Қазақстан тарихы


 Билеушi партияның Орталық Комитетiнiң қыркүйек (1953 ж.) пленумында ауыл  ұжымдарына  мемлекеттiк  салықты  азайту,  аграрлық



Pdf көрінісі
бет36/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
3. Билеушi партияның Орталық Комитетiнiң қыркүйек (1953 ж.) пленумында ауыл 
ұжымдарына  мемлекеттiк  салықты  азайту,  аграрлық  секторға  инвестицияны  көбейту 
туралы мәселелер көтерiлдi және ауқымды бағдарлама қабылданды. Ол құжат бойынша 
бұдан былай салық саясатын өзгерту, ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және оны 
дайындау бағаларын көтеру көзделдi. 
30-40-шы  жылдарда  қалыптасқан  колхоз-совхоз  жүйесi  өзiнiң  бүкiл  тарихында 
дағдарыстан  шыққан  емес.  ¤зiн-өзi  ұйымдастырудан  және  дамуының  iшкi  серпiнен 
айрылған  мұндай  экономика  тек  тоталитарлық-жазалау  жүйесiнiң  шеңберiнде  ғана 
табанды  жұмыс  iстей  алды.  Билеушi  орындардың  бақылауы  сәл  босаңсыса,  бүкiл 
аграрлық  сала  дағдарысқа  ұшырап  отырды.  Сондықтан  елеусiз  реформаның  өзi  ауыл 
шаруашылығында әлде қашан және көрiнбей дамып келген мерездермен терең қарама-
қайшылықтарды көзге көрсетiп бердi. 
Дағдарыстан  шығу  үшiн  түбегейлi  шешiм  қабылдау,  сала  iшiндегi қатынастарға 
терең  реформалар  жасау,  яғни  нарықтық  қатынасқа  өту,  сондай-ақ  жеке  меншiктi 
шаруашылыққа  жол  ашу  қажет  едi.  Бұл  жағдайда  да  жүйе  өзiн-өзi  сақтап  қалу 
мақсатымен проблемаларды шешудiң бұрынғы қалыптасқан әдiс-жолдарын, экстенсивтi 
сұлбасын  таңдап  алды.  Азық-түлiк  тапшылығынан  шығудың  бiр  амалы  ретiнде  дәндi 
дақылдар  өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайту бағдарламасы ұсынылды. Ол үшiн Қазақстанның 
әр  аймағында  дәндi  дақылдар  өсiруге  ыңғайлы,  игерiлмей  жатқан,  яғни  тың  жерлердi 
iске қосу бағдарламасы ұсынылды. Билеушi партия Орталық Комитетiнiң ақпан-наурыз 
(1954 ж.) Пленумы ұсынған Тың жерлердi игеру мiндетi мүлде де болмай қоймайтындай 
қажеттiлiк  сипаты  болған  жоқ.  Осы  Пленумның  шешiмi  Қазақстанда  миллиондаған 
гектар жерлердi игеруге итермеледi.  
Соңғы  жылдары  оқулықтарда  тың  игеруге жұмсалған материалдық және рухани 
шығындар өтелдi ме деген сауалды көп көтерiп жүр. Шынында да оның негiзi бар. Тың 
жерлердi  игеру  нәтижесiнде  Қазақстан  тұрғындарының  жан  басына  шаққанда  2  мың 
килограмнан  артық  астық  өндiрiлетiн  болды.  Дүние  жүзiлiк  тәжiрибеде  азық-түлiк 
проблеманы  шешу  үшiн  1  мың  килограмм  астық  жеткiлiктi.  Мұндай деңгейге Канада, 
Австралия,  АҚШ,  Дания,  Франция,  Венгрия,  Румыния  елдері  ғана  жеткен.  Iс  жүзiнде 
тың  игеруден  алынған  астық  Қазақстанның  өз  қажетiн  ғана  өтеп  қоймай, оны әлемдiк 
астық  рыногына  шығуға  жол  ашты.  Аса  құнды  ерекшелік  тың  жерлерiнде  негiзiнен 
белогы көп қатты бидайдың түрлерi өндiрiледi. 
Алайда,  тың  жерлерді  игерудi  экономикалық  және  әлеуметтiк  тиiмдiлiгi, 
экологиялық    тұрғысынан  талдайтын  болсақ,  көлеңкелі  жақтары  да  баршылық.  Жердi 
кең  көлемде  жырту  Қазақстанның  тың  игерген  аудандарында  оқтын-оқтын 
құрғақшылыққа душар етті.  
Экономикалық  тиiмдiлiгiне  келсек,  тың  жердiң  гектарына  1,5-2  ц.  дән  себiлiп, 
орта  есеппен  гектарынан  6-9  ц.-ден  (1954-1958  жж.  орташа  түсiм гектарына 7,3 ц-ден, 
1961-1965  жж.  гектарына  6,1  ц-ден  келдi)  өнiм  жиналған.  ¤ндiрiс  шығындарының 
көлемiнің    ұлғаюына  жыл  сайын  тың  жерлерге  астық  жинауға  жіберілетін  жастар, 
кәсiпорындардың  қызметкерлерi,  Кеңес  одағының  түкпiр-түкпiрiнен  механизаторлар 
мен  басқа  мамандар,  әскери  бөлiмдердің  келуі  зор  әсер етті. Осы шығындардың  бәрi, 
сайып келгенде, астық өндiрiсiнiң  рентабельдiгiн төмендетті. 


