Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары


Оқу бағдарламасының үйлесімділігі



бет4/4
Дата10.12.2023
өлшемі20,59 Kb.
#136382
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары-emirsaba.org

Оқу бағдарламасының үйлесімділігі
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалган талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр. Оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу багдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді. Демек, оқу бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер жэне бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс. Мұны төмендегі сызбадан (1-сурет) көруге болады:

1-сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі
Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті - оқу бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет