма? 


 
143 
7.  
Жастар қозғалысының жетекшiлерiн ата. 
8.  
Әйелдер қозғалысының жетекшiлерi кiм болды? 
9.  
Қазақ АКСР-дiң жерлерiн калай бiрiктiрдi? 
 
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 4-томы. -Алма-Ата, 1982. 
2.  
Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 2-том.-Алма-Ата, 1949. 
3.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
4.  
Қазақ Советтiк Социалистiк  Республикасы. Энциклопедиялық  анықтама. 
       Алма-Ата, 1980.  
    5. Қозыбаев М.Қ., Голощекин және Қазақстан. Сталин және Қазақстан. 
6.  Қараңыз: “Ақтаңдақтар“ ақиқаты“. Алма-Ата, 1992. 
7.  Қойгельдиев М. Алаш қозғалысы. Алма-Ата, 1995. 
8.  А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
9.  Абдоллаев  Н.А.,  Исмағұлов  Ұ.Ш.  Қазақстан  тарихы:  дәрістер.  Қ.Жұбанов 
атындағы АкМУ. Ақтөбе, 2003. 
10.  Абдоллаев  Н.А.,  Орамах  Ж.О.  Қазақстан  тарихы:  дәрістер.  Қ.Жұбанов 
атындағыАкМУ. Ақтөбе, 2004.  
11.  История Казахстана: белые пятна. Сб. статей.-Алма-Ата., 1991. 
12.  Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период /1921-
1925 гг./-Алма-Ата., 1962. 
13.  Дахшлейгер  Ф.  Социально-экономические  преобразования  в  ауле  и  деревне 
Казахстана,Алма-Ата., 1965. 
14.  История индустриализации  Казахской ССР.-Алма-Ата., 1967. 
15.  Данилов В.П. и др. НЭП и его судьба. В кн.: Историки спорят.-М.., 1989. 
16.  Ленинская концепция  социализма.-М., 1991. 
17.  Бордюгов Г.А., Козлов В.А. История и коньюнктура.-М., 1992. 
18.  Н.Верт История Советского государства.”Прогресс-Академия 
19.  История России (IX-XXвв.) Санкт-Петербург, “Нева”,1997. 
20.  Эдвард Карр. История Советской России. кн.2, М.,”Прогресс”, 1990. 
 
 
1. Азамат соғысы аяқталғаннан кейiн өлкедегi жалпы жағдай Кеңес мемлекетiнiң 
орталық  аудандарымен  салыстарғанда  өте  ауыр  болды.  Бейбiт  құрылысқа  көшудiң 
шаруашылық  және  саяси  қиындықтары  өте  күрделi  болды.  1920  жылдың  аяғында 
Қазақстанда  4,7  миллион  адам  тұрды,  оның  iшiнде  қазақтар  50,3,  орыстар-31,1, 
украиндар  14,4  процент  құрады.  Халықтың  басым көпшiлiгi ауылдық жерлерде тұрды. 
Егiншiлiкте  жердi  бiраз  тыңайтып  алып  қайта  жырту жүйесi, ал мал шаруашылығында 
көшпелi  және  жартылай  көшпелi  шаруашылық  басым  болған.  Егiстiң  көлемi  азамат 
соғысы  жылдарында  едәуiр  кемiп,  астықтың  жалпы  түсiмi  үш  есеге  жуық  азайды. 
Бұндай кему басқа да шаруашылықта болды. Мысалы, мал саны елеулi түрде қысқарып, 
осы жылдары 10,8 млн. басқа қысқарды. 1914-1922 жж. iрi қара мал саны 2,1 миллионға, 
жылқы-2  млн-ға,  қой-ешкi  6,5  млн-дай,  түйе-0,3  млн-ға  азайған.  Осының  бәрi  қазақ 
жерiндегi ХХ ғасырдағы үлкен апат  - бұрын-соңды болмаған ашаршылыққа соқтырды. 
1921-1922  жж.  ресми  статистикалық  мәлiметтер бойынша елiмiзде 2,3 млн. адам оның 
iшiнде:  Орынбор  губернiсiнде  445  мың  адам,  Қостанай  губернiсiнде  225  мың  адам, 
Оралда-400  мың,  Ақтөбеде-360  мың,  Бөкей  губернiсiнде-100  адам  аштық  азабын 
тартқан.  Бұл  қатерлi  қасiрет  1,1  млн.  жуық  қазақтың  елiн,  ата-тегiнiң  қонысын тастап 
бет алдына көшiп кетуге мәжбүр еттi.  
 
Әлеуметтiк-экономикалық  мәселелердiң  тұғырыққа  тiрелуiмен  қатар  саяси 
өктемдiлiк  жаңа  бағыт  алған  мемлекеттiк  құрылымға  керi әсерiн тигiздi. Мемлекеттiк 
күштеу  саясаты  ауыл  халқының  наразылығын  туғызып,  елде  толқу  ошақтары  пайда 
болды.  Кейбiр  жерде  үкiметке  қолданған  әкiмшiлiктiң  шаралары  шаруаларды  қарулы 
қарсылыққа  дейiн  апарды.  Мысалы, 1920 жылы Семей облысының орта және дәулеттi 
шаруаларының  едәуiр  тобы  мемлекетке  қарсы  көтерiлiп,  өздерiнiң  талаптарын  ашық 
жариялады.  Бұндай  толқу-көтерiлiстер  1921  жылы  Батыс  Қазақстанда,  Ақмолада, 
Петропавлда, Көкшетау, Маңғыстауда да өттi. 


 
144 
 
Елде орын алған жағдай өлкедегi экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы 
сыңайын  танытқандай  болды.  Бүкiл  Кеңес  мемлекетiнде  сияқты,  қазақ  жерiнде  де 
шаруашылық  құрылымы  мен  оны  басқару  саясатының  жаңа әдiсiне (принципiне) көшу 
қажеттiгi  айқын  көрiндi,  оның  негiзгi  арқауы  -  тауар-ақша  қатынастарының  қажеттiлiгi 
болатын.  Әскери  коммунизм  саясаты  жаңа  қоғамдық  құрылым  орнатудың  неғұрлым 
таяз  түсiнiгi  екенiн  өмiрдiң  өзi  анықтады.  Азық-түлiктi күштеп алу, iрi, орта және ұсақ 
кәсiпорындарды  қоғамдастыру,  сауда-сатыққа,  рыноққа  тиым  салу,  ақша  айналымын 
тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болмайтындығына бұл саясаттың алғашқы 
екi  жылы  анық  көрсеттi.  Билеушi  партия  жетекшiлерi  әскери  коммунизм  саясатын 
шұғыл  өзгерту  қажеттiлiгiне  көздерi  жеткендей  болып,  оны  жаңа  экономикалық 
саясатпен, төтенше жағдайда енгiзiлген салғыртты салықпен ауыстыруға бағыт алады. 
 
Елiмiзде  жаңа  экономикалық  саясатты  (ЖЭС-НЭП)  iске  асыру  1921-1923 
жылдарда Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетiнiң азық-түлiк салығына көшу туралы 
шешiмi  негiзiнде  жүргiзiлдi.  Салықтың  мөлшерi  салғыртқа  қарағанда  аз  болды  және 
өндiрушiлерде  ендi  артық  өнiмiн өз бетiмен рынокқа шығаруға мүмкiндiгi туып, оларда 
ынта  туғызатыны  көзделдi.  Мәселен, 1920 жылы Жетiсу мен Сырдария облыстарында 
астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт дәндi дақыл жиналса, 1921 жылы салық арқылы 
шаруалардан  жиналған  астық  6  млн  пұттан  асқан  жоқ.  Шаруалардан  алынатын  ауыл 
шаруашылығы  өнiмдерiнiң  мөлшерiн  салықпен  шектеу  ауыл-селолардың  қалалармен 
байланысын  нығайтуға  жол  ашты.  Бұл  тұста  шаруалар  басы  артық  өнiмдерiн  қалаға 
апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкiндi алды.  
 
Уақыт  өткен сайын жаңа қатынасқа шаруалар мен жалпы өндiрушiлердiң сенiмi 
тереңдей түстi. Бұл тұста Кеңестердiң өлкедегi шараларын нығайтуға байланысты бiраз 
саяси-ұйымдастыру  жұмыстары  жүргiзiлдi.  1921  жылы  уездер  мен  губернияларда 
Кеңестер  съезi  болып  өттi.  Алайда,  Қазақстандағы  Кеңестер  құрылысында  бiрқатар 
қиыншылықтар  мен  кемшiлiктер  кездестi.  Кейбiр  жерде  белсендiлер  жаңа 
экономикалық  саясаттың  мәнiн  түсiнбедi,  бұрынғысынша  әскери  коммунизм  әдiстерiн 
қолданды.  Кеңестер  құрамына  жаңа  саясатты  енгiзуге қарсы, iштен бүлдiру әрекетiне 
бейiм  адамдардың  кiрiп,  керi  үгiт  жүргiзу  көрiнiстерi  де  көп  болды.  Дегенмен, 
кеңестердi  құрып  нығайту  жұмыстары  мақсатты  жүргiзiлдi.  Оған  белсене  қатысқан 
Қазақ  КАСР  Комитетiнiң  тұңғыш  төрағасы  С.  Меңдешев,  орынбасары Ә. Жангелдин, 
ҚАСР  iшкi  iстер  халық  комиссары  Ә.  Әйтиев  және  басқалары  Кеңестердiң жұмысын 
жандандыруға елеулi еңбек сiңiрдi.     
 
Билеушi  партияның  (РК/б/П)  Х  съезi  (1921  ж.  наурыз)  шаруашылық  мүддесiн 
iске қосудың пәрмендi жүйесiн жасау, азық-түлiк салымынан азық-түлiк салығына көшу 
туралы шешiм қабылдады. Iлкi әзiрде бұл шара жаңа экономикалық саясат шеңберiнде 
жүзеге  асырылғанымен,  жаңа  реформалық  кешенiн  түгел  қамти  алмады.  Салық 
саясатында  шаруашылық  саласындағы  белсендiлiкке  жаңа  серпiн  берген  аса  мәндi 
өзгерiстермен бiрге, қаржыда, несиеде, ақша шаруасында, арендалық қатынастың басқа 
да бiрқатар көрiнiстерiнде пәрмендi  шаралар жасалды. 
 
1921  жылғы  4-10  қазанда  өткен  Қазақ  АКСР  Кеңестерiнiң  II  съезi 
республиканың  өмiр  сүрген  алғашқы  жыл  iшiндегi  мемлекеттiк  және  шаруашылық 
құрылыстың  қорытындыларын  шығарды.  Оның  жұмысының    басты  мақсаты  -  жаңа 
экономикалық  саясат  жолында  ел  iшiндегi  этностар  арасындағы  қарым-қатынасқа 
талдау  жасап,  оны түсiнушiлiк, достастық жолымен дамыту бағыттарын белгiлеп беру 
едi. 1921 жылы жазда Бүкiлорталық Ресейдегi сияқты Қазақстанда да ғасырдың қатерi 
стихиялық  апатқа  -  аптапты  қуаңшылыққа  ұшырады.  Орал,  Орынбор,  Ақтөбе,  Бөкей 
және  Қостанай  губернияларындағы  егiстiң  көбi  күйiп  кеттi.  Малға  азық  болмай  оның 
бiразы  қырылды.  Егiннiң  шықпауы  тек  қана  қуаңшылықтан  емес,  сонымен  бiрге  ауыл 
шаруашылығының  жалпы  артта  қалушылығы  мен  экстенсивтiгi  салдарынан,  мұның 
үстiне шет ел басқыншылығы мен қоғамдағы азамат қарсыластығының зардабы және 
билеушi  саяси күштер мен мемлекет басшыларының оралымсыз бағытынан болды. 
 
Қазақстанда  ашаршылық көлемi зор болды. 1921 жылы қыркүйекте жүргiзiлген 
толық  емес  есеп  бойынша  8,4  млн.  десятина  жалпы  егiс  көлемiнiң  2,1  млн. 
десятинасында егiн көктемей қалды, ал қалған алқапта өнiм өте-мөте төмен болды. Жүз 
мыңдаған  адамдар  ашаршылыққа ұшырады, ал көшпелi қазақтар үшiн қуаңшылық өте 
қатты  соққы  болып  тидi.  Бейбiт  халыққа  озбырлық  жасап, азақ-түлiк және тұқымдық 


 
145 
қоймаларын тонаған жаңа үкiметке қарсы топтармен бiрге осы кезде олардың қатарына 
ағымды жағдайға наразылық бiлдiрген жәй азаматтар да қосылды.  
 
Ашаршылыққа қарсы мемлекет пен билеушi саяси күштер өздерiнше әрекеттер 
ұйымдастырды. Осы жылдары Қазақстанға Ресейден 4,5 млн. пұт астық, 183 мың пұт 
картоп  келдi.  Қазақстан  шаруалары  тек  1922  жылы  егiс  көлемiнiң  60  процентiнен 
астамына  тұқымды  Ресейден  алып  септi.  Елге  ондаған  дәрiгерлiк-  тамақтандыру 
отрядтары келдi. Бұндай қамқорлық Кеңес мемлекетiнiң әр халықтар арасында кеңiнен 
тарады.  Мысалы,  Қазақстанға  Түркiстан  және  Украина  көп  көмектестi.  Түркiстан 
республикасы  1921-1922  жылдары  қазақ  елiне  2  млн-ға  т.  жуық  астық  бөлдi.  Түрлi 
мемлекеттiк, қоғамдық қамқорлық шараларына қарамастан Қазақстан республикасының 
жалпы әлеуметтiк-экономикалық жағдайы, соның iшiнде шаруалар күйi өте ауыр болып 
қала бердi. 
 
2. XX ғасырдың 20-жылдарында Қазақстанда жер реформасы елдегi әлеуметтiк 
топтардың  арасын  нығайтуда  орасан  зор  рөл  атқарды.  Ресей  патша  үкiметi  кезiндегi 
отаршылдық  саясат  нәтижесiнде  жердi  жаппай  және  жөнсiз  тартып  алуы  шаруаға 
қажеттi  жерлердiң  көлемiн  күрт тарылтты, жер пайдалану шекаралары ауысты, малды 
жая  жүрiп  көшетiн  және  суға  жететiн  жолдар  жабылып  қалды.  Көшпелi  қазақтардың 
үлкен-үлкен  топтарының  пайдаланып  отырған  үлкен  шүйгiн  жайылымдары,  ал 
отырықшы аудандарда - суармалы жерлер мен оның құбырлары тартылып алынды. 
 
Әсiресе  жаңа  үстемдiк  саясаттың  зардаптары  Жетiсу,  Сiбiр  және  Орал  казак 
әскерлерiне  алып  берген  өңiрлерiнде  ерекше  ауыр  болды.  Жайылымдарды, 
шабындықтар  мен  егiс  алқаптарын,  қыстауларды  пайдаланғаны  үшiн  жергiлiктi  халық 
көп  жалдама  ақы  төледi,  егiн  алқаптарында  еңбек  етiп,  қазақ  ұлықтарының  малын 
бақты,  астықтың  недәуiр  бөлiгiн  сыйға  бердi.  Гурьев  (Атырау)  уезiнiң  Еспол  және 
Сiмбiртi  болыстарының  тұрғындары  1921  жылы  ҚАКСР  Жер  Халық Комиссариатына 
өтiнiш  жолдап,  онда  Кеңес  өкiметiнiң  орнауы  қарсаңында  “бiзге  егiншiлiк  пен  шөп 
шабуға  ғана  емес,  тiптi  жайылым  үшiн  де  жарамсыз  кiлең  сортаң жерлер қалды” деп 
жазған. Ертiс пен Жайық бойындағы, Жетiсудағы басқа аудандарда да жағдай осындай 
болды.  
 
Кеңес  үкiметiнiң  алғашқы  жер  реформасы  саласындағы  шаралар  негiзiнен 
жалдамалы  ақы  мен  жердi  пайдаланғаны  үшiн  еңбекпен  өтеудi  заң  жүзiнде  жойып 
қазақтарға  жер  құқын  бердi.  Алайда  азамат  соғысы  және  одан  кейiнгi  жылдарда 
көптеген  жерлерде  бұрынғы  ауылдағы  үстем  топтар  жердi  пайдаланудағы 
шиеленiсушiлiктi  барынша пайдаланып, жалдама ақысын одан әрi ала беруге тырысты. 
1920  жылдың  аяғында  ҚАКСР  Орталық  Атқару  Комитетi  жанынан  жер  комиссиясы 
құрылып, ол 1921 жылдың басында жарияланған Үкiметтiң жердi ұлттандыру Декретiне 
сәйкес, бүкiл жердi мемлекеттiк қор деп жариялады да, жердi өз бетiмен алу, сатып алу 
және жалдау атаулыға тыйым салды. 
 
1921  жылдың  ақпан  -  сәуiр айларында жер реформасына байланысты қосымша 
қабылданған  мемлекеттiк  құжаттар,  қазақ  шаруаларына  дәстүрлi  ата-тегiнен  қалған 
тиесiлi  жерлердi  өздерiне  қайтаруға  негiз  болды.  Осы  жылы  жазда  Жайықтың  сол 
жағалауындағы  жерлер  межелеп  бөлiнiп,  қазақтарға  қолайлы  жайылымдар  тидi.  1922 
жылы Орал губерниясының  қазақ тұрғындары барлығы 208 мыңнан астам десятина жер 
алды.  Семей  губерниясында  әскер қорының жерлерi қазақтардың пайдалануына көштi, 
межелеп  бөлуге  184  мың  десятина  жер  әзiрлендi.  Ақмола  губерниясында  Ертiс 
бойындағы  он  шақырымдық  алқапқа  1922 жылдың шiлдесiне дейiн 35 iрi қоныс аудару 
учаскесiне  350  қазақ  шаруашылығы  -  бұрынғы  жалдаушылар  мен  бақташылар  көштi. 
Көкшетау уезiнде барлық бос жер қорын Кеңестер қазақтарға бердi. 
 
1921  жылы  Жер-су  реформасы  Түркiстанның  көптеген  аудандарында,  оның 
iшiнде  Алматы,  Қапал,  Шымкент,  Әулиеата  уездерiнде  жүзеге  аса  бастады.  Осы 
кездерде бұнда қазақ кедейлерi мен жатақтарының тұңғыш бұқаралық ұйымы - Қосшы 
одағы  ұйымдасып,  оның  қызметiнде  бұқараның  өскен  үлесi айқын көрiндi. Оңтүстiкте 
Қосшы  одағын  құруда,  оның  практикалық қызметiнде С. Асфендияров, С. Атабаев, Т. 
Рысқұлов, В. Познер, И. Сольц, Ж. Бәрiбаев, А. Розыбакиев және басқалар көрнектi рөл 
атқарды. 
 
Сөйтiп,  20-шы жылдардың басындағы аграрлық реформалар ондаған мың қазақ 
шаруаларын  жермен  қамтамасыз  еттi,  оларды  кiрiптарлық  тәуелдiлiктен,  жалдамалы 


 
146 
ақысының  ауыртпалықтарынан  құтқарды,  олардың  шаруашылықтарының  бiршама 
аяғына  тұруына  себепкер  болды,  отырықшылыққа  және  егiншiлiкке  көшуiне  жағдай 
туғызды.  Реформалар  қазақ  халқының  iс  жүзiндегi  теңсiздiгiн  жоюға  маңызды  қадам 
болды. 
 
Сонымен  1921-1922  жылдарда  Ресей  империясының  жер мәселесiндегi отарлау 
саясатының  зардапты  мұраларын  жоюға  ұмтылған  Қазақстан  мен  Түркiстандағы 
аграрлық  реформалардың  жергiлiктi халық пен қоныс аударған басқа ұлт өкiлдерi үшiн 
елеулi  маңызы  болды.  Көшпелi  және  жартылай  көшпелi  ауылдардағы  тұрғындардың 
салықтан  босатылып,  жеңiлдiктер  алуына  жол  ашылды.  Мұнымен  бiрге  оларда 
ұжымдастырудың  алғашқы  қарапайым  түрлерi,  сауда-саттық,  жабдықтау,  қарыз 
пайдалану,  кейде  мәдени-ағарту  жұмыстарының  басын  бiрiктiретiн  қарапайым 
кооперативтендiрудi  дамытуға жол салды. 
 
Қазақстанның  ауыл  шаруашылығында  елеулi  өзгерiстер  болды.  Бiрыңғай  ауыл 
шаруашылық  салығы  енгiзiлiп,  оның  жалпы  көлемi  100  мың  сомға  төмендетiлдi.  1925 
жылы 46 мың кедей және әл-ауқаты кем шаруашылықтар мал, құрал-сайман алуға, жер 
жырту  мен  егiс  егуге  қарыз  алды.  1922-1925  жылдар  аралығында  мал  басы  екi  есе 
көбейiп,  26  миллионнан  асты.  Осы  шаралардың  нәтижесiнде  республиканың  ауыл 
шаруашылығында орташаландыру процесi  бой көрсете бастады.  
 
Тұтас  алғанда  республика  бойынша  1925  жылы  қазанда  ауыл  шаруашылық 
кооперациясының  жүйесiнде  332,7  мың  мүшесi  бар  2811  бiрлестiктер  жұмыс  iстедi, 
олардың  iшiнде  62,6  мың  мүшесi  бар  бiр  мың  қазақ  бiрлестiктерi  де  болды.  Cонымен 
қатар  қоныс  аударып  келген  шаруалардың  төрттiң  бiрiнен  артығы  (27,1  пайыз) 
бiрлестiктерге қамтылды. 
 
1922  жылы  Кеңестер  сайлауы  өттi,  Олардың  құрамына  жергiлiктi  ұлттың 
бiршама  өкiлдерi  өттi.  Бөкей,  Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару 
комитетiнiң  сайлауынан  кейiн  депутаттардың  жартысынан  астамы  қазақтар  болды. 
Бұқара  арасында  саяси  жұмыс  жүргiзу  мақсатында  Қызыл  керуен  және жылжымалы 
Қызыл  отау  сияқты  жұмыстың  жаңа түрлерi пайдаланылды. ҚАКСР Орталық Атқару 
Комитетiнiң тұңғыш Қызыл керуенi 1922 ж. Ә. Жанкельдиннiң басқаруымен ел аралауға 
шықты.  9  мамырдан 12 маусымға  дейiн керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 
болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екiбастұз және Спасскi зауытында болды.  
 
1922  жылы  30  желтоқсанда  Мәскеуде  Кеңестердiң  Бүкiлодақтық  Бiрiншi 
съезiнде  Кеңестердiң  Социалистiк  Республикалар  Одағы құрылғанын жариялады. Осы 
құжат бойынша Қазақ АКСР-i Кеңестiк Ресей Федерациясы құрамына кiрдi. Бұл тұста 
республикада  өнеркәсiптi  қалпына  келтiрiп,  өркендету  iсi  өрiс  алды.  Мұнай,  тұз өндiру 
жолға қойылып, жеңiл және тамақ өнеркәсiп орындары қалыптаса бастады. Петропавл-
Көкшетау  темiр  жолы  iске  қосылды.  Орынбор-Ташкент  және  Сiбiр  темiр жолдарында 
жүк айналымы өстi, Жетiсуда темiр жол салу құрылысы тездетiлдi. 
 
Толық  емес  мәлiметтер  бойынша  Қазақстанның  iрi  өнеркәсiбiнде,  қатынас 
саласында,  мемлекеттiк  ауыл  шаруашылық  орындарында  1925  жылы  40  мыңға  жуық 
жұмысшы  мен  қызметшi  болды.  Жалпы  жұмысшылардың  iшiнде  қазақтардың  саны 
артты.  Олардың көбi мұнай өнеркәсiбiнде, кен орындарында-45 процент, тоқымашылар 
iшiнде-30  проценттен  астам  болды.  Республика  өнеркәсiбiндегi  жұмысшылардың 
жалақысы  1921-1925  жылдарда  (салыстырмалы  көрсеткiшпен)  1,5  есе  өсiп,  ал  ауыр 
өнеркәсiптегi  жұмысшылардың жалақысы одан да көп болды. Әлеуметтiк сақтандыру, 
тегiн дәрiгерлiк көмек, еңбектi қорғау жөнiнде мемлекеттiк бақылау жүйелерi құрылды. 
Риддер,  Доссор  т.б.  қалалар  мен  өнеркәсiп  орындарында  мемлекет  есебiнен  тұрғын 
үйлер салына басталды. 
 
1924  жылы  сәуiрде  Кеңестiк  Ресей  үкiметi  Қазақ  АКСР-iнiң  көшпелi  және 
отырықшылыққа  көшкен  халықтарын  жерге  орналастыру  туралы  жарлық  шығарды. 
Жерге  орналастыруға  байланысты  шығынды  мемлекет  өз  мойнына  алды. 
Отырықшыланған шаруаларға салық жөнiнен  бiршама жеңiлдiктер берiлдi. 
 
Орта Азияның Кеңес республикаларын ұлттық  - мемлекеттiк жағынан межелеу 
республика  өмiрiнде  елеулi оқиға болды. Оның нәтижесiнде ендi бұрынғы Жетiсу және 
Сырдария  облыстарының  жерлерi  Қазақ  АКСР-iне  қайтарылды.  Cоның  нәтижесiнде 
Республика жерi 700 мың шаршы шақырымға, ал халық саны-1 млн. 468 724 адамға өстi. 
Қазақстаннан  халқы  негiзiнен  орыстар  болып  табылатын  Орынбор губерниясы бөлiнiп, 


 
147 
республиканың  астанасы  Ақмешiтке  (Қызылорда)  көштi.  ХХ  ғасырдың  осы  тарихи 
оқиғасы - Қазақ жерi мен халқын бiртұтас ұлттық мемлекетке бiрiктiру, ұлтымыз үшiн 
зор әлеуметтiк және экономикалық маңызы бар оқиға болды.  
 
1925  жылы  сәуiрде  Қызылордада  республика  Кеңестерiнiң  V  съездi  өттi.  Ол 
“Ауылға,  қыстаққа  және  деревняға  бет  бұрыңдар”  деген  ұранмен  өтiп,  жерге 
орналастыру  жұмыстарының  келелi  жоспары,  суландыру  құрылысын  дамыту, 
мемлекеттiк  және  кооперативтiк  сауданың  рөлiн  одан  әрi  күшейту,  өндiрiстiк 
серiктестiктердi қолдау, сондай-ақ халықтың байырғы атын мемлекет атауына қайтару 
және  Республиканы  Қазақ  АКСР-i  деп  атау  туралы  мәселелер  қаралып,  қаулы 
қабылдады.  1925  жылы  Кеңестер  сайлауында  ауылдық  кеңестерге  60  мыңға  жуық 
депутат сайланды. 
 
1925  жылы  өлкеде  76  клуб,  72  кiтапхана  мен  қызыл  бұрыштар,  ауылдар  мен 
селоларда 584 оқу үйi, 93 болыстық кiтапхана жұмыс iстедi. Егер республика құрылған 
кезде  үш-ақ  газет  шықса,  ал  1925  жылы  “Еңбекшi  Қазақстан”,  “Народное  хозяйство 
Казахстана”, “Советская степь”, “Қызыл Қазақстан” т.б. сияқты 13 газет пен 5 журнал 
жарық көрдi. 
 
Кәсiподақтардың  қатары  100  мың  адамнан  асты.  1925  жылы  тек  қаңтардан  -
қыркүйекке дейiн оның қатарына мүше болып 20 мыңға жуық еңбекшiлер, соның iшiнде 
6 мыңнан астам қазақтар қабылданды. Осы жылдары жастар бiрлестiктерi қалыптасып, 
өзiнiң қатарына 51 мың жiгiттер мен қыздарды бiрiктiрдi. Жастардың көптеген танымал 
жетекшiлерi арасында С. Жақыпов, Қ. Әмiров, С. Нұрпейiсов, Ф. Рузаев, С. Сафарбеков, 
С.  Тәтiбеков,  А.  Шымболатов  т.б.  болды.  1925  жылы  Қазақстан  жастары  өздерiнiң 
дарынды басшыларының бiрi  Ғани Мұратбаевтан айрылды. Зор қабiлеттi, ғажайып күш-
жiгерi мен еңбегi арқасында ол Түркiстан республикасының, ал кейiннен бүкiл елiмiздiң 
жастар ұйымында басшы қызметте болды. 1921 жылы қыркүйектен бастап Ғ. Мұратбаев 
Түркiстан Комсомолы Орталық Комитетiнiң хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап 
РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болды. 
 
Қазақ әйелдерi қоғамдық-саяси жұмысқа белсене тартылды. 1925 жылы қала мен 
ауылдағы  еңбекшi  әйелдердiң  6,6  мыңы  жергiлiктi  кеңестерге  мүше  болып  сайланды. 
Қазақ  әйелдерiн  басыбайлықтан  құтқаруға  бағытталған  iстер  атқарылды. 
Республикадағы әйелдер қозғалысына Алма Оразбаева, Сара Есова т.б. ұйытқы болды.   
 
3.  Шаруашылық  салаларын  қалпына  келтiрудi  бiршама  деңгейге  жеткiзгеннен 
кейiн,  билеушi  партия  мен  үкiмет  орындары  экономиканы  жаңа  жолмен  құрып,  оның 
iргетасын қалау бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламалық мiндеттi орындаудағы 
шешушi  буын  елдi  индустрияландыру  немесе  бiрiншi  кезекте  барынша  шапшаң 
қарқынмен ауыр өндiрiстiң  негiзiн  жасау болатын. 
 
Бұл  бағдарламаны  орындаудың  өзiне  тән  ерекше  әдiсi  -  iрi  өнеркәсiптi 
қалыптастыру  үшiн  қаржыны  ел  iшiнен  табу  керек  едi.  ¤ндiрiс  құрал-жабдықтарын 
ұлттандыру  (национализациялау),  меншiктi  иемденушiлердiң  тұтынуын  жою,  еңбек 
өнiмдiлiгiн  үздiксiз  арттыру,  iшкi  және  сыртқы  саудадан  түскен  кiрiстi  үнемдеп, 
экономика салаларын жоспарлы түрде дамыту, мемлекеттiк заемдар арқылы халықтың 
жинақ  қорын  мемлекеттiк  экономика  құрылысына  тарту,  қатаң  үнем  тәртiбi  - 
индустрияландыру  үшiн  пайдаланылған  қорлардың  негiзгi  көздерi  осындай  болды. 
Жалпы елдi индустрияландыру әдiсi туралы саяси басшылар арасында үлкен пiкiрталас 
туды,  ал  оның  қорытындысында  елде  Сталиннiң  тоталитарлық  басқару  концепциясы 
басым болып, негiзге алынды.  
 
Қазақстандағы  күрделi  қоғамдық-саяси  жағдай  20-шы  және  30-шы  жылдар 
басында  республиканың  болашағы,  әсiресе  оны  индустрияландырудың,  ұлттық 
жұмысшы  кадрларын  қалыптастырудың  жолдары  жөнiндегi  мәселелердiң  төңiрегiнде 
өткiр  пiкiрталастық  күрес  туғызды.  Негiзгi  күрес  екi  көзқарастың  арасында  өрiстедi. 
Ф.И.  Голощекин  Қазақстан  елдiң  өнеркәсiбi  дамыған  өңiрлерi  үшiн  шикiзат  базасы 
болуға  тиiс  деген  пiкiрдi  жақтады. Саяси қайраткер С. Сәдуақасов оған карсы шығып, 
индустрияландыруды  республиканың  экономикалық  мүмкiндiктерiн,  табиғи  және  адам 
қорларын  ескере  отырып,  ол  үшiн  барынша  пайдалы  тұрғыдан  жүргiзу  қажет  деген 
пiкiрде  болды.  Ол  шет  аймақтарды  жедел  қарқынмен  индустрияландыруды  ұсынды. 
¤неркәсiптiң  сан-салаларын  республикада  жан-жақты  үйлесiмдi  дамытуға  керектi 
шикiзат  пен  басқа  да  алғы  шарттар  бар  және  миллиондаған  кедей  шаруалары  оған 


 
148 
жұмысшы  күшi  бола  алады дедi. Сәдуақасов алып өнеркәсiп орындарына Кеңес елiнiң 
басқа аудандарынан “қолы бос” жұмысшыларды жаппай көшiрiп әкелуге қарсы болған.  
 
Индустрияландыру  басталған  кезде  елiмiздегi  көмiрдiң,  мұнайдың,  түстi 
металдардың және басқа қазба байлықтардың аумақты кенiштерi жаңа зерттеле бастаған 
болатын.  Сондықтан  жаңа  өнеркәсiптiк  және жол қатынасының құрылыстары көбiнесе 
тиiстi  даярлықсыз  жүргiзiлдi.  Мәселен,  даңқты  Түрксiб  Қазан  (1917  ж.)  оқиғаларына 
дейiнгi  жобалар  бойынша  жүргiзiлiп,  құрылыс  жұмыстарының  барысында  жолдың 
оңтүстiк  бөлiгiндегi  Қордай  және  Шоқпар,  ал  солтүстiк  бөлiгiндегi  Балқаш  және Лепсi 
жоспарларын  жақтаушылар  арасында  шиеленiстi  пiкiралыс  өршiдi.  Осындай 
айтыстардың  әрқайсысында  тиiмдi  жобаларға  бiраз  уақыт  пен  көп  қаржы  кеттi. Жаңа 
құрылыстар  жүрiп  жатқан  жерлерде  маман  жұмысшы  күшi,  құрылыс  материалдары, 
техника мен техника құралдары, сондай-ақ ақша қаражаттары және т.б. тапшы болды.  
 
1926-1940  жж.  елiмiздiң  индустриялық  дамуындағы  қалыптасқан  әлеуметтiк-
экономикалық 
жағдайына, 
халықтың 
демографиялық 
сипатына, 
сондай-ақ 
республиканың табиғи байлықтарына және т.б. байланысты өзiнiң ерекшелiктерi болды. 
Осыған қарамай әрбiр республика өзiнiң нақты жағдайына байланысты ауыр өнеркәсiптi 
баса  дамытқан  бүкiлодақтық  индустрияландыру  барысына,  әсiресе  машина  жасау 
өнеркәсiбiне  өз үлестерiн қосты.  
 
Қазақстанның  табиғи  қойнауындағы  құнды  минералдық  элементтердің  жүзге 
жуық  түрлері  мен  олардың  мол  қорының  болуы  өнеркәсіптің  тау-кен саласын, әсiресе, 
оның кен шығару, мұнай, көмiр, түстi металлургия  өндірісінің дамуына негiз болды. Бұл 
салалар  республиканың  индустриялық  бейнесiн,  оның  өнеркәсiбiнiң  шикiзаттық 
бағытын  ұзақ  уақытқа  белгiлеп  бердi.  Риддер  полиметалл,  Қарсақпай  мыс 
комбинаттары,  Ертiс  мыс  қорыту  зауыты  және  басқа  қайта  құрылған  кәсiпорындар 
жергiлiктi  жер  қорларының  базасында  жұмыс  iстедi.  Шымкент  қорғасын  зауыты, 
Балқаш  мыс  қорыту  және  Ащысай  полиметалл  комбинаттары  салынды.  Текелi 
полиметалл  және  Жезқазған  мыс  қорыту  комбинаттары,  ¤скемен  қорғасын-мырыш 
зауыты  ж.б.  алыптардың  құрылысы  жүрiп  жатты  Мұның  көпшiлiгi  кейiн  тек 
республикадағы  ғана  емес,  КСРО-дағы  түрлi-түстi  металлургияның  ең  iрi 
кәсiпорындары есебiнде болды. 
 
Көмiр өнеркәсiбiнiң даму қарқыны өстi, 1940 жылы оның 90 процентi Қарағанды 
аймағында  болды,  ол  Донбасс  пен  Кузбасстан  кейiнгi  елдiң  үшiншi  отын  қорына 
айналды.  Қазақстан  мұнай  шығару  жөнiнде  үшiншi орынға (Ресей мен Әзербайжаннан 
кейiнгi)  шықты.  Химия  өнеркәсiбi  дамып  әсiресе  оңтүстiктегi  Шымкент  химфарм 
зауыты қайта құрылды. 1931 жылы Ақтөбе химкомбинаты қатарға қосылып, ол фосфор 
тыңайтқыштарын  шығара  бастады.  Аралсульфат  бiрлестiгi  жұмыс  iстедi,  Қаратау 
фосфорит кенiшiн  игеруге даярлық жасала бастады. 
 
Осы  жылдары  ауыр  индустрияның  құрамдас  және  шешушi  бөлiгi  -  негiзi 
қалыптаса  бастады.  Iрi  өнеркәсiп  орындарының  салынуына  байланысты  Қарағанды 
ОЭС-i,  Ульба  СЭС-i,  Балқаш мыс балқыту комбинатының, Ақтөбе химкомбинатының, 
Ащысай  полиметалл  комбинатының  және  т.б.  жылу  электр  станциялары  салынды. 
Осыған байланысты электр қуатын өндiру республикада 1913 ж. салыстарғанда 486 есе 
өстi. 
 
Елiмiздi  индустрияландырудың  тағы  бiр  ерекшелiгi  түстi  металлургия,  мұнай 
және  басқада  негiзгi  тау-кен  салаларымен  бiрге  ауыр  өнеркәсiптiң  және  темiр  жол 
қатынасының  бiрiншi  сатыда  дамуы  болды.  1928-1940  жж.  Қазақстанның  темiр  жол 
желiсi 50 процентке өстi. Осы жылдары Түркiстан-Сiбiр арасында темiр жол байланысы 
орнап,  ол  Орталық  Қазақстанның  табиғи  байлықтарын  игеруде  үлкен  рөл  атқарды. 
Рубцовск-Риддер тармағы Шығыс Қазақстанның түстi металлургия саласын дамытуға 
елеулi үлес қосты. Орал-Елек тармағы Қазақстанды оңтүстiк Орал және Ресейдiң басқа 
өнеркәсiбi дамыған аудандарымен байланыстырды. 
 
Қазақстан  индустриясының  жоғарғы  қарқынмен  дамуы  Кеңес  Одағының 
өнеркәсiбi  дамыған  басқа  республикаларының  жан-жақты  көмегiнiң арқасында мүмкiн 
болды.  Бұл  көмек  барынша  кеңiнен  және  сан-алуан  түрде  жүргiзiлдi.  Бiрақ 
Қазақстанның индустриялық дамуындағы қол жеткен ауқымды табыстармен қатар бұл 
аумақты  iсте  елеулi  ағаттықтар  мен  кемшiлiктер  де  орын  алды.  Олардың  негiзгiсi 
республика өнеркәсiбi шикiзатты игеру жағынан баса дамытылғандығы болатын. 


 
149 
 
Республика  индустриясының  құрамында  машина  жасау,  мұнайды,  газды, түстi 
металдарды  өңдейтiн,  әсiресе  машина  жасау жетекшi салалары (станок, өлшегiш және 
болжамдаушы  техника,  автомобиль,  трактор),  ауыл  өндiрiсiне  қажеттi  машиналарын 
жасайтын  кәсiпорындар  жүйесi  сол  кезден  назардан  тыс қалған. Жеңiл өнеркәсiп және 
тұтыну заттарын шығаратын салаларды қалыптастырып дамыту iсi де қолға алынбады.  
 
Сайып  келгенде,  елiмiздiң  20-40-шы  жылдардағы  индустриялық  дамуы  одан 
бұрын қазақ тарихында кездеспеген экономикалық және әлеуметтiк жаңалықтарға толы 
болды.  Олардың  қатарына ең алдымен оның аграрлы елден индустриялы-аграрлы елге 
айналуын,  қалалардың  өсуiн  және  республика  халқының  құрамында  қала  халқы  үлес 
салмағының  көбеюiн,  жұмысшы  табының,  әсiресе  ұлт  кадрларының  қалыптасуын, 
инженер-техникалық 
интеллигенцияның 
дайындалуын, 
сондай-ақ 
халықтың 
құрамындағы  басқа  да  әлеуметтiк-демографиялық  өзгерiстердi  жатқызуға  болады. 
¤неркәсiп  өнiмiнiң  халық  шаруашылығындағы  үлес  салмағы  60  проценттен  асты.  Сол 
жылдары бұл саланы дамытуға 4,6 млрд. сом күрделi қаржы жұмсалды. 
 
Дегенмен,  елiмiздiң  ауыр  өнеркәсiбiн  қалау  ешбiр  кемшiлiксiз  және 
қайшылықсыз  болған  екен  деген  қорытынды  жасауға  болмайды.  Негiзiнде  елдi 
экономикалық  артта қалушылықтан шығару сияқты игi  мақсатпен басталған бұл жұмыс 
әкiмшiл-әмiршiл, 
бұлтартпайтын 
әдiстермен 
жүргiзiлдi. 
Асығып-аптығудың 
нәтижесiнде  жаңа  өндiрiс  орындарын  салу,  өнiм  өндiру  жөнiнде  үстемелеген 
тапсырмалар берiлiп, сондай-ақ оларды бұлжытпай орындау талап етiлдi. Көптеген жаңа 
құрылыстар  қудаланған  адамдардың  қол  күшiмен  көтерiлiп  және  ондай жұмысшылар, 
орта және жоғары буындағы мамандардың қатары үнемi толықтырып отырды.  
 
Индустрияландырудың  барлық  ауыртпалығын  шаруалар  көтердi.  Олар  салық 
төлеу,  заемға  жазылу,  қолда  бар қаржыларын, бағалы бұйымдарын индустрияландыру 
қорына өткiзу арқылы өнеркәсiптiң  дамуына барша мүмкiндiгiмен атсалысты. Шаруалар 
астық,  мал  шаруашылығы  өнiмдерiнiң  басым  көпшiлiгiн  мемлекетке  өткiзу  арқылы 
индустрияландыру  iсiн  барынша  қолдады.  Бұл  саясатқа  қарсы  шыққандар  ұсталып, 
айдалып және туған жерiнен алыстатылып отырды. Мұндай қуғындалғандардың негiзгi 
бөлiгi  ауқатты  шаруалар  болатын.  1927-1928  жылы  ауқатты  кулак  шаруашылықтары 
шаруалар  қожалықтарына  есептелген  ауыл  шаруашылығының  салығының  бүкiл 
мөлшерiнiң  33  процентiн  төледi,  ал  мал  өсiретiн  0,6  процент  iрi  шаруашылықтар  мал 
өсiретiн  аудандар  бойынша  есептелген  салықтық  бүкiл  сомасының  төрттен бiр бөлiгiн 
төледi.  Келесi  1928/29  жылы  салық  төлеу  1927-1928  жылмен  салыстырғанда  салық 
ауыртпалығы  98,8  процентке  артты.  Күштеудiң  бұндай  әдiстерi ауқатты шаруалардың 
наразылығын туғызды.  
 
Кеңес  дәуiрi  мен  дүниежүзiлiк  зерттеушiлерiнiң  ғылыми  еңбектердiң  көбiнде 
Еуразия  аймағындағы  елдердегi  индустрияландыру,  олардың  экономикасын  артта 
қалушылықтан  шығарды  деген  қорытынды  анық  жазылған.  Ал  осы  елдердiң 
еңбекшiлерi  еселенген  күш-жiгермен  еңбек  еттi. ¤ндiрiстегi және еңбектегi белсендiлiк 
бұрын-соңды  болып  көрмеген  жоғары  дәрежеде  дамып,  индустрияландыру  iсiнiң 
табыстарына жетуде қалтқы болды деуге болады.  
 
4.  Қазақ  елiнiң  төл  тарихында  шаруалар арасындағы құбылыстар ерекше орын 
алады.  Cондықтан  елдегi  индустрияландыру  саясатымен  қатар  шаруаларды 
ұжымдастыру саясаты қатар жүргiзiлдi. Әрине оның ел жағдайына, саяси құбылыстарға, 
экономикалық  даму  дәрежесiне  орай  өзiнше  ерекшелiктерi  болды.  Бұл  саясаттың  iске 
асырылуына  шаруалардың  тiлегi  мен  ықыласы  себеп  болған  жоқ,  ол  билеушi  саяси 
орындардың шешiм -қарарлары мен әмiр-нұсқаулар негiзiнде жүргiзiлдi.   
 
Кооперация  индустрияландыру  iсiмен  өзара  байланысты  қаралды.  Қоғамға 
реформа  жасаудың  жаңа  экономикалық  саясаттың  концепциясындағы  бiр  жәйт, 
индустрияландыру да, кооперация да өзiндiк мәнi бар мақсат деп қаралып қана қоймай, 
халықтың  материалдық  әл-ауқаты  мен  мәдени  дәрежесiн  арттыруға  жеткiзетiн 
мүмкiндiк  ретiнде  қаралады,  мұның  өзi  жаңа  қоғам  құрылысының  шешушi  негiзi  деп 
түсiнiлдi. 
 
Бiрақта  20-шы  жылдардың  аяқ  кезiнде  жаңа  экономикалық  ойлау  шеңберiнде 
қалыптасқан  шынайы  бағыт  түбiрiнен  өзгередi.  Индустрияландыру  қам-қарекетiн 
қамтамасыз  ететiн  қорды  жинауды  шаруалар  қауымын  тiкелей  және  жанамалап 
экспроприяциялау  есебiнен  жүргiзу  көзделген  болатын.  Бiрақ  бұл  мемлекет  өндiрiс 


 
150 
құралын  тотальдi  түрде  озбырлықпен    ауыздықтап  алған  кезде  ғана  жүзеге  асар  едi, 
мұны  шаруалардың  аса  қуатты  қарсылығын  тудырған  астық  дайындаудың  күшпен 
жүргiзiлген  әдiсi  айқын  көрсеттi.  Ал  бұл  мақсат  мемлекеттiндiрiлген  колхоз  жүйесiн 
жасау  арқылы  яғни  ұжымдастыруды  жаппай  өткiзу  арқылы iске асырылды, мұның өзi 
өнiм  өндiрушiлердi  өндiрiс  құралынан  да,  өндiрiстiң  өзi  мен  өнiмдi  бөлуден  де  толық 
шеттету деген сөз едi. 
 
Сөйтiп  20-30-шы  жылдардағы  жаңа  экономикалық  саясаттың  жан-жақты 
тұйықталып,  оның  орнын  экономика  мен  саяси-қоғамдық  өмiрде  тек  “күштеу” 
шараларының  рухы  үстемдiк  етуi  ауыл  өмiрiне  қасыреттi  зардабын  тигiздi.  Аграрлық 
саясаттың  ең  басты  шарты  -  әмiршiл-әкiмшiл  ықпал  немесе  күшке  негiзделген 
экономикалық заңдылықтарға қайшы мемлекеттiк жарлықтар және шаруалар қауымын 
ұжымдастыру  идеясын  дұрыс  түсiндiрмеуне,  оның  пайдалы  жақтарында  құртып 
жiбередi.  “Ұлы  бетбұрыс”  ауылдағы  құрылымдарды  қатығез-қаталдықпен  аяусыз 
қиратумен қатар  қоғамды тығырыққа тiрейтiн бағытқа әкеле жатты.  
 
Еуразиядағы  ең  iрi  елдiң  ХХ  ғ.  тарихындағы  аса  маңызды  саяси,  әлеуметтiк-
экономикалық оқиға - оның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру болды. Билеушi партия 
және мемлекеттiк басқару орындарының қаулы-қарарлары шарты бойынша Қазақстанда 
ұжымдастыруды  негiзiнен  1933  ж.  көктемiнде  (көшпелi  және  жартылай  көшпелi 
аудандардан  басқасы)  аяқтауға  тиiстi  аймақтық  топқа  жатқызылды.  Яғни,  ақиқаттық 
өмiр тұрғысынан бағалағанда осынау тым қысқа мерзiмнiң өзi қайткен күнде де “секiрiп 
өтiлуге тиiс” кедергi болып көрiнедi. Бұл тұжырымның негiзiнде ұжымдастырудың аяғы 
дереу қоғам ағзасының процент қуалаушылық дертiне шалдықтырып, жазылмайтын бiр 
ауруға апарып ұрындырды. Жер-жерден ұжымдастыру “жоспарын” орындауда жеңiске 
жеткенi  туралы  бiр-бiрiмен  жарысқа  түскен  хабарлар  үгiт-насихат  құралдары  арқылы 
“колхоз  майданынан”  күн  сайын  жария  болып,  тiптi  өзге  жаңалықтарды  басып  үлгiре 
алмайтындай жағдайға түстi. 
 
Ұжымдастыру  саясатын  орындаудағы  тағы  бiр  жалпы  адамгершiлiкке,  оның 
ізгілендіруші  рухына  қайшы  көрiнiс  -  зорлық-зомбылық,  жойқын  күштiң  басым  болуы. 
Жергiлiктi орындарға жеткiзiлген нұсқауларда жойылуға тиiстi меншiгi мол немесе орта 
деңгейдегi  шаңырақтар  күллi  шаруашылықтың жалпы санының 3-5 процентiнен аспауы 
керек  деген  ұсыныс  ерекше  ескертiлдi.  Ұжымдастыруда  да  әмiршiл-әкiмшiл  жүйенiң 
жоғарыдан  жiберген  жарлықтары  ешбiр  ойланып-толғануынсыз-ақ,  қолма-қол  екпiндi 
қарқынмен  орындалып  отырған.  Сол  себептi  де  тәркiге  салынғандар  саны  кез  келген 
жерде ең жоғарғы көрсеткiшке “жеткiзiледi”. 
 
Шаруаларды  ұжымдастыру  желiсiмен  билеушi  сатылардың  атқамiнерлерi 
жазықсыз  мыңдаған  ары  таза,  жаңа  үкiметке  ниетi  дұрыс  адамдарды  түрлi  әбiгерге 
салды.  Мысалы,  тек  1930-1931  жж.  елден  тыс  жерге  бай-кулак  деп  “жер аударылып” 
жiберiлген шаруалар саны 6,8 мың адамға жеттi және ондаған мың адамдар республика 
iшiнде  отырған  қоныстарынан  басқа  жаққа  күштеп  көшiрiлдi.  Тағы  бiр  ерекше  жәйт  - 
елiмiздiң  өңiрi  Кеңес  одағының  түпкiр-түпкiрiнен  зорлап  көшiрiлген  халықтар  үшiн 
“ауып келетiн” жерi деген атаққа ие болды. Осы жылдары Қазақстанға 46,1 мың отбасы, 
яғни 180 015 адам ауып келiп қоныстанды. 
 
Тәркiлеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегi репрессиялық шараға 
айналып  кетедi.  “  Мемлекеттiк  кәсiпорындарының,  колхоздар  мен  кооперацияның 
мүлiктерiн сақтау және қоғамдық (социалистiк) меншiктi нығайту туралы” Заң (7 тамыз 
1932 ж. ) бойынша айыпты деп танылғандар ату  жазасына, ал “жұмсарту жағдайлары” 
бола  қалған  күнде  10  жылға  тұтқындалып,  оның  мал-мүлкi  тәркiлендi.  Осы  адам 
құқына,  елдегi  конституцияға  қайшы  шара iске асырылған алғашқы жылдың өзiнде-ақ, 
Қазақстанда 33,4 мың адам абақтыға салынды. 
 
Бес  жыл  iшiнде  (1929-1933  жж.)  Қаз.АКСР  Бiрiккен  Бас  саяси  Басқармасы 
өкiлеттi  өкiлдiгiнiң  үштiгiмен  толық  емес  мәлiметтерге  қарағанда,  9805  iс  қаралды да, 
22933  адам  жөнiнде  шешiм  қабылданды,  олардың  iшiнен  3386  адам  атылуға,  тұтқын 
лагерiнде  3  жылдан  10  жылға  дейiн  қамалуға  13,2  мың  адам  кесiлдi.  Күштеп 
ұжымдастырудың 
апатты 
зардаптары 
көшпелi 
және 
жартылай 
көшпелi 
шаруашылықтарды  жоспарлы  түрде  отырықшы  етуi  барысында  жасалған  әкiмдердiң 
зорлық-зомбылығы салдарынан мүлде асқынып кеттi. Отырықшыландыру идеологиясы 
шаруашылық  түрлерiн  толық  өзгерту  шарасымен  тығыз  байланысты  болды,  ал  қазақ 


 
151 
шаруалары  қауымының  iлгерi  басу  жолын  олар  тек  мал  өсiрумен  айналысатын 
шаруаларды  егiншiлiкке  немесе  тұрақты  мал  өсiру  шаруашылығына  бiрте-бiрте 
айналдыру iсiнен  көрдi. 
 
Жеке  малды  қоғамдастыру  нәтижесiнде  колхоз  фермалары  құрылды,  ал  онда 
малға дұрыс күтiм де болмады. Кейбiр жерлерде алып коммуналар құрылып, олар өте 
көп  шаруашылықтарды  бiрiктiрдi.  Бұндай  iс-әрекеттер  барысында  ұжымға  жиналған 
қисапсыз  мал  күтiмiнiң  төмендеуiне,  дұрыс  жем-шөппен  қамтылмаған  малдардың 
қырылуына  әкелiп  соқтырды.  Қолхозға  кiрмеген  жеке  шаруашылықтар  да  мал  күтуге 
ықыласты  болған  жоқ.  Осының  бәрi  1928-1932  жж.  елдегi  мал  санының  орасан  зор 
шығынына  әкелдi.  Қазақстанның  осы  жылдарда  одақ  бойынша  тауарлы  астық 
өндiрудегi  үлес  салмағы  үш  есе  кемiдi.  Мұның  өзi  халық  арасындағы  бiршама 
толқуларға  апарды.  1929-1931  жылдарда  372  шаруалардың    көтерiлiсi  болып,  оған  80 
мыңдай  адам  қатысқан.  Созақ,  Шемонаиха,  Бұқтырма,  Ырғыз,  Оймауыт,  Баршақұм, 
Сағыз,  Қазалы,  Қармақшы,  Самар,  Абыралы,  Балқаш,  Шұбартау,  Маңғыстау  т.б. 
жерлердегi  щаруалар  көтерiлiсi  аяусыз  басылып,  6  мыңға  жуық адам қылмыстық iске 
тартылды. 
 
Қазақ  елiнiң  экономикасының  құлдырап  төмендеуi  1932-1933  жылдардағы 
қуаңшылықпен  тұстас  келедi.  Осындай  елдi  арылмас  қайғылы  жағдайға  душар  еткен 
қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан екi жылда республикада 
аштықтан  өте  көп  адам  қырылып,  Қазақ  елi  орны  толмас  қайғыға  ұшырады.  Соңғы 
жылдардың нақтылы мәлiметтері бойынша 2,2 млн. адам яғни, қазақтардың жартысына 
жуығы опат болған.   
 
Оның  үстiне  өлкелiк  партия  комитетiнiң  бiрiншi  хатшысы  болып  Ф.И. 
Голощекиннiң  келуi  “жығылғанға  жұдырықпен” бiрдей болды. Билеушi саяси ұйымның 
жетекшiсi,  әкiмшiл-әмiршiл  басқару  жүйесiнiң  жарқын  бейнесi  ретiнде  небiр  сұмдық 
амал-айла, зымияндық әдiс қолданып, қазақ арасынан рухани бой көтерген зиялыларын 
өзара  қақтығыстырып,  “халық  жауы”  деген  жала  жауып, мыңдаған қазақ азаматының 
түбiне  жеттi.  Олардың  iшiнде  А,  Байтұрсынов,  А.  Бөкейханов,  М.  Дулатов,  М. 
Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,  Халел және Жанша Досмухамбетовтар, М. Тынышпаев, К. 
Кемеңгеров  сияқты  т.б.  ұлттың  бетке  ұстар  саңлақтары  бар  болатын.  Голощекиннiң 
тiкелей  басшылығымен  1929-1931  жылдарда  193  “революцияға  қарсы  ұйымдардың 
қызметi”  ашылып,  олардың  мүшесi  болды  деген  жаламен,  он  мыңға  жуық  қазақ 
интеллигенциясы  мен басқа ұлт өкiлдерi қамауға алынды. 
 
Осындай  озбырлы,  халық  бостандығы  мен  құқына қарсы саясат қалың бұқара 
арасында  қарсылық  пен  наразылық  туғызды.  Ресми  деректер  бойынша Қазақстанның 
сол  кездегi  12  округтерiнiң  және  1  облысының  (Қарақалпақ  автономиялық  облысы)  7 
округi  мен  1  облысында  халықтың  бас  көтерулерi  болған. Оны Қазақстан ПП ОГПУ-
ның  осы  мәселеге  байланысты  қорытынды  мәлiметтерiнен  де  анық  көремiз. Мысалы, 
1929  жылы  өкiмет  өкiлдерiне  және  кеңес,  партия  белсендiлерiне  қарсы  қарулы  143 
әрекет, 54 бандалық бас көтерулер, 17 колхоздар мен совхоздар мүлiктерiн өртеу болса; 
ал 1930 жылы - ондай әрекеттер түрi бойынша 139, 241, 42 болған; 1931 жылы - ретiмен 
178,77,68-ге  теңелген. 
 
Адай  көтерiлiсi.  Бұл  көтерiлiстiң  орталығы  Маңғыстау  ауданы  болды.  Бұл 
аймақтардағы  көшпелi  шаруалар  әлi  кеңес  органдары  туралы  толық  мағұлматы  жоқ 
олардың  не  үшiн  күресiп, нендей мiндеттердi жүзеге асыру үшiн әрекет ететiнiн толық 
та ұғып үлгермеген болатын. 
 
Жалпы алғанда көшпелi қазақ қоғамының, соның iшiнде Адай даласының рулық 
қатынастарға  негiзделген  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерiнiң  бәрi  мұнда  қылмыс  ретiнде 
бағаланған.  1929  жылы  жаппай  ұжымдастырудың  нәтижесiнде  адайлардың  Түркiмен 
және  өзге  елдерге  жаппай,  амалсыз  көшулерi  де  Кеңес  үкiметiне  қарсы  қастандық 
ретiнде  терiс  бағаланған.  Нақты  фактiлердi  бұрмалап,  “зиянкестiк”  және 
“контрреволюциялық” әрекет деп таныған ОГПУ-дың көпiрме өтiрiк құжаттары арқылы 
көптеген  азаматтар  жазықсыз  сергелдеңге  салынып,  жазаға  тартылды.  ОГПУ  өздерi 
ойлап  шығарған  контрреволюциялық  ұйымды  басшылықсыз  қалдыруға  болмайтынын 
түсiнiп  оның  идеологиялық-ұйымдастырушылық  жетекшiсi ретiнде өздерi “Адай ханы” 
деп ат берген Алланиязов Тобаниязды атап көрсеттi. Осыған байланысты бұл мәселемен 
ұсталғандар кейде “Алланиязов iсiмен” айыпталғандар деп аталады. 


 
152 
 
Маңғыстауда  Кеңес  өкiметi  әлдеқашан  орнаса  да,  мұнда  ұзақ жылдардан берi 
ревком төтенше басқару органы болып келдi. Онсыз да қатал тәртiптен қажалып бiткен 
халық, “ауылды кеңестендiруге” күдiктене қарады. Оның үстiне ревкомдар жоғарыдағы 
алғашқы 1930 жылы болған кеңестерге сайлау кезiнде халықты қараңғы тобырға балап, 
ойларына  келгендерiн  iстеп  бақты.  Сайлауға  дауыс  беру  құқынан  орта  шаруалардың 
қалың  бұқарасы  ғана  емес,  кедейлер  де  айрылған  жағдайлар  кездестi.  Ал  байлардың 
кейбiрi  керiсiнше  сайлауға  дауыс  беру  құқын  еркiн  пайдаланды. Осындай көңiлге қаяу 
түсiрер  жайсыз  да  көңiлсiз  көрiнiстер,  жоғарыдағылар  аз  болғандай,  сайлау 
комиссияларының келiсiмiсiз-ақ  жүгенсiздiкпен  орын алумен болды. 
 
Ұжымдастыруды  бастамас  бұрын,  қай  әлеуметтiк тап өкiлдерiн ұжымдастыру 
қажет  екенiн  дәлме-дәл  бiлiп  алу  керек  едi.  Кедей  кiм?  Орташа  қайсы?  Бай  қайда? 
Бәрiнен  бұрын  мiне  осы  сұрақтарға  жауап  беру  керек  едi.  Басқаны  былай  қойғанда 
ұжымдастырудың  алғашқы  жылдарында  бұларға  ел  билеушiлердiң  өздерi  де  нақты 
жауап  бере  алмады.  Маңғыстаудың  ұшы-қиырсыз  кең  сахара  даласын  сенделе  кезiп 
мемлекетке  мал  даярлау,  ет  тапсыру жоспарларын шаруалардан табанды түрде талап 
еткен,  шолақ  белсендiлер,  “атып  кетемiн”  деп  шошындырған  уәкiлдер  жергiлiктi 
жерлерде бай мен кедейдi ажырата алмай басы қатты. Уәкiлдердiң жергiлiктi жерлерде 
ұйымдастырған  “социалистiк  жарыстары”  да  халықтың  ашу-ызасын  туғызды.  Көшiп 
кетсек, қашып кетсек “әлi жеткеннiң талауынан құтылармыз”,- деп үмiттенгендер де аз 
болмады.  Сондықтан  да  1931  жылдың  көктемiнен  бастап  Қарақалпақ  пен  Түрiкпен, 
тiптен Кавказ жерiне босқан адайлар мен табындар легi үдей түстi. 
 
7700 шаруалар қожалықтарынан тұратын Маңғыстау ауданы 1931 жылы шiлдеде 
шамамен  мынадай  топтарға  бөлiндi:  халықтың  30 процентi бейбiт жағдайда еңбек етiп 
жатты,  ал  60  процентi  көтерiлiсшiлермен  бiрге  болды,  сондай-ақ  10  процентке  жуығы 
кiмдердiң жағына шығарларын бiлмей тоқырады. Сонымен қатар, бiр-екi ауыл болмаса, 
Табын ауданындағы халық түгелдей дерлiк көтерiлiсшiлерге қосылды. Олармен сондай-
ақ  Жылықос  /кәзір  Жылыой-авт./  ауданының  11  әкiмшiлiк  ауылдары  және  Доссор 
ауданының  екi  ауылының  кейбiр  азаматтары  көтерiлiп,  қолға  түскен  нәрсемен 
қаруланып, көтерiлiсшiлер қатарын толықтырды. Адай даласына самсаған әскер түсiрiп 
жатқанын  көрген  көтерiлiсшiлер  кәсiпшiлiктерге,  кооператив  ұяларына,  дайындау 
пункттерiне  әдiлетсiз  өкiмет  ошақтары  деп  қарап,  жиi-жиi  оларды  талқандауға,  өртеп 
кетуге ашық көштi.   
 
5.  1937  жыл  қазақ  елiнде  қаралы  жылдардың  бiрi  болатын.  Бұл  кезде  саяси-
әлеуметтiк жағдай шиеленiсiп  халқымыздың бетке ұстар азаматтары қудалана бастады. 
“Халық  жауы”  деген  айып  тағылып,  Л.И.Мирзоян,  О.Исаев,  ¤.  Құлымбетов,  С. 
Меңдешев,  Н.Нұрмақов,  Т.  Рысқұлов,  С.Қосжанов,  О.Жандосов,  С.  Есқараев, 
Т.Жүргенов  ақын-жазушылардан  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  I.  Жансүгiров,  Ғ.Тоқжанов, 
А.Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мен мәдениеттiң, өнердiң көптеген өкiлдерi ұсталды. 
Cол жылы қазақ елi бойынша 105 мың адамға НКВД тарапынан тергеу болып, оның 22 
мыңы  ату  жазасына  кесiлдi.  Тiптi  бұлардың  отбасындағы  әйел,  балаларына  дейiн 
қудаланып,  олар да туған жерiнен көшiрiлдi. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының 
жүрегiне жазылмас жара салды, келешек ұрпақтарды қайғыға тұндырды. 
 
1937  жыл  бүкiл  Кеңес  одағының  халқы,  оның  iшiнде  қазақстандықтар  үшiн 
қайғылы-қасыреттi  кезең  есебiнде  тарих  бетiне  жазылды.  Тiптi  тоталитарлық  жүйенiң 
қыспағы  ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарына  дейiн  жанұяда  мемлекеттiк  орындар 
тарапынан үрей мен қорқыныш сезiм туғызып келдi. Осы кездегi оқиғалар шамамен 70-
шi жылдарда ел аузындағы жеңiл-әзiл әңгiмеде (анекдотқа) айналып кеткен. Ауылдағы 
егде тартқан пысықтау бiр қазақты ұстап, НКВД-ға әкелiп тұрса, оның бастығы - бұл не 
iстеп  едi?  -  деп  сұрайды.  Сонда  белсендi  болып  көзге  түскiсi  келiп  жүрген  милиция 
қызметкерi:-  Бұл  ештеңе  жасап  үлгерген  жоқ,  бiрақ  жау  екенiн  бiлiп  тұрмын,-  деген 
екен.  Осындай  бір  әзіл-әңгіме,  бірақ  аржағында  шындық  бар  екенін  сол  заманғы 
нақтылы  оқиғалар  анықтайды.  Бір  қазақ  мал  бақташысы  таңертең  сиырларды  өріске 
шығарып бара жатқанда жол жүрмей қашқақтаған сиырға:”Әк, иттің малы”  деген екен. 
Кешкісін  ауылға  келгенде  оны  ұстап:  “Бағып  жүрген  малың  кімдікі?  Қоғамның  малы. 
Қоғамды басқарып отырған кім. И.Сталин. Онда сен көсемді итке теңедің”- деп соттап 
жіберген.  Ал  осы  заманда  “сақ  құлақтық”  рөл  атқарған  өз  ағайындарымыз  ел 
белсенділерінің  болғанына  қайран  қаласын.  Заман  солай  болды  ғой  деп  сол  кездің 


 
153 
куәгерлері  күрсінеді де қояды. “Елдегi белсендiлер” бұл сияқты озбырлықты бұдан да 
қатыгезiрек  жүргiзген жоқ па ?  
 
Қуғын-сүргiн жылдары Кеңес Одағында 40 млн. адам қудаланған. Олардың 3,8, 
млн.  сотталып,  642980  атылған,  ал  Қазақстанда  олар  103  мың  құрап  25  мыңы  құрбан 
болған.  1992  жылғы  жарияланған  құжаттар  бойынша  Қазақ  елi  тарихындағы  зобалаң 
қуғын-сүргiн  заманын  төрт  кезеңге  бөлуге  болады.  Бiрiншi  кезең  1918-1924  жылдар 
арасындағы азамат қарсыластығы, 1922-1923 жылдардағы аштық, жаппай кеңестендiру 
және  қазақ  интеллигенциясының  құдалану  нәтижесiнде  800  мыңға  жуық  адам  қаза 
болды.  Екiншi  кезең 1925-1933 жылдар Ф.И. Голощекиннiң “қызыл қырғын”  - “Кiшкене 
Қазан”  заманына  келедi.  Бұл  кезде  байлар  тәркiленiп,  жат  жерлерге  көштi;  күштеп 
отырықшыландыру,  ұжымдастыру  саясатын  батыл  жүргiзу  нәтижесiнде  мал  басы 
азайды. Осылардың зардабынан қазақ жамағаты қырылды, басқа елдерге, қаша қоныс 
аударды,  21,2  мың  таңдаулы  ел  азаматтары партиядан шығарылып, айдалды, атылды. 
Осы  кезеңде  Н.Ежов бүкiл қазақ кадрлары, қазақ коммунистерi ұлтшылдық ауруымен 
дiмқастанды,  оларды  сауықтыру  бағытын  темiрдей  ширақ  жүргiзу  керек  деген  ұран 
тастады. 1935-1939 жылдарды қамтитын үшiншi кезеңде Қазақстан бойынша 25 мыңнан 
аса  адам  қуғын-сүргiнге  ұшырады,  атылды,  қудаланды.  Төртiншi  кезең  1940-1953 
жылдарды  қамтиды.  Тек  қана  Актобе  облысы бойынша 30-50 жылдары 7000-ға тарта 
адам  қуғын-сүргiнге  ұшыраған.  Шалқар,  Ырғыз,  Байғанин  аудандары  революцияға 
қарсылар,  ұлтшылдық,  панисламистiк,  пантюркистiк  қозғалыс  ұйымдарының 
орталықтары  деп  табылды.  Сондықтан  да  осы  аймақтардан  ұсталғандарының  басым 
көпшiлiгi   ату жазасына кесiлген. 
 
Мысалы,  Гурьев  (Атырау)  облысының  Сағыз  елді  мекен  тұрғындары  Ақишан 
Абдоллаұлы мен Молдаш Әшiрұлы және бiр топ ешқандай жазығы жоқ адамдар Кеңес 
мемлекетiнiң қылмыстық iстер кодексiнiң  58-бабы бойынша (мемлекетке қарсы насихат 
)  10  жылға  сотталып,  оны  түгелдей  өтегеннен  кейiн  Орынбор  облысының  Орск 
қаласына  он  жылға  қайтадан  жер  аударылған.  Олардың  “айыбы”  -  бiрiншiсiнiң  казіргі 
Сағыз  станасасының  күншығыс  бағытындағы  18  шақырымда  Шибұлақ  деген  жерде 
көшпендiлердiң  балаларын  оқыту  үшiн  патша  заманында  мешiтті  басқарған  Абдолла 
баласы  болғандығы,  ал  екiншiсiнiң  кезінде  сол  мешiттің  шәкірті  болып  дәріс  алуы. 
Мұндай  жазықсыз  жапа  шегiп,  қасырет  тартқандар  туралы  мысалдар  елiмiздiң  әр 
аймағында көптеп кездеседi. 
 
ХХ  ғасырдың  20-30-шы  жылдарындағы  Қазақстанның  мәдениетi.  Қазан 
революциясынан  кейiн  билеушi  партия  мен  жаңа  үкiмет  құрылымдары  халықтың 
мәдениетiн  дамытып  жетiлдiру  бағытында  түбегейлi  өзгерiстерге  жасақталған 
бағдарламаларды  талқыға  салып  оны  жүзеге  асыру  үшiн  нақтылы  шаралар қабылдап 
отырды.  Бұндай  бағдарламалардың  мазмұны  мен  бағыты  сан-алуан.  Мәдени-саяси 
жұмыстардың  әдiстерi  бiрте-бiрте  жетiлдiрiлдi.  Тұрақты  кiтапханалар,  клубтар,  оқу 
және  мәдениет  үйлерi  мен  сарайларының  маңызы  елдiң  өмiрiнде  ауқымды  орын  ала 
бастады.  Мысалы,  30-шы  жылдардың  басында  Алматы  және  Батыс  Қазақстан 
облыстарында 129 клуб және 210 оқу үйi халыққа қызмет еттi.  
 
Кiтапхана  iсi  дамыды.  1937  жылы  кiтапханалар  саны  2073  -ке  жетiп,  олардың 
қорында 2,5 млн дана кiтап болған. Ауылды жерде 1240 мың кiтабы бар 1747 кiтапхана 
жұмыс  iстеген.  Алматыдағы  мемлекеттiк  көпшiлiк  (Кеңес мемлекетi тұсындағы А.С. 
Пушкин атындағы, казір ҚР-ның Мемлекеттік Ұлттық кітапханасы) кiтапхананың қоры 
жарты миллион данадан асты, оның оқу залында 40 мыңға жуық оқушылары болды.  
 
Республикада  мерзiмдi  баспасөз  және  кiтап  шығару  iсi  саяси  билеушi 
идеологияның  арнасымен  дамыды.  “Степная  правда  ”(қазiргi “Казахстанская правда”) 
және “Еңбекшi қазақ” /казіргі Егемен Қазақстан/ газеттері, “ Қазақстан” журналы шыға 
бастады.  Кеңес  үкiметiнiң  алғашқы  жылдарында  газеттер  мен  журналдар  көбiнесе 
мемлекеттiк,  кәсiподақтық,  кооперативтiк  қордың  есебiнен  жазылып  алынды  және 
мәдени-ағарту  желiсiне,  кеңестiк  және  кооперативтiк  ұйымдарға  келiп  тұрды.  1925 
жылда республикада небәрi 31 газеттiң 13-шi қазақ тiлiнде басылды. Олардың саны жыл 
сайын  өсiп,  екiншi  бесжылдықта  жалпы  саны  280-ге  жетсе  ал,  оның  62-і  қазақ  тiлiнде 
басылған.   
 
Республикада  кiтап  бастыру  iсi  едәуiр  дамыды.  Шығарылатын  кiтаптардың 
таралым  данасы  өстi.  30-шы  жылдардың  ортасында  үш миллион даналық 200-ден аса 


 
154 
кiтаптар  шығарылды.  Олардың  арасында  билеушi  партияның  саясатын насихаттайтын 
басылымдардың саны жылдан-жылға өсiп отырды.  
 
Кеңес үкiметiнiң мәдени саладағы ауқымды және тиянақты iсi - сауатсыздықты 
жою  болды.  1919 жылы 26 желтоқсанда РСФСР халқы арасында сауатсыздықты жою 
туралы  Халық  Комиссарлары  Кеңесiнiң  заңы  қабылданды.  Ол  Заң  бойынша  8  ден  50 
жасқа  дейiнгi  оқи,  жаза  бiлмейтiн  барлық  еңбекшi  халық  ана  тiлiнде  немесе  қалауы 
бойынша  орыс  тiлiнде  сауатын  ашуға  мiндеттi  болды.  Осы Заң негiзiнде Қазақ АКСР 
Орталық Атқару Комитетi 1921 жылғы тамызда 16 жастан 50 жасқа дейiнгi сауаты бар, 
көңiлi ояу, көзi ашық адамдарды сауатсыздықты жою жөнiндегi жұмысқа тарту туралы 
қаулы алды. 
 
1920-1926  жылдарда  республикада  245  мыңнан  аса  адам  сауатын  ашты.  1930 
жылғы ақпанның 11-де Қазақ АКСР Орталық атқару комитетi сауатсыздықты мiндеттi 
түрде  жою  туралы  заң  қабылдады.  Осы  жылдың  1-шi  сәуiрiнде  республикада 
сауатсыздықты жоятын 1285 оқу орындары жұмыс iстеп, оларда 248 мың қазақ оқыды. 
Жалпы  мәлiметтер  бойынша  1926  жылы  Қазақстандағы  сауаташқандардың  үлес-
салмағы  25,2  процент  болса,  1939  жылы  83,6  процентке  жеттi.  Республикада  шала 
сауаттылар мен сауатсыздарға және олардың мұғалiмдерiне арналған “Төте оқу” деген 
газет шығарылып тұрды. 
 
Осы  жылдары  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептер  жүйесi  де  жедел  дамыды.  1921 
жылы  желтоқсанда  республиканың  Халық  комиссарлар  кеңесi  мәдени  мұқтаждықты 
жою  үшiн  халықтың  өзiне-өзi  салық  салуы  туралы  шешiм  қабылдады.  Ол  құжат 
бойынша  жергiлiктi  үкiмет  орындарына  мектеп  ұстау  үшiн  қаржы  жинауға,  оның 
мiндеткерлiгiн  белгiлеуге  рұқсат  берiлдi.  Халық  шаруашылығын  қалпына  келтiру  
нәтижесiнде  мектептердiң  жағдайы  бiрте-бiрте  жақсара  түстi.  Бiрқатар  жерлерде 
мұғалiмнiң  жалақысы  жергiлiктi болыстардың қаражаты есебiнен төленсе, ал жарықты 
пайдалану,  оқулықтар  алу,  мектептi  жөндеу  ауыл  шаруашылық  және  тұтыну 
қоғамдарының қаржысы арқылы өтелiп отырды. 
 
1926  жылғы  мамыр  айында  КАКСР-iндегi  бiрыңғай  еңбек  мектебiнiң  жарғысы 
қабылданды. Ресми деректер бойынша Қазақстанда осы кездегi 1600 мектептердiң жайы 
қажеттi талаптардан әлде қайда төмен болған. Соның iшiнде ауылдық мектептерде оқу 
мерзiмi  қысқа  болды,  қазақ  баларының  орыс  тiлiн  үйренуi  үшiн  жетi  жылдық 
мектептерге  қосымша  сегiзiншi  жыл  қосылды.  Бiрiншi  сатыдағы  мектепте  балалар  4 
жыл  оқыды.  Жетiжылдық  мектеп  екi  түрлi  болды: оның төрт жылдығы бiрiншi сатыға 
сай  келдi,  ал  екiншiсi  толық  емес  орта  бiлiм  бердi.  Екiншi  сатыдағы  мектеп  (тоғыз 
жылдық  мектеп)  үш  түрлi оқудан тұрды, бiрiншiсi мен екiншiсi жетi жылдық мектепке 
сай келдi, ал үшiншiсi  толық орта бiлiм бердi.  
 
Көшпелi  және  жартылай  көшпелi  аудандар  үшiн  интернаты  бар  мектептер, 
мектеп-коммуналар  құрылысы, олардың бүкiл тұрмысын ұстаздардың, тәрбиешiлердiң 
бақылауымен  оқушылардың  өздерi  басқарды.  Алғашқы  оқулықтар  Қазан  және 
Мәскеуден  алынды.  Қазақ  тiлiнiң  тұңғыш  әлiппесiн жасап, соныдан iз салған жаңашыл 
ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов елде оқу-ағарту iсiн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. 
Ол  жазған  мектеп  оқулықтары  1927-1928  жылдарға  дейiн  пайдаланылып  келдi.  Қазақ 
оқушыларының  ересек  буыны  сауатын  Байтұрсыновтың “ әлiп-биiмен” ашып, ана тiлiн 
сол автордың “Тiл туралы” кiтабын оқып үйрендi. 
 
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4-сыныптық, орталау мектеп 7-сыныптық 
және  орта  мектеп  10-сыныптық  болып  қайта  құрылды.  Қоғамдық-саяси  пәндердi 
оқытуға  және  оқушыларға  жаңаша  идеялық  тәрбие  беруге  ерекше мән берiлдi. Екiншi 
бесжылдық  жылдарында  республикада  мұғалiмдер  саны  екi  еседен  астам  көбейiп, 14 
мыңнан  31  мыңға  жеттi.  Олардың  10  процентiнiң  жоғары,  төрттен  бiрiнiң орта және 65 
процентiнiң  толық орта емес бiлiмi болды. 
 
1925  жылы  республикада  14  педагогикалық  техникум  және  бiрнеше  халық 
ағарту институты жұмыс iстедi. Орынборда орыс тiлiнде оқытатын ПИНО (практикалық 
халық  ағарту  институты),  Семейде,  Алматыда,  Ташкенттегі  аралас  оқытатын 
институттарында  700-дей  оның  iшiнде  550-ден  астам қазақ жастары оқыды. 1923-1924 
оқу  жылында  Орынборда,  Семейде,  Оралда,  Алматыда  агрономдық  және  мал 
дәрiгерлiк-зоотехникалық  техникумдар,  орманшылық мектептерi ашылып, жұмыс iстей 
бастады. 


 
155 
 
Қазақтың  тұңғыш  жоғары  оқу  орны  Абай  атындағы  Қазақ  мемлекеттiк 
педагогика  институты  Ташкентте  қазақ  халық  ағарту  институты  негiзiнде  құрылды. 
1928  жылы  ол  институт  Алматыға  көшiрiлдi.  Осы  жылы  Алматыда  малдәрiгерлiк-
зоотехникалық  институты  ашылды.  1932  жылы  Оралда  А.С.  Пушкин  атындағы 
педагогика  институты  алғашқы  студенттердi  қабылдады.  1934  жылдың  15  қазанынан 
бастап  казiргi  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттiк  ұлттық университетi ашылды. 
1934  жылы  Алматының  музыкалық-драма  техникумы  оқу  комбинаты  болып  қайта 
құрылды.  Қазақ медициналық институты кеңейтiлдi, оған кейiн жаңа факультеттер мен 
клиникалар  қосылды.   
 
Бiлiм  саласында  да  билеушi  саяси  күштер  идеологиясының  арнасында  басқа 
халықтармен  қатар  қазақтарды  тарихи  зердесiнен  айыру  үшiн  кең  көлемдегi  шаралар 
iске  асырылды.  Соның  бiрi  1928  жылы  араб  әрпi  латын  әрпiмен,  ал  1940  жылы 
кириллицамен  (орыс  әрпiмен)  күштеп  алмастырылған  болатын.  Мұның  кесiрiнен  бiр 
ұрпақтың  өмiр  барысында  қазақтың  және  басқа  түркi  тiлдес  халықтардың  басым 
көпшiлiгi  араб  жазуымен  жарық  көрген  ата-баба  мұрасын,  рухани  байлығын  игерiп, 
пайдалануға  қабiлетсiз  болып  қалды.  1920-1930    жылдарда  араб  әрпiмен  шыққан 
басылымдарды  пайдаланғандар  “пантюркист”,  “панисламист”,  “халық  жауы”  деген 
желеумен,  қуғын-сүргiнге  салды.  Кiтапхана  қорларынан әкiмшiлiк-  төрешiлдiк жүйенiң 
теориясы мен практикасына мазмұны қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiнде 
араб әрпiмен басылғандары аластатылды. 
 
Ресей  үстемдiлiгi  кезiнде  көшпендiлердiң  балаларын  оқыту  үшiн  салынған 
мешiттер  осы  жылдары  қиратылып,  апатқа  ұшыратылды.  Сонымен  бiрге  дiнге  қарсы 
күрес  сорақылықпен  жүргiзiлдi.  Шiркеулер  мен  мешiттердiң  мемлекет  қарамағына 
зорлықпен  алынуы,  олардың  қора-жайға,  қоймаға,  қосалқы  жайға айналдырылуы, дiнге 
сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басып қорлау, адамзаттың ғасырлыр бойы қалыптасқан 
мәдени және рухани өмiрiнiң құрамдас бөлiгi дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету 
халықтың орынды наразылығын туғызды. Мысалы, Батыс Қазақстанда (Орал, Ақтөбе, 
Атырау, Маңғыстау облыстарында) 200-ге жуық ел құрметтеген орындар, оның iшiндегi 
мешiттер бұзылып талқандалған. Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесiнiң сауда орындары мен 
қоймалары  ат  қораға  берiлсе,  ондағы  мешiт  орны  зат  қоймасына  бөлiнген.  Ал 
Шибұлақтағы  (Ақтөбе  облысының  Байғанин  ауданы)  айтулы  Көк  мешiт  ғимараты 
бұзылып,  оның  құрылыс  жабдықтары  Сағыз стансасының (Атырау облысы) темiржол 
құрылысына  тасымалданып,  орны  жермен  жексен  етiлген.  Сондай-ақ,  Бекет  Атаның 
кіндігінің  қаны  тамған  Жылыой  ауданындағы  ата-анасының  зираты  мен  мешіті 
қиратылып,  ол  туралы  ешбір  адам  тәуелсіздікке  қол  жеткізгенінше  тіс  жарып  ештеңе 
айтпады. 
 
20-40-шы  жылдары  қазақ  елiнiң  ғылымы  дамып,  халықтың  рухани  қазынасы 
бiршама  толықты.  30-шы  жылдардың  аяғында  Қазақстанда  110  ғылыми-зерттеу 
мекемелерi  болды  және  оларда  1727  адам  ғылыммен  айналысты.  КСРО  Ғылым 
Академиясының  Қазақ  филиалы  болып  қайта  құрылуы  республикада  ғылымды  жаңа 
белестерге көтеру үшiн мол мүмкiндiктерге жол ашты. 
 
Осы  жылдары  Қазақстанның  әдебиетi  мен  өнерiнде  бiраз  өзгерiстер,  елеулi 
оқиғалар болды. 1934 жылы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының I съезi болып, 
онда  халықтың  рухани  қазынасынан  нәр  алған  қазақ  әдебиетiнiң  М.Жұмабаев,  С. 
Сейфуллин,  I.Жансүгiров,  Б.Майлин,  М.Әуезов,  Ж.Аймауытов  сияқты  саңлақтармен 
бiрге,  қазақ  әдебиетiнiң өсiп келе жатқан мол жеткiншектер тобының бар екенi көрiндi. 
Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң 
халықтары  атап  өттi.  1936  жылы  республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдебиет 
саласындағы  творчествосының  20  жылдығын  мерекеледi.  Қазақстанда  қазақ 
жазушылармен  бiрге  осындағы  басқа  халықтардың  өкiлдерi,  орыс,  ұйғыр,  татар 
қаламгерлерiнiң  шығармашылығы да кең танылды. 
 
Осындай  жүрекке  жылы,  шырағы  мол  мысалдармен  қатар  ғылым,  өнер  және 
әдебиет  саласындағы  тұлғаларды  жазықсыз  қудалау,  тұтқындап  жер  аудару,  сотсыз 
содырлық  жасап  ату,  жою  көрiнiстерi  де  жүйелi  түрде  кең  өрiс  алды.  Осы  жылдарда 
М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  I.Жансүгiров,  Б.Майлин,  Ж.Аймауытов  сияқты  қазақ 
халқының  зиялы  ұлдары  1937  жылы  “халық  жауы”  деген  айыппен  қасыреттi 
қудалаудың құрбаны болды. 


 
156 
 
Республикада  көркем  мәдениеттiң  бөлiгi  кино  өнерi  де  алғашқы  қадамдарын 
жасады.  Шетелдердiң  көптеген  экрандарында  көрсетiлген  “Түрксіб”  кинокартинасы 
(1930  ж.)  Қазақстан  материалында  түсiрiлген  алғашқы  елеулi  фильм  болды. 
Бүкiлресейлiк “Востоккино” тресi Қазақ республикасының он жылдық мерекесiне арнап 
“Дала жыры” (1930 ж.), “Жұт” (1931 ж.), “Қаратау сыры” (1933 ж.) фильмдерiн қойды. 
 
Дыбысты  “Аманкелдi”  көркем  фильмiнiң  экранға  шығуын  (Ленфильм,  1938  ж.) 
ұлттық  кино  өнерiнiң  бастамасы  деп  санауға  болады.  Оның  сценариiн  Б.  Майлин,  Вс. 
Иванов  және  Ғ.  Мүсiрепов,  сазын  -  РСФСР  өнерiнiң  еңбек  сiңiрген  қайраткерi  М.Ф. 
Гнесин  мен  А.Жұбанов  жазды.  Рольдердiң  бәрiн  дерлiк  қазақ  артистерi  -  Е.¤мiрзақов 
(Аманкелдi),  Шара  Жиенқұлова  (Балым,  Аманкелдiнiң  әйелi),  С.Қожамқұлов, 
Қ.Жандарбеков, Қ. Байсейiтов, Қ. Қуанышбаевтар орындады.  
 
Сөйтiп, 20-шы және 30-шы жылдардағы кездескен қиыншылық пен кедергiлерге, 
қуғын-сүргiнге 
қарамастан 
Қазақстанның 
мәдени 
дамуында 
бiрсыпыра 
iлгерiлеушiлiктер  болды.  Егер  1937-1939  жылдардағы  тоталитарлық  жүйенiң халықтың 
зиялыларын қудалауы болмағанда, әрине бұл табыстар мазмұнды және шеңберлi болар 
едi. 
 
Он төртінші  дәрiс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет