8. 24 руға бөлінгенжәне олар «түменбасы» аталған бекзадалар билеген ел
Ғұндар
Үйсіндер
Сақтар
Қаңлылар
Оғыздар
Ерте орта ғасырдағы қалалар Ерте орта ғасырға (6-9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10-12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда, кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37-ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік-батыс Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік-Шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды. Ортағасырлық қалалар көлемі мен экономикалық жағы бойынша өсіп отырған. Олар 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10-12 ғасырлардағы қалалар дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбе жатады. 10-12 ғасырлардағы қала құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10 ғасырдағы тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастаған.
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз 9. Қалалар көлемі жағынан бөлінді
6ға
10ға
7ге
5ке
3ке
10. Сырдың орта ағысында орналасқан қала
Сығанақ
Жаркент
Сүткент
Анас
Жетісу
11.Солтүстік-шығыс Жетісудан табылған қала саны
70