 
173 
Тың  игеру  әлеуметтiк  жағынан  бiрсыпыра  жаңа  құбылыстарды  туғызды.  Ол 
Қазақстанда кең көлемдегi әлеуметтiк және өндiрiстiк құрылымдар жасауда, бұл өңiрде 
жаңа  iрi  елдi  мекендердiң  пайда  болуына,  бұрын  болмаған  әлеуметтiк-мәдени  және 
этностар  араласқан  аймақтар  қалыптасуында  орасан  зор  рөл  атқарды.  Тың  игеру 
барысында  миграциялық (көшiп келу) құбылыстар да кең орын алды. Көшiп келгендер 
есебiнен  бұл  аймақтардың  халқының  саны  1,7  есе  өстi.  Бұл  өңiрлерге  Ресейден, 
Украинадан,  Белоруссиядан,  Молдавиядан  көшiп  келгендер  басым  болды.  Солтүстiк 
Қазақстанда  халықтың  тығыздығы  бiр  шаршы  шақырымға  екi есе өстi, мұның өзi сол 
кезде  оң  құбылыс  деп  саналғанмен,  кейін  еліміздің  демографиялық  ахуалына  да  әсер 
етті  .    Көптеген  жағдайда  патриоттық  /ұран  желісіндегі/  көшi-қон  республикада 
жергiлiктi  этностың  үлес санының 30 процентке дейiн төмендеуiне алып келдi. Осының 
салдарынан  қазақ  халқының:  менталитетiне,  мәдениетiне,  тiлiне,  оның  этностық 
болашағына керi әсер ететiн басқа құбылыстар етек алды. 
Жалпы  алғанда,  1950-1970  жылдары  ауыл  шаруашылыында  бiраз  игiлiкті  iстер 
тындырылды.  Елiмiздiң  әлеуметтiк-экономикалық  тарихында 60-шы жылдардың екiншi 
жартысы  ерекше  iз  қалдырды.  Ауыл  шаруашылығы  жалпы  өнiмiнiң  өсiмi  28  процент 
құрады,  ал  колхоздар  мен  совхоздардағы  еңбек  өнiмдiлiгi,  алдыңғы  бесжылдықпен 
салыстырғанда, 1,8 есе өстi. Бiрақ ауыл шаруашылығында басталған реформа аяқталмай 
қалды.  Оның  басты  себебi  қолданылған  шаралардың  тиiмдiлiгi  ойдағыдай  болмай, 
саладан көзделген тиiмдiлiк және нақтылы өciм алынбады. 
Аса өткiр сын тұрғысынан қарасақ та ХХ ғасырдағы Қазақстанның тарихында 60-
70 жылдар өзіндік орыны бар кезең. Осы кезде республикада ұлттық табыс 63 процент, 
ол  жан  басына  шаққанда  48  процент,  айлық  еңбек  ақының  орташа  мөлшерi  25 
процентке  артты.  Төменгi  және  орта  мөлшердегi  ақы  төленетiн  қызметкерлердiң 
жалақысы  өсiрiлдi.  Колхозшылардың  табыстары  көбейдi.  Кәсiпорындарда  бес  күндiк 
жұмыс  аптасы  енгiзiлуiнiң  зор  әлеуметтiк  маңызы  болды.  Ол  жұмысшылар  мен 
қызметкерлердiң  еңбек  жағдайларын  жеңiлдеттi,  олардың  мамандығы  мен  бiлiмiн 
жетiлдiруге  көп  мүмкiндiктер  жасады,  еңбектi  неғұрлым  тиiмдi  ұйымдастыруға 
жәрдемдестi.  Бiрақ  60-шы  жылдардың  басында  мәдениеттiң  дамуында  қарама-
қайшылықтар пайда болды. Мәдениет саласындағы ұланғайыр жасалған жұмыстар мен 
жетістіктер әкімшіл-әміршіл идеологияның талабы және бағдарламасына сәйкестірілген 
әдістік жолдармен жүргізілді.  
Қазақстан  билеушi  органдары  мен  буындарының  жұмысында  да  елеулi 
кемшiлiктер  орын  ала  бастады.  ¤ркөкiректiк,  менсiнбеушiлiк,  басшылардың қатардағы 
еңбек  адамдарының  құқтарын  аяққа  басушылығы,  орынды  сын-ұсыныстарға  мән 
бермеушiлiк, басқарушылық қызметке тағайындауда жершiлдiк пен ағайын туысқандық 
сияқты  жат  көрiнiстердiң  етек  алуы  қоғамда  сенімсіздік  пен  сыбайластық 
психологиясын  туғызды.  Сөйтіп,  Қазақстанда  да  тоқырау  және тежеу құбылыстарына 
кең жол ашылды.  
 
Он алтыншы дәрiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет