Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39

Миграцияны құқықтық реттеу.

53
Миграцияны  құқықтық  реттеудің  негізі  ол  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  болып 
табылады, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Конституцияда негізінен азаматтардың еркін көшіп 
жүру, республика ішінде, оның сыртында, қайтадан елге қайтып келуі мен еркін жүру құқығы берілген. 
Конституция бойынша оның азаматтары екі елдің азаматтығын ала алмайды.  Ешқандай жағдайда да 
Қазақстан Республикасының азаматтығынан ешкім де, ешқандай жағдайда айырмайды.
Мигранттардың  құқықтық жағдайын реттеуде 26 маусым 1992 жылы қабылданған «Иммиграция 
туралы» Заң қорғады.  Заң негізінен сыртқа көшкен қазақтарды орналастыру мәселесімен айналысты.
Сыртқы және ішкі миграциялық процестерде шиеленіс пайда бола бастаған кезде 1994-1997 жыл-
дары  «Миграция  туралы»  Заң  даярланып  ол  желтоқсан  1997  жылы  қабылданды.    Ол  заңда  бірақта 
елде қалыптасқан миграциялық мәселелердің барлығын реттейтіндей мүмкіндік толық қамтылмады.  
Негізгі миграциялық процестерге байланысты терминдердің түсінігін де жетілдіре түсуді қажет етті.
1997 жылы желтоқсанда Демография және миграция Агенттігі құрылды, онда еркімен қоныс ауда-
руды жүзеге асыру және  келген жанұяларды орналастыру және қазақтарға көмек беру жұмыстарын 
ұйымдастыратын болды. Агентство  тіркеу жұмыстарын, республикаға келгісі келген жанұялар тура-
лы мәліметтер жинау, көмек беру, облыстық миграциялық процестерді ұйымдастыру, мигранттарды 
әлеуметтік қорғау.
Қазақстандағы миграциялық процестерді реттеу негізінде төмендегідей нормативті-құқықтық ак-
тілер қабылданды:
-Президент Қаулысы «О порядке представлении политического убежища иностранным гражданам 
и лицам без гражданства в Республике Казахстан» 15 шілде 1996 жылы;
-  Конституцияға  сай  сыртқа  кеткен  азаматтарға  саяси  құқық  бере  отырып  оларды  қорғау 
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, халықаралық құқыққа байланысты қызмет ету;
- «Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы мәселені қарау» тарулы 27 қыркүйек 1996 
жылы қабылданған  Президент Қаулысы;
- Азаматтықты қайтадан қалпына келтіру немесе оны алу істерін жүзеге асыру құқықтық норма-
ларын «Азаматтық туралы» Заңмен Конституция негізінде және Қазақстан қол қойған халықаралық 
келісімдер негізінде. Осы нормативті құқықтық актілердің субъектісі шет ел азаматтары мен Қазақстан 
Республикасының азаматтығын алушыларға арналған. Қазақстан азаматтығын оның территоиясында 5 
жыл тұрақты тұратындарға беріледі және ол мерзім үзіліссіз болуы керек;
- Қазақстан Республикасының Президентінің «Квота туралы» қаулылары.
Елдегі  миграциялық  процесті  реттеу  терең  саяси  және  әлеуметтік  реформалардың  нәтижесінде, 
азаматтардың құқығын сақтай отырып олардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту арқылы  жүзеге асы-
рылады. 
Елдегі  миграциялық  процестің  өрлеуіне  әсер  еткен  жағдай  ол  астананың  Алматыдан  көшірілуі 
болды. Ақмола жерінде орыстар, немістер мен еврейлер көп тұратын. Астана қаласын мәдени және 
экономикалық  жағынан  дамыту  ол  жерде  жаңа  жұмыс  орындарын  ашады  және  мамандардың  өз 
мамандығы бойынша қызмет етуіне мүмкіндік туады.
Елімізден  сыртқа  маман  жергілікті  қазақтардың  қоныс  аударуы  ол  елдегі  саяси,  әлеуметтік 
жағдайларға, демократиялық реформалардың толық жүзеге асырылмауына байланысты болды. Елдегі 
қазақтардан кейінгі көп этникалық ұлт өкілдері ұйғырлар мен көрейлердің сыртқа қоныс аударуы аса 
көп емес.   Ұйғырлар Қазақстан жерінде бұрыннан тұрып келе жатыр.   Олар мұсылман дінінде, білім 
мен қызметте қазақтармен бірдей сатыда пайдалана алады. Олар білім, ғылым және кәсіпкерлікпен 
айналысады және көпшілігі бұрыннан саудамен айналысады.  Елдегі болған саяси шиеленістер кезінде   
сыртқа көшкен кездері де болды, бірақ қазір  ондай болуы мүмкін емес. Корейлер де сыртқа көшуде 
көпшілік емес, Оңтүстік және Солтүстік Кореядан да корейлердің саяси репатрианттарының болма-
уы мен тілді де толық білмеуі олардың елден сыртқа көп қоныс аудармауына алып келді. 1996 жылы 
эмиграцияға ұшыраған корейлер саны 1063 ғана болды.
Сыртқы миграцияда Орталық Азия және Азиялық Тыңық Мұхит аймағындағы шиеленістер әсер 
етті. Ауғанстандағы мұсылман фундаментализмінің орнатылуы сырттан 100 мыңдаған босқындардың 
келуіне  алып  келді.    Қытайдағы  ұйғырлар  мәселесі  шиеленісті,  Ұйғыр  Автономиялық  ауданынан 
ұйғырлар мен ол жердегі қазақтардың шекаралық аймақтарға көптеп келуіне алып келді.  Қытай мен 
Қазақстан  арасындағы  шиеленістерді  реттеу  негізінде  1994  жылы  көкекте    Қазақ-Қытай  келісіміне 
шекара туралы қол қойылды,  5 мемлекеттің басшылары Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен 
Тәжікстан Москвада шекаралық аймақтарда Шығыс Қазақстанда 370 кв. км. мен Талды-Қорған облы-
сы аймағында 630 кв.км. жерде қару-жарақты азайту туралы келісімге келеді. 
Келешекте миграциялық мәселеде негізгі орында демография мәселесі. БҰұ есебі бойынша 2015 

54
жылы  орталықазия  елдеріндегі  тұрғындардың  саны  1,5  есеге  артады,  75  млн.  адамға  дейін  өседі.  
Аймақтағы  демографиялық  жағдайдың  тез  өсуінен  елдегі  экономикалық  жағдайдың  артта  қалуы 
жұмыспен  қамту  мәселесін  шеше  алмайды  және  осының  нәтижесінде  артық  қалған  жұмыс  күші 
сыртқа қоныс аудара бастайды. Қазақстан арқылы орталықазиялық елдерден артық жұмыс күші мен 
тұрғылықты тұрғындардың қоныс аударуы жүзеге асады[14].
КСРО ыдырағаннан кейін және ТМД құрылған кезде  миграцияға байланысты бірнеше жан-жақты 
келісімдерге қол қойылды.  Мысалы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 
достық  пен  өзара  көмектесу»  (1992  ж.  25  мамыр;  «ТМД  елдері  арасындағы  еңбек,  миграция  және 
тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесіндегі Ақылдасушы Кеңесі» (1992 ж. қарашада), «Қазақстан 
Республикасының Азаматтығы мен құқықтық статусы туралы Меморандум» (наурыз 1994 ж.). 
1995 жылы қаңтарда Қазақстан  мен Ресей арасында мигранттарға азаматтық беру жұмыстарын тез 
арада шешу туралы келісімге келеді, сонымен қатар екі ел азаматтарының басқа жерде құқықтарын 
қорғау.
1996  жылы  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  қатынастағы  негізгі  мәселенің  бірі-  1996  жылы  24 
мамырдағы миграциялық процесті реттеу туралы Келісімді РФ Мемлекеттік Думасының ратификаци-
ялауы болды, екінші жақта тұрып жатқан азаматтардың құқығын қорғау туралы. Осы Келісім бойынша 
Ресейдің немесе Қазақстан Респбликасының азаматы  ол жақта сайлауға қатыса алмады, сайлана алма-
ды, жоғары мемлекеттік істерге араласа алмады және жоғары қызмет пен дипломатиялық қызмет жа-
самады. Референдумге қатыспады, ішкі істер мекемесінде жұмыс жасай алмады. Олар аудандық және 
жергілікті  сайлау  орындарында,  мекемелерінде  жұмыс  жасай  алды,  жергілікті  атқару  орындарында 
жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Осы меморандум екі жақтың да мигранттарының құқықтарын қорғау 
мүмкіндігін алды, екі елде де олардың саны көп еді. Осы келісім бойынша екі елде де азаматтық алу 
мәселесін тез арада шешуге келісілді. 
Тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өзінің тұрғындарының ТМД ел-
дерімен миграциялық процестерін реттеуде көптеген құқықтық нормативтік актілерді қабылдады және 
олардың күнделікті мәселелерін шешуде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Елдегі миграциялық про-
цестерді реттеуде жетістіктерге қол жеткізді.
Қорыта  келгенде,  еліміздің  тәуелсіздігінің  22  жылдығы  аралығында  демографиялық  дамуда  да 
көптеген  жетістіктерге  қол  жеткізілді.  Соның  ішіндегі  ең  ірісі  еліміздегі  көші-қонды  реттеу,  сырт 
жаққа еліміздің тұрғындарының қоныс аударуын азайту. Еліміздегі өтпелді кезең аяқталып нарықтық 
даму  жолына  түсе  бастаған  алғашқы  кезден  бастап  –ақ  бірінші  кезек  күттірмейтін  шешімін  күтіп 
тұрған мәселе көші-қон мәселесі болды. Еліміздің нарықтық даму жолына түсуі және экономикалық
әлеуметтік  дамуда  табыстарға  жетуі  елімізден  сыртқа    қоныс  аударуды  азайтты.  Еліміздегі  сая-
си  жағдайлардың  бірқалыптылығы  мен  экономикалық  тұрақтылық  халықтың  тұрмыс  жағдайының 
жақсаруы енді сыртқа қоныс аудару қажеттілігін тудырмады.  Еліміздегі этнодемографиялық дамужы 
жақсарту негізінде жанұя, неке қатынастарынап ерекші көңіл бөліне басталды. Сонымен қатар жас 
сәбилердің өмірге келуі мен оны қағып-бағу үшін мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмек 
көлемі өсірілді, аналар мен балалар денсаулығын сақтау, қорғауда еліміздегі демографиялық жаңдайға 
әсер етті. Осы ірі әлеуметтік өзгерістер миграциялық процестің тұрақталуына әкелді. Енді сыртқы миг-
рация мен ішкі миграцияға әсер ететін факторлар реттелді, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтар 
мен  ауылдық  жерлердегі  инфрақұрылымдардың  дамытылуы  ішкі  облыс  аралық  миграция  мен  қала 
мен ауыл арасындағы миграцияны тұрақтандырды.  Ал Қазақстан Республикасының  саяси аренадағы 
рөлінің өсуі мен экономикалық тұрақтылық пен  бейбіт қатар өмір сүру негізінде еліміздегі жүзден аса 
ұлт өкілдерінің өздерінің Отаны –Қазақстан үшін еңбек етуге құлшындырды.
Еліміздің тәуелсіздігінің 22 жылы ішінде  қол жеткізген табыстарымыздың бірі елдегі миграциялық 
процессті реттеу болды. Оны реттеу жолында көптеген жетістіктер мен жеңілістерге де душар бол-
ды. Миграциялық процесс қазіргі уақытта мемлекет тарапынан реттеліп және халықаралық миграция 
мен  ішкі  миграцияны  реттейтін  заңдық  актілер  жұмыс  жасайды.  Еліміздегі  саяси  тұрақтылық  пен 
экономикалық жетістіктер миграциялық процестердің  тұрақтануына алып келді. 
Тоқтамай жүрiп отырған миграциялық процестер де еліміздегі этнодемографиялық жағдайға тiке-
лей әсер еттi. Ол әсiресе патша үкiметiнiң орыс шаруаларын күшпен жер аударуынан басталса одан 
кейiнгi орыс мұжықтарының аймаққа өз бетiмен келiп қоныс аударуы және жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң 
жерiн тартып ала бастауы, казактардың келуi болды. Одан кейiнгi соғыс жылдарындағы миграциялық 
процестiң дамуы да үлкен әсер еттi. Сыртқы миграция мен қоса облыс аралық және iшкi миграциялық 
процестер де жиiлеп кеттi. Кейiнгi кездердегi КСРО ыдыраған кездегi көптеген басқа ұлт өкiлдерiнiң 
аймақты тастап кетуi де бұл жердегi этнодемографиялық жағдайға тiкелей әсерi болды.

55
Нарықтық  экономика  сатысына  өткеннен  бастап  еліміздегі    сыртқы  және  iшкi,  облысаралық 
миграциялық қозғалыстар өсiп, ел халқының механикалық жолмен дамуына алып келдi, жұмыссыздар, 
өз бетiмен жұмыс iздеп келушiлер елімізде  көбеюi еліміздегі  этнодемографиялық жағдайға көп әсер 
еттi. Қазiргi кезде республикада  қазақтар санының өскендiгiн көрсетiп отыр және сыртқа көшудiң 
азаюы да көрiнiс берiп отыр.
Еліміздің жалпы әлеуметтiк-демографиялық дамуға әсер еткен: сырттан қоныс аударғандар, 1916 
жылғы  көтерiлiс,  1918-1920жж.  азамат  соғысы,  1921ж.  аштық,  1928-1934жж.  болған  тағы  аштық, 
1937-1938жж. репрессия, 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы- қазақтардың демографиялық дамуындағы 
қайғылы кезеңдер болды. 1928-1934 жж. 610 мың адамның өмiрi қиылды. Жүздеген мың адам РСФСР, 
Өзбекстан,  Түрiкменстан,  Қытай  жерлерiне  қашты.  Одан  кейiн  1936-1939жж.  репрессия  бастал-
ды.  Нәтижесiнде  қазақтар  өз  республикасында  азшылыққа  айналды.  1939  жылы  қазақтар  өздерiнiң 
демографиялық дамуының бiрқалыптылығын жойып алды және тың жердi игергеннен кейiн олардың 
үлесi 30 пайызға дейiн кемiдi.Тек 1985 жылы ғана ол табиғи жолмен өзiнiң өсу деңгейiне жете алды. 
Ең жоғарғы көрсеткiш 1979 жылға сәйкес келдi, ол сол жылғы табиғи жолмен өсу болса, екiншiден, өз 
жерiне бұрынғы қоныс аударған қазақтардың келуi, әсiресе Қытайдан. 1991 жылы қазақтардың үлесi 
41,5, ал орыстар-38 пайыз болды[15].
1991  жылы  КСРО  ыдырағаннан  кейiн-ақ  сыртқа  басқа  ұлт  өкiлдерiнiң  көшi-қоны  көбейдi. 
Орыстар, немiстер,украиндар, еврейлер Қазақстанды тастап көше бастады. Оған негiзгi себеп елде-
гi  экономикалық  дағдарыс,  жанұясына  қажеттi  заттармен  қамтамасыз  етудiң  төмендеуi,  азық-түлiк 
бағасының  өсуi,  өз  туыстарының  қасына  жақын  орналасуды  қалауы.  Әлеуметтiк-экономикалық 
жағынан жұмыссыздықтың көбеюiне тiкелей байланысты. Ал немiстер мен еврейлерге келер болсақ 
олар Германия мен Израилдағы керемет тамаша өмiр туралы естiп, соған қызығу нәтижесiнен де көп 
көшсе, ал екiншiден тиiмдi кезде өздерiнiң жоғалтқан отандарына оралуды ойлады. 
Демографиялық миграциялық процестердiң елдiң келешектегi геосаяси, экономикалық, саяси және 
әлеуметтiк дамуын бiлу үшiн қажет. Ең бастысы қазiргi демографиялық проблемадағы басым бағыттарды 
дәл анықтап, оны шешудiң тиiмдi жолдарын таба бiлу қажет. Осыған орай әлемде индустриализация 
мен урбанизацияның жоғарғы қарқынды жүруiмен туындап жатқан ғаламаттық сипаттағы проблема-
лар  бар.  Оның  қатарына  «өркениет  ауруы»  атанған  -  туудың  азаюы,  өлiм-жiтiмнiң  өсуi,  тұрғындар 
қатарындағы  қариялардың  көбеюi.  Туындаған  мәселелердi  шешу  қоғамдағы  саяси  тұрақтылық  пен 
халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсартудың негiзгi тiрегi-экономикалық дамуға тiкелей байланысты. 
Әлеуметтiк-демографиялық және көшi-қон саясатын саралай отырып шешудi қажет етедi.
Еліміздің  өзiне тән ерекшелiктерi, оңтүстiктегi астана ретiнде мәдени және экономикалық жағынан 
дамуы,  шетелдiк  инвестициялардың  елдiң  экономиксын  дамытуда  көптеп  қолданылып  жатқаны 
да,  халықтың  аймақта  тығыз  орналасуы  және  оның  табиғат  жағдайы  да  әлеуметтiк-демографиялық 
дауына  қолайлы  жағдай  жасай  алады.  Келешекте  Жетiсу  өңiрiнiң  халықтары  жоғары  әлеуметтiк-
демографиялық сатыға көтерiлiп жалпы республикадағы этнодемографиялық дамумен тығыз байла-
ныста дамуына толық мүмкiндiк бар. Қазiргi кезде Егемен Қазақстан Республикасына демографиялық 
саясаттағы проблеманы шешу негiзгi мәселе болып табылады. Жан-жақты зерттей отырып ғылыми 
тұрғыдан халықтың даму тарихына талдау жасау қажеттiгi туып отыр. Оны уақытында шешу, дұрыс 
бағасын  беру  және  халық  арасындағы  үгiт-насихат  жұмыстары  Республикадағы  және  аймақтағы 
халықтардың тұрақтылығын сақтауға негiз болады және қазақ халқының қайта өрлеуiне негiз салып 
Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан тәуелсiз өмiр сүруiне негiз салады.  
Экономиканың  тұрақтылығы  мен  дамуы,  халықтың  материалдық  жағдайының  жақсаруы, 
қазақстандықтардың  рухани  жағынан  дамуы-  халықтың  демографиялық  жағынан  дамуының  негiзi 
болып табылады. Оған әсер ететiн факторлар қатарына Қазақстан мемлекетiнiң сыртқы қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз ету, саяси және ұлттар арасындағы тұрақтылықты сақтау. Қазақстандағы өнеркәсiп орын-
дары  жаппай  iске  қосылып,  жұмыссыздық  жойылып,  халықаралық  қоғамдастықтағы  тең  құқықтық 
ролге ие болғанда елдегi жалпы демографиялық жағдай да жақсарады. Сондықтан республикамыздағы 
жекелеген аймақтардағы әлеуметтiк-демографиялық процестердi зерттеудi онан әрi жалғастыра түскен 
абзал. Алдағы кезеңде көшi-қондық процестердi, әлеуметтiк құрылыс ерекшелiктерiн өз алдына бөлек 
нәрсе  ретiнде  қарастыру  қажет.  Мұндай  бағыттағы  зерттеу  құжаттарына  осы  ұсынылып  отырған 
докторлық диссертацияның игi ықпал тигiзерi сөзсiз.
Әдебиеттер
1.Программа демографического развития Республики Казахстан на 2001-2005 годы // Официальная газета. 
- № 46(47). – 2001г.17 ноябрь.  -С. 5-7.

56
2. Алматы облысының статистикалық басқармасының мәліметі бойынша// Жетісу, 2001. 1 наурыз 2-бет.
3.  Итоги  миграция  населения  в  республике  Казахстан  за  1997  г.-Алматы:  Комитет  статистике  и  анализу 
Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, 1998. - С.83-85.
4. Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года Казахская ССР. -Москва:Госстатиздат,1962.-202с.(13):  
Численность,естественное движение и миграция населения КазССР, в 1989 г. -Алма-Ата,1990
5. Остапенко Л.В., Субботина И.А. Некоторые проблемы русских в ближнем зарубежье: миграции, занятость, 
конфликты //Российский этнограф. -М.,1993. - С.309.
6.  Итоги  миграция  населения  в  республике  Казахстан  за  1997  г.-Алматы:  Комитет  статистике  и  анализу 
Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, 1998. с.83-85.
7.  Миграционная ситуация в странах СНГ. Под.ред. Ж.А.Зайончковской. –М., 1999-288 с.
8. Садовская Е.Ю. Миграционные процессы и миграционная политика в Казахстане // Миграционная ситуа-
ция в странах СНГ.-С.119-121. 
9.Терещенко Т.А. Иммиграция в Казахстан по данным переписи населения 1999 г. –С.81-85.
10.  Россия-Казахстан:  фронтьерская  миграция.  Сб.научных  турдов  /Под  общ.ред.Ж.А.Зайончиковской  и 
М.Н.Сдыкова.-М.:РСО. - 2002. – 236с.
11. Потуданская В.Ф., Д.Н.Шайкин. Естественное и механическое движение населения и трудовых ресурсов 
Северного Казахстана: анализ моделирования и прогнозирования. –М.2008.-168 с.
12. Миграционные процессы в странах Азии и Африки опыт  государственного регулирования. –М., 2010.
13. Куклина И.Н. Международный  диалог по проблемам миграции: тенденции и перспективы.-М., 2010. –
С.53-67.
14. Иванов Д.В. Вынужденная и трудовая миграция населения в международном и национальном праве.- М:
БИ., 2010.-240с.
15. Основные итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Статистический сборник /Под 
ред. А.А.Смаилова.-Алматы, 1999.-211 с.
ҚАЛШАБАЕВА Б.К.
т.ғ.д., әл-Фараби  ат. ҚазҰУ
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ*
1
Көршілес, туысқан Қырғызстанда 32 мыңнан аса  қазақтар мекендейді. Орталық Азияның  басқа 
республикаларымен салыстырғанда қазақтар Қырғызстанда сан жағынан аса көп емес. Олардың негіз-
гі бөлігі  Бішкек қаласында, Сокулук аудандарындағы Манас,  Приозерное,  Раздольное,  Алтыбарақ 
елді-мекендерінде, Аламеддин, Талас, Шу, Токмок өңірлерінде  және Ыстықкөл аудандарында  рулық 
жақындығына қарай шоғырлана қоныстанған.  
Қырғызстандағы  қазақтардың  рулық  құрамына  келетін  болсақ  мұнда  негізінен  Ұлы  жүздің 
сарыүйсін, дулат рулары мен Орта жүздің арғын рулары мекендейді. Шу, Талас өңірі қазақтары ұлы 
жүзден құралып, өздерінің ертеден мекендеген ата қонысын жалғастырса, Орта жүздің арғын тайпа-
лары жоғарыда айтып өткендей тарихтың әр кезеңіндегі тарихи оқиғалардың салдарымен келіп,  қай 
аумақта  болмасын  ру-ру  болып  орналасқан.  Мәселен,  Манас  селосында  Темешбайдан  тарағандар 
бөлек орналасса, Семей жақтан келген керейлер бөлек көше, Озерное деген елді мекенде арғынның 
жәутіктен тарағаны көбірек, сол сияқты шұбыртпалы, мейрамсопы деген аталары да бірыңғай мекен-
дейді. Ал, Сокулук ауданының Ақжай ауылында 100 үйден аса  арғындар, 5-6 үй үйсін, Манас село-
сында да арғындар басым болып, 150 отбасы үйсіндер бар. Бішкектің маңайындағы «Ұшқын», «Алты 
барақ», «Янги пахта» елді-мекендерінде де орта жүздің  арғын, тобықты, азырақ уақ рулары кезде-
седі. Ал Камышевка елді мекенінде үйсіндер басым да, Қант ауданында (Ыссыката ауданы) орта жүз 
қазақтары  көбірек. Бішкек қаласының «Ат заводы» маңында да 20-30 үй тарақты, үйсін қазақтары 
мекендейді [1,112-113бб ]. Ал, Ыстықкөлдегі шашыраңқы орналасқандарды «сіңбе қазақтар» деп атап 
кеткен. Сол сияқты Биоводск ауданының Қарабалта, Қайыңды, Ускун (Қазақстан шекаралас) жерлерде 
де қазақтар баршылық  (2).  
 Қырғызстандағы қазақтардың  этникалық  тарихына келетін болсақ, олардың бір бөлегі  қырғыз 
халқымен  еншілес орналасып, ежелден келе жатқан ата қонысын мекен етсе (Шу, Талас бойындағылар), 
ендігі бір тобы халқымыздың басына түскен тарихи зобалаңдармен байланысты қоныс тепкен.  Олардың 
Қырғызстан аумағында тұрғандығы жөнінде көптеген зерттеулер мен деректерде кездеседі. Мәселен,  

Қазақстан  республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  гранттық  қаржыландыру  бойынша  1147  «Қазақ 
диаспорасы және репатриация: этномәдени мұраларын зерттеу және тарихи Отанға бейімделу проблемалары» 
ғылыми жоба аясында

57
ХІХ  ғ. аяғы  ХХ ғ. бас кезеңіндегі қырғыз елі аумағындағы қазақтардың саны жөнінде мына бір дере-
кте: «Пішпек уезі Пригороднее болыстығындағы 556 қожалықта - 2477 қазақтар болса, Нарында - 4,  
Пішпекте - 48 қазақ қожалығы болды», - деп көрсетіледі  [3, С. 63-64 .].  Нарын өңіріндегі қазақтар жөнінде 
мына архив құжатындағы мәліметте: «...1909  ж. 5 мамырдағы Нарын болыстығындағы халықтарды 
есепке алу кезеңінде қазақтар А.Лутинге қарсылық көрсетіп,  нәтижесінде  ол дене жарақатын алады. 
Бірақ қазақтардан  келетін аса бір қауіп болмаса да, бұлардың мына әрекеті орыс үкіметінің беделіне 
нұқсан келтіреді,  сондықтан оларды Ақмолаға жер аудару керек»,- делінеді  [4, 9-12 пп.]. Бұл құжаттар 
қазақтардың аталған аумақтарда қырғыздармен қатар өмір сүргендігін көрсетеді. 
Халқымыздың басына түскен зобалаң жылдары  олардың бір бөлегі Қытайға ауғандығы белгілі. 
Соның  бірі  1916  жылы  Жетісу  облысындағы  «Қазақ-қырғыз  көтерілісі»  оқиғасы  халқымыздың  бір 
тобының жаппай шетелдерге, көршілес елдерге оның ішінде Қытай мемлекетіне қашуына мәжбүр етті. 
Әсіресе Қаракөл, Нарын округінен қырғыздар мен қазақтар  көп кеткен. Осы жөнінде архивтен алынған 
деректе былай делінеді: « қытай еліне Қаракөл уезінің барлығы, Нарыннан 5 болыстықтың жартысы-
нан астамы, Пішпек уезінен Сарыбағыш болыстығы және  көрші Шансы және Тыковскі халқының 
үлкен бөлігі қашты. Сондай ақ Алматы, Жаркент, Лепсі және Қапал уезінен де көптеген қазақтар ауды. 
1916 ж. оқиға зардабынан қашқан адам саны шамамен 100 мыңға жеткен»,-деп көрсетеді. [5, 136 п.].Ал, 
Кеңес өкіметінен қорқып қашқандар жөнінде, яғни 1917-1918 жж. партизандардың қызыл отрядтары 
террорынан, дүние мүлкін алып қояды деген қауіппен, тағы да халықтардың Қытайға қашуы кең етек 
алды. Қытай елінде қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Уәкіл Б. Салтанаевтың есебі бойынша 600 
адам бір үзім нанға баласын әйелін сатқан.  Әртүрлі қарызды мойынға ілгендер саны- 500 дей болған 
Көп әйелдер қытайларды дүнген мұсылмандар деп күйеуге шықты, ал кейін қателігін біліп, олардан 
кетемін деген әйелдердің тілін кесті. Тіпті олармен бірге еріп келген жас қыздарын әйелдікке алды. 
Кейбіреулерін жезөкше үйлерінде ұстады»-, деп көрсетеді [5, 137 п.]. Міне, осындай ауыр жағдайларды 
көзбен көріп қайтқан соң оларды қайтарып алуға Кеңес өкіметінен көмек сұралып, оған ақша бөлініп 
елге көшіру шаралары жүргізіледі.  Бірақ олардың елге қайтуы бірнеше жылдар жүрді. Ал,  1921-1922 
жж.    жер  реформасын  жүргізуіне  байланысты  біршама  тез  жүрді.    Соның  өзінде  қазақтардың  2300 
қожалығы Қытайда  қалып қойса,  елге бет бұрған олардың бір тобы  төл Отанға қайтудан бас тартып  
қазіргі Бішкектің төңірегіне,  Ыстықкөлге қоныс тебеді.  Бұл жөнінде 2000-2001 жж. Қырғызстандағы 
қазақтар  арасынан  жиналған  деректерде  бірнеше  информаторлар  өздерінің  Қытайға  ауып,  одан 
қайтарда  Қазақстанға оралудан үрейленіп, 20-30 отбасы қырғыз елінде қалып  қойғандығын, қырғыз 
манаптарының қамқорлығы арқасында аман қалғандықтарын айтады  (6).  
Қырғызстандағы қазақ диаспорасының қалыптасуының ендігі бір себебі 1924-1926 жж.  этникалық-
мемлекеттік  территорияны  межелеу  шараларымен  байланысты  болды.  Мәселен,  шекараны  меже-
леу  бойынша    қазіргі  Қордай  ауданына  еніп  тұрған  «Арғын»  ауылының  азаматтары  өздерін  қайта  
Қырғызстан аумағында  қалдыруды  сұрайды.  Межеленген этникалық-мемлекеттік территория қайта 
қаралып,  нәтижеде  42  отбасы    200-ге  тарта  қазақтар  Қырғызстан  республикасындағы  қазақ  санын 
көбейтті [1, 71-72 бб.]. Сондай-ақ, Қырғызстандағы қазақтардың ендігі бір бөлігі ұжымдастыру кезін-
де Қытай аспақ болып, ары  өте алмай қырғыз елінде қалып қойғандарды құрайды. Мәселен, Қалиев 
Бұғыбай, Мәдібекұлы Бөлекбай, т.б. ақпарат берушілер Қарағанды облысынан 15-20 үй болып Нарынға 
көшіп, одан ары өте алмай, бір жылдай тұрып, Бішкектің төңірегіне жайғасқандығын айтады. Бүгінде 
Бішкек қаласының төңірегіндегі  «Манас», «Алтыбарақ», «Приозерное», «Раздольное» т.б. елді мекен-
дердегі қазақтар сол кезеңдегі арғындардың ұрпақтары. 
Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстанның этникалық территориалдық шекараларын межелеу 
барысында (қазақ-қырғыз арасында шекараны нақтылау 1924 жылдан 1929 жылға дейін  жүргізілді)  
Сусамыр,  Қанжайлау,  Қарқара  т.б.  жайлауларға  қатысты  дау  көп  болды.  Бұл  жайлаулар  қазақ  пен 
қырғыздың  ежелден  қатар  еншілескен  жерлері  екендігіне    қарамастан  Қырғызстанның  пайдасы-
на  шешіліп  отырды.  Оған  бір  жағынан  даулы  территориялардағы  халық  есебі  қыс  мезгілдерінде 
жүргізілуіне  байланысты  қазақтардың  қыстауда  болуы,  екінші  жағынан  бұл  аймақтардың  қазақтар 
шоғырланған жерлерден шалғайлау болуы деп айтуға болады. Осындай жағдайларға байланысты 1926 
жылдарда Қырғызстан территориясында 14324 қазақ саны көрсетілсе, 1927 ж. мамырда Қырғызстанда 
1766 қазақ болғандығын архив құжаты көрсетеді [7, 6 п.].  
Сондай  ақ  арғындардың  қаракесек  руының  көпшілігі  Қырғызстанға  ашаршылық  кезінде  келеді. 
2001 -2003 жж. жиналған далалық деректерде Әбдібаев Кәсен ақсақалдың өз көзімен көргенін айтқаны 
бар еді. Ол:  «1931-1932 жж. қаракесек туысқандар келе жатыр деп естіп, алдынан шыққанымызда, 
ашаршылық әбден өтіп кеткен екен, шыдай алмай көбісі өліп кетті,  ал Қырғызстанға ертерек қоныстанған 
қазақтар ашаршылықты көп көрген жоқ», - деп әңгімелейді (6). Сол сияқты, Ыстықкөл аймағындағы 

58
қазақтардың орналасуы жөнінде мына бір деректе былай делінеді: «Ыстықкөл шұңқырында Ақсу пи-
кеті маңы қонысқа қолайлы  ал, Заукеде қазақтардың егістігінен басқа  аса маңызды қоныстар жоқ. 
Қазақтар негізінен Ақсу мен Топай аралығында көбірек көшіп-қонып жүреді» [8, 10 п.]. 2002 жыл-
дары Қырғызстанға іссапармен барғанымызда «Қазақ ұлттық мәдени орталығы» төраға орынбасары 
Молдабаев  Бейсехан,  Қарқара  жақтан  ауып  келген  Ыстықкөлдегі  қазақтардың  бір  бөлігі  1958-1960 
жж. еліне көшсе, бір бөлегі қырғыз болып кетті, - деп айтып қалды.  Сонымен ел арасынан жиналған 
деректерге қарағанда, олардың бір тобы өздерінің ата бабасын 100-150 жыл бұрын  келгендігін  айтса, 
ал енді бір тобы ата бабалары көрген зорлық зомбылық нәтижесінде елден кетіп, пана іздеуге мәжбүр 
болғандардың ұрпақтары екендігін  әңгімелейді.
Қырғызстандағы қазақтардың этнодемографиясына көз жіберсек, 1924-1926 жж.  Қырғыз автоно-
миялы облысының  Пішпек округінде қазақтар 4,6 %, қырғыздар 44,8 %, өзбектер 4,2%, орыстар 41,4% 
құраса, Қаракөл-Нарында қазақтар 1,8 %, қырғыздар 71,8%, өзбектер 2,3 % болды. Қалған екі округ 
Жалал Абад пен Ошта қазақ кездеспейтін [9, 650-651бб.]. Жалпы 1926 ж. санақ бойынша қазақ саны 
–1766 көрсетілсе [10, 202-205бб.], архив құжатында – 1749 қазақ саны беріледі [11,109 п.]. 
1932-1933  жж.  ашаршылық,  астықтың  шықпауы,  экономикалық  қиыншылықтар  т.б.  себеп-
терге  байланысты  Қырғызстанға  Қазақстаннан,  Сібірден    көптеген  мигранттар  келді.  Мұндай 
миграциялық үдерістер қырғыз еліндегі халықтардың этникалық құрамын өзгертті. Нәтижесінде 1939 
ж  республикадағы  қырғыздардың  саны  51,7%-ке  түседі  де,  есесіне  басқа  ұлттар  көбейеді.  Мәселен 
орыстар 20,8%, немістер 0,8%, қазақтар 1,6%-ке көбейді. [12, С.70]. 1939 ж 17 қаңтардағы есеп бойынша 
23925 қазақ саны көрсетіліп, Қырғызстан халқының 1,7% құрады. [11,109 п].  Ал, 1959 ж. халық санағы 
бойынша Қырғызстанда 2006,0 мың адам тұрып, оның 836 мыңы (40,5%) қырғыздар, 623 мың (30,2%) 
орыстар, 218 мың (10,6%) өзбектер, 20067 (1,0%)  қазақтар құрады [13, С.179].  1959 ж. мәліметке 
қарағанда қазақ саны 1939 ж. санынан кеміген. 1959-1979 жж. қазақ саны бар-жоғы 7 мыңға көбейсе, 
1989 жылы Қырғызстанның халқы 4257 мың адамға жетіп, оның 2229 мыңын (52,4%) қырғыздар, 616 
мыңын (21,5%) орыстар, 550 мыңын өзбектер (12,9%) өзбектер, 37318 (0,9%) қазақтар құрап [1,154 б.] 
, тағы бір 20 жылда 10 мыңға көбейеді. 
  1897-1999 жж. аралығындағы Қырғызстан халқының жалпы саны мен қазақтардың үлесін  кесте-
мен көрсетейік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет