Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізудің проблемалары



Дата14.05.2023
өлшемі14,83 Kb.
#93094
Байланысты:
инклюзив


Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізудің проблемалары
Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген.
Инклюзивті білім берудің 8 принципі бар
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
2. Әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
3. Әркімнің сөйлесуге және оны тыңдауға құқығы бар;
4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж;
5. Білім нынайы қарым-қатынастар аясында ғана жүзеге асуы мүмкін;
6. Барлық адам өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
7. Барлық оқушы үшін жетістікке жету – оның орындай алатын әрекеті;
8. Жан-жақтылық адам өмірінің аясын кеңейтеді.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды.
Еліміздегі ерекше білімді қажет ететіндер статистикасы
Білім туралы заң бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалардың санатына, денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болған балалар санаты жатады. Бүгінгі таңда олардың саны 161 мыңнан асады. Өкінішке қарай, бұл санаттағы балалардың саны жыл сайын 3 пайызға өсіп отыр, - деді Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің Инклюзивтік және арнайы білім басқармасының басшысы Әйгерім Кудеринова.
- Психикалық дамуы тежелген балалардың саны 50 мыңнан асады;
- Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың саны 47 мыңнан асады;
- Нашар көретіндер – 8 004;
- нашар еститіндер – 3 857;
- ақыл-есі кем – 25 045;
- тірек-қимыл аппаратының бұзылуы – 18 841;
- аутизм спектрінің бұзылуы – 5 193;
- естімейтіндер – 2 054;
- көзі көрмейтіндер – 313.
Инклюзивті білім беруді енгізуді үйлестірудің негізгі проблемалары
- педагогтердің әлеуетін арттыру;
- менеджемент пен кадрлық жүйесін жақсарту.
Инклюзивті білім берудің тиімсіз басқарылуы және кадрлық әлеуеттің болмауы байқалады. Осындай басты проблемаларды шешу үшін өңірлерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Мониторинг бойынша 8 өңірде үйлестіру кеңестері құрылған. Сондай-ақ, 9 өңірде инклюзивті білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламалары әзірленіп, жүргізіліп жатыр. Барлық өңірде осындай жұмыс жүргізілсе, инклюзивті білім беру сапасының көрсеткіші жақсарады, - дейді Әйгерім Кудеринова.
Сонымен қатар, БҒМ министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтің отырысында елімізде 46 ПМПК және 25 түзету кабинетін құру қажеттігін айтты. Бұл ерекше балалар үшін ауадай қажет шара. Бүгінгі таңда ПМПК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет