Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


ХVI-ХVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылысына сипаттама беріңіз. ХVI-ХVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы. Феодалдық қатынастардың ерекшеліктері



бет14/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Қазақстан тарихы ДСК

24. ХVI-ХVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылысына сипаттама беріңіз. ХVI-ХVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы. Феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.
Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. ХІХ ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік әперді.

25.16 18 ғғ Қазақстанның мәдениетіне сипаттама беріңіз. Қазтуған, Үмбетей, Бұхар жырау шығармашылығы. 16-18 ғғ. Қазақ халқының өзіндік ерекше мәдениеті өркен жайды. Қазақтардың үйлер салу, оның жасауы мен салт-дәстүрлері, көркем-өнерлік кәсібі және халық ауыз әдебиеті меншығармашылығы түріндегі мәдениеті өмірге сіңіп, орнықты. Оларда Қазақстан жерінде мекендеген бұрынгы тайпалар менхалықтардың мәдениет байлықтары табиғи түрде түсінікпен қабылданылды. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау ауданындағы кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқындылығымен ерекшеленді.
1 - Қазтуған жырау Сүйіншіұлы, 15 ғ, туған жері Астрахань қаласына жақын Қызылжар деген жер, қазақ ақыны, жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі, Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры, Ол өзін, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің көсемі, буыршынның бұта шайқар азуы, бидайдықтың көл жайқаған жалғызы деп таныстырды
2 - Үмбетей жырау (1706-1778), Туған жері, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау өңірі, қайтыс болған жері, қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданы, қызметі, жырау, жыршы, Бөгенбай батырдың жауынгер серігі, Үмбетей қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күресінің қызу ортасында болып, тарихи оқиғаларды жырлады, Жырау шығармаларының тарихи және әдеби көркемдік дәрежесі оның қанжығалы Бөгенбай батырды жоқтайтын Бөгенбайөліміне жыры мен батырдың дүниеден өткенін Абылайға естіртетін Бөгенбай өлімін Абылайға естірту атты жырларынан айқын көрінеді
3 - Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684-1781) Туған жері, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы, өз елінде қайтыс болған, моласы Далба тауында, қызметі, әйгілі жырау Абылайханның ақылшы биі, абыз, Руы Арғын, Арғын руының қабырғалы билерінің бірі, Жырау жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере берген, Қиын сәттерде Абылай ханға кеңес берген, елді жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған, Бізге жеткен жырлары 1200-дей жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет