82.Қайта құру қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруға бағыт. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді, алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұл бағыт мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан ірі дағдарыстан құтқара алмады. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. 1987 жылғы маусым Пленумда «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Алайда, республика шикізат көзі ретінде қала берді. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкенде күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
83.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ондаған жылдар бойы келе жатқан келеңсіздіктер – қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған кемшіліктер, ұлт мәселелері – жастарды ашық қимылдарға алып келді. Бұл қимылдарға түрткі болған жағдай, бұл - КОКП Орталық Комитеттің нұсқауымен 1986 ж желтоқсанның 16 күні шешімі бойынша Қонаевтың орнына Г.Колбиннің ұсынылуы болды. Келесі күні Брежнев атындағы алаңға студенттер мен жұмысшы жастар жинала бастады. Республиканың егемендігін сыйлауды, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді, кадр саясатын әділ жүргізуді талап еткен дауыстар естіліп, транспаранттер көтерілді.
Желтоқсанның 18 күні сагат 13-те алаңға әскери училищенің құрамасы енгізіліп, олар ереуілшілерді ұстап, жазалау басталды. Шерушілерге қарсы сапер күректері, үйретілген иттер жіберілді. Қолға түскендер қақаған аязда бірнеше сағатқа зорлықпен қар үстіне жатқызылды. 8500-ге жуық адам ұсталып,1200 адам жұмыстан қуылды, 12 ЖОО-ның ректорлары орындарынан алынды. Жастардың ішінен жас демократ Қайрат Рысқұлбеков ерекше көзге түсті. Оған жасақшы Савицкийді өлтірде деген жалған айып тағылды.Кейін ол ұсталып, абақтыда жұмбақ жағдайда қаза тапты.Кейін анықталғандай, коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен “Бұрқасын-86” атты құпия жоспар жасалған.
Оқиғаның тарихи маңызы: оқиға кеңестік биліктің шынайы бет-пердесін ашты; Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, КСРОда жаңа еніп келе жатқан жас демократияның басы болатын. Сондықтан да оның жүгі ауыр болды. Бұл оқиға жаңа бағыттың – экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың жаңа серпінмен дамуына себепші болды. Желтоқсан оқиғасы – қазақ халқының ар – намысы, қасіреті және мақтанышы.