87.Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оның адам денсаулығына әсері Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шашырап жатқан теңіз, бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналып барады. Осы өңірде тіршілікке, адам өміріне қауіп туғызатын неше түрлі аурулар пайда болуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері көбеюде. Осыдан температураның мөлшері 0,8-3 градусқа артты. Аралға құятын өзен суының 10 пайызынан астамы шаруашылық пен тұрмыс қажетіне жұмсалады. Жыл сайын атмосфераға бір миллиард тоннадан астам толық жанбаған заттар тасталады. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күні 20 мың шаршы шақырымға жуығы ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Тұздың құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, гексохлоран сияқты адам денсаулығына аса қауіпті химикаттар бар.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді.