Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


-1824 жж. реформаларға талдау жасаңыз. Хандық биліктің жойылуы және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы. Көкшетау округінің ашылуы



бет16/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
27. 1822-1824 жж. реформаларға талдау жасаңыз. Хандық биліктің жойылуы және жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы. Көкшетау округінің ашылуы.Халық арасында ықпалы кеміген хандар патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына қарсылық көрсете алмады. 1781-1819 жылдары Орта жүзді басқарған Уəлидің қатігездігі халықтың наразылығын туғызды. Патша үкіметі 1815жылы екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Бөкей – 1817 жылы, Уəли – 1819 жылы қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. 1822 жылы “Сібір қырғыздарының жарғысы” шықты. Авторы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Cөз жүзінде округті билеу аға сұлтанға берілсе де, істі шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізу олардың рөлін әлсіретті. Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы “Сібір қырғыздарының облысы”деп аталды. Сот ісі 3-ке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, шағым айту. 1822 жылғы реформа Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді. Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннің “Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Жарғысы” қабылданды. 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
28. И. Тайманов пен М. Өтемісов басқарған Бөкей Ордасы қазақтарының көтерілісіне (1836-1838 жж.), Кенесары Қасымұлы басқарған халық-азаттық қозғалысына (1837-1847 жж.) сипаттама беріңіз. Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.
Көтерілістің негізгі себептері
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін Орынбор губернаторы В.А. Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілерден 70-80 адам қаза табады да, олар амалсыздан шегінеді. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, бірақ батыр жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қаза .1836-1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.
Көтерілістің жеңілу себептері:
Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы;
Қару-жарақ теңсіздігі;
Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы;
Нәтижесі:
Салық мөлшеріне шек қойылды;
Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды;
Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегенін дәлелдеді;
Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару әкімшілігімен байланыста екенін көрсетті;
Әртүрлі халық өкілдерінің қанаушыларға қарсы біріккен күресінің негізі қаланды.
Кіші жүзге келген патшаның жазалаушы әскері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет