17. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейлінше әсер еткен дарынды ақын-жырау.
A) Тәтіқара. B) Үмбетей. C) Доспамбет жырау. D) Асанқайғы. E) Бұқар жырау.
18. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты:
A) Хандар тұқымына жеңілдіктер алуы.
B) Батыс-Сібір генерал-губернаторының қысымына қарсы шығу.
C) Патшаның салық жинау саясатына қарсы шығу.
D) Патша үкіметінің отарлық саясатын тоқтату.
E) Отарлық билік тұсында басқаруға ие болу.
19. «1867-1868 ж.ж. реформа» жобасына қазақтың қай ғалымы өз ұсынысын жасады?
A) М. Бабажанов B) Ы. Алтынсарин. C) А. Құнанбаев. D) Ш. Уәлиханов. E) М. Қаратаев.
20. Кеңес Үкіметі «Қырғыз (Қазақ) Автономиясы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдаған жыл:
A) 1919 ж. B) 1923 ж. C) 1920 ж. D) 1922 ж. E) 1921 ж.
21. Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтар кезінде Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған көтерілісшілер шоғырланған аудандар:
A) Маңғыстау, Ойыл.
B) Қарақұм, Батпаққара.
C) Созақ, Сарысу.
D) Өскемен, Самар.
E) Балқаш, Сарқант.
22. Репрессияға ұшыраған, қазақ тілі ғылымының негізін қалаған қайраткер, ғалым:
A) М.Жұмабаев. B) А.Байтұрсынов. C) Ж.Аймауытов. D) М.Дулатов. E) Қ.Жұбанов.
23. Шымкенттегі әскери авиация училищесі түлектерінің бірі, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры:
A) Иван Кожедуб.
B) Нұркен Әбдіров.
C) Сергей Луганский.
D) Гастелло.
E) Талғат Бигельдинов.
24. Республикада 1954 мен 1986 жылдар аралағында жабылған қазақ тіліндегі мектептер саны:
A) 300 ден астам. B) 500 ден астам. C) 400 ден астам. D) 700 ден астам. E) 600 ден астам.
25. 1726 жылы қазақ әскері жоңғарларға ойсырата соққы берген жер:
A) Ташкент маңында.
B) Аягөз өзені жағасында.
C) Бұланты өзені жағасында.
D) Талас өзені жағасында.
E) Түркістан маңында.
Достарыңызбен бөлісу: |