Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
пән мазмүнын жобалауда спиральділік үстанымы, ягни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырып бойынша жэне сыныптар бойынша күрделендіру);
таным заңдылыгы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дагдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
білім беру деңгейлері жэне түтас оқу курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
бөлімдер мен ұсынылган тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады.
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын түйінді құжаттар мен терминдер
- Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
- Оқу бағдарламас
- Оқу жоспары
- Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
- Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
- Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
ҚР МЖМБС білім алушылардың дайындық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне және оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Оқу бағдарламасы білім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын, мағат санын, бағалау жүйесін және т.б. сипаттайтын құжат.
Оқу бағдарламасының құрылымы:
1. Түсіндірме жазба
2. «Математика» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
4. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
5. «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру: оқу жүктемесінің бөлінуі; оқу пәнінің мазмұны; оқу мақсаттарының жүйесі; ұзақ мерзімді жоспар
Оқу жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |