Нұр-Сұлтан қаласы 2022-2023 оқу жылы Түсінік хат Бағдарламада оқыту, білім кезінде пайдаланылатын, айырылымды негіздермен дифференциалды көмек беру қарастырылған. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, жүйелі тексеру түрінде орындалуы қажет.
Дұрыс бағдарламаны таңдап алып, пайдалана алу, оқушылардың білімге құмарлығын дамыту, олардың жоғары деңгейде білім алуына әсер етіп, көмектеседі. Сондықтан оқушылар алған білімдерін әрқашан практикалық жұмыстарда пайдалану керек.
Бұл бағдарламада жыл бойы өтілетін тақырыптар мен оларға қатысты берілген сағат сандары, қосымша материалдар берілген.
Теория сұрақтары көптеген мысалдарға қадағаланып бекітіледі, карта және тарихи терминдермен түсіндіріледі. Қосымша сабақ оқушылардың білімін арттырып, мектептегі Қазақстан таирхы сабақтарына көмектесіп, ҰБТ- ға даярлайды.
Мақсаты:
Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығы бар оқушылардың шығармашылық дамуына, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру;
Тарихи процесстер мен құбылыстардың өздеріне тән белгілері мен сипаттарын анықтап, оларды топтастыра білуі, жеке тарихи құбылыстардың себебін, мақсатын, барысын, нәтижесін түсіндіре білуіне тәрбиелеу.
Міндеттері:
Мектеп бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, өз білімдерін қорыта білуге үйрету. Ол үшін оқушылардың тест, олимпиада тапсырмаларымен жұмыс істей алатын білім жүйесін, икемдігін және дағдысын қалыптастыру;
Оқушыларды деректермен, құжаттармен, тарихи картамен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Сұрақтарға нақты жүйелі түрде жауап бере білуге және қорытынды жасай білу қажет. Тарихи оқиғалар бойынша айтылатын түрлі көзқарастарды салыстырып, өздігінше тұжырым жасауы, өз пікірін дәлелдеуі тиіс.