82. ХХ ғ. соңындағы Қазақстандағы тілдік жағдайды түсіндіріңіз. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР-ның Заңы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген.
83. 1991 жылғы тәуелсіздік кезеңінен бастап Қазақстанның дамуына талдау жасаңыз. Ішкі саясаттың негізгі бағыттары. 1991 жыл. Тамыз айы.Мәскеуде өткен саяси жағдайдан кейін Коммунистік партия таратылды.1991 жыл. 24 тамыз.Қазақ КСР Жоғары Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылдады.1991 жыл. 29 тамыз.Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы жарық көрді. Осыдан кейін 29 тамыз күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы ҚР-ның ұсынысын мақұлдап Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күресі күні деп белгіледі.1991 жыл. 2 қазан.Тұңғыш ғарышқа қазақ баласы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен жол тартты.
84. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сипаттама беріңіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.