84.КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кездесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
85.XX ғ.40-80жж Қазақстандағы ғылым мен мәдениет. (Кеңес кезеңінде). ҒЫЛЫМ: Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдық базасы әлсіз болды. Кейін, 1946 жылдың маусым айында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды. Академияның тұңғыш президенті болып, көрнекті ғалым, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. 1946-1949 жылдары минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Қ.И.Сәтбаев бастаған топ Лениндік сыйлық алды. 1950 жылдар ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу кеңейтілді. 1957-1959 жылдары тарихшылар Қазақ КСР тарихының екі томдығын жариялады. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы ірі ғылыми орталыққа айналды. Көптеген шаралар атқарылды, мысалы, академик У.М. Ахметсафин республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А. Айтхожин бастаған ғалымдардың бір тобы генетика мен микробиология саласында үлкен табыстарға жетті.
МӘДЕНИЕТ: 1947 жылы Мұхтар Әуезов “Абай” романының екі кітабын жазып бітірді. 1955 жылы жазушының іргелі туындысының жалғасы – “Абай жолы” эпопеясы дүниеге келді.Ғабит Мүсіреповтың “Оянған өлке” романы 1950 жылдардағы ұлттық прозаның бір жетістігі болды. 1952 жылы В. Голубович Қазақ драма театрында М. Әеузовтың Абай драмасын қойдыСазгер Е.Брусиловский “Дударай”, М. Төлебаевпен бірігіп “Амангелді” операларын жазды. Музыка мәдениетінде әлем эстрадасының деңгейіне жеткен көркемөнер ұжымдары дүниеге келді: “Дос-Мұқасан” ансамблі, Р.Рымбаева сынды әншілер танылды.