Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазақ хандығының әлеуметтік және қоғамдық құрылымы



бет21/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
Байланысты:
stud.kz-94406

38.Қазақ хандығының әлеуметтік және қоғамдық құрылымы
Қазақ қоғамының тапқа бөлінуіне мүліктік жағдай ғана емес, әлеуметтік тегі негіз болды.
Ақсүйектер – Шыңғыс хан ұрпақтары: (хандар, сұлтандар, төрелер). Шыңғыс ұрпағы қазақтың рулық шежіресіне енбейді, қоғамның билік етуші тобы болып есептеледі. Сұлтан – ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы болды және хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылды.
Асыл сүйектер – мұсылман дін басылары, Қожа рулары.
Қара сүйектер – билер, байлар, батырлар. Билер – ру және тайпаны басқарушы, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар.
Батырлар – қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, әскери кәсіппен айналысушылар.
Қарапайым халық – үстем тап өкілдеріне алым – салықтар төлеуге және міндеткерліктер өтеуге міндетті.
Алым – салық түрлері:
Ø Соғым, сыбаға, ерулік, зекет т.б. – малшылардан алынды.
Ø Ұшыр, тағар, баж, хараж т.б. – егіншілер мен қолөнершілерден алынды.
o Міндеткірліктер:
Ø Сауын – кедейлердің байлардың малын уақытша алып, сүтін, жүнін пайдаланып, бағып- күтіп, аман қайтару міндеті.
Ø Әскери міндет - әрбір қазақ сарбаз болып есептеліп, қажет кезде жорыққа шығу міндеті.
Ø Күтіп - бағу міндеткерлігі – ханның ұлыстарды аралаған кезде халықтың оны және нөкерлерін күру міндеті.
Бұдан басқа жамылғы, мардикар секілді борыштар мен еңбек міндеткерліктері болды.
Ең құқысыз топтар – құлдар. Олардың негізгі міндеті - қожайындарына жеке тәуелді болу.
Оңтүстік аймақтарда феодалдық жер иелену мен жеке меншіктің тұрақты түрлері қалыптасты: сойырғал, икта, мильк, вакф.
Ø Сойырғал – үлестік жер, әскери немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін берілді. Ол көшпелі ақсүйектердің отырықшы халыққа үстемдік құруының кең тараған түрі.
Ø Мильк – дінбасыларының үлестік жерлерге жеке меншіктік құқығы.


39. Қазақ хандығының мемлекеттік және әкімшілік құрылымы.
қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456 – 1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ, т.б. қалалар болды. 15-ғасырдың 50 – 60-жылдарында Орталық және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген ру-тайпалардың (Мұхаммед Хайдар Дулаттың дерегінде 200 мыңдай адам) Батыс Жетісуға қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына тікелей ұйтқы болды. Оларды Ақ Орданың билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар бастап келді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен одақ құрды. Қазақ хандарының ешкімге тәуелсіз билік құра бастаған кезеңін Мұхаммед Хайдар Дулат 1465 – 66 жылдар деп жазды. 15-ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Бұрындық хан және Қасым хан қазақ ру-тайпалары мекендеген Сарысу, Сырдария, Арал маңы, Қаратау етегінің едәуір бөлігіне үстемдік орнатты. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саяси, экономикалық жағдайы нығая түсті. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа дейін жетті, оңтүстікте хандыққа Сырдария бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды. Солтүстікте Ұлытау, оңтүстік-шығыста Қасым ханға қараған халық 1 млн. адамға жетті. Сөйтіп, 15-ғасырдың аяғында Қазақстан аумағының басым бөлігінде өмір сүретін этникалық топтардың тұңғыш рет бір мемлекетке бірігуі басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет