Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Карбамидті концентрат өндірісі



Pdf көрінісі
бет114/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.9. Карбамидті концентрат өндірісі
Карбамидті концентратты дəн қоспасы (70-80%), карбамид (15-
25%) жəне натрий бентониті – бентонит сазынан (5-7%) жасайды.
Карбамид (NH
2
)
2
СО – ақ, кристалды зат, иіссіз, ащы дəмі бар, 
суда жақсы ериді, 46% азот сақтайды. Химиялық өндіріс оны кри-
стал жəне түйіршік күйінде шығарады. Белгілі бір температуралық 
жағдай мен қысымда аммиак көмірқышқыл газымен əсерлесіп, 
карбамид түзейді. Карбамид азотының протеинге айналуы мал 
организмінде былай жүзеге асады: күйісті ірі қараның ас қорыту 
жолдарында, əсіресе қарындарында микроорганизмдер көп болады. 
Микроорганизмдер бөліп шығаратын ферменттер карбамидті ам-
миак пен көмірқышқылына ыдыратады. Аммиакты жəне ыдыраған 
көмірсу жəне басқа азық заттарын пайдаланып, бактериялар өз 
денесінің ақуызын түзейді. Азықпен бірге асқазанға барғанда микро-
организмдер ақуызы азықтың құраушы бөлігі сияқты қорытылып, 
оның ақуызы малға сіңеді. 1кг карбамид 2,6кг корытылатын проте-
инге тең.
Карбамидті концентрат өндірісінің технологиялық үдерісі мына 


212
желілерден тұрады: дəнді дақылды, карбамид, бентонитті дайын-
дау; құрауыштарды мөлшерлеу; араластыру; қоспаны экструдерлеу; 
алынған концентратты суыту; концентратты ұнтақтау; өнімді қаптау 
жəне жөнелту (3.26-сурет).
Дəнді дақылды тазалау астық тазалағыш машинада жүргізіледі, 
металды қоспа электрлі-магнитті сепараторда тазаланады.
Бөтен қоспалардан тазаланған дəнді дақыл балғалы ұнтақта-
ғышта ұнтақталады.
Ұнтақталған дақылдың ірілігі: Ø 3мм електегі қалдық 10% аспа-
уы керек.
Карбамидті дайындау желісінде карбамидті қаптан босатқыш 
машинада босатып, қопсытып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа 
жібереді.
Бентонитті дайындау желісінде бентонит қаптан босатқыш 
машинада А1-БПУ қаптан босатылып, мөлшерлегіш алдындағы 
қорапқа түседі.
Дайын құрауыштарды мөлшерлеу көпқұрамды таразылы 
мөлшерлегіште жүзеге асады.
Араластыру көлденеңді кезеңмен жұмыс істейтін араластырғыш-
та арастырылады.
Экструдерлеу экструдерде жүргізіледі, яғни қысу жəне үйкелу 
күшінің əсерінен қоспа крахмалдың клейстерлену температурасына 
дейін қыздырылып, карбамид ериді.
Экструдер – шнекті сығымдағыш. Экстудер шнегі бірнеше сек-
циядан тұрады. Секциялар булы шайбамен бөлінген, олар шнек 
арқылы жылжыған қоспаға кедергі жасап, оның біртіндеп қызуына 
əсер етеді. 
Экструдердегі қысым 10 МПа жəне одан да жоғары болып, оның 
біртіндеп қызуына əсер етеді, ал қоспаның температурасы 130-135
0
С.
Осы жағдайда карбамид ериді, өйткені оның еру температурасы 
132
0
С. Қыздырылған өнім қамыр сияқты консистенцияда болып, 
экструдерден шығарда қысымның атмосфералық қысымға дейін тез 
төмендеуіне байланысты жарылады.
Экструдер шнегінің аяқ жағында түйіршіктегіш орналасқан, одан 
шығарда концентрат арнайы айналғыш қондырғы арқылы кесіліп, 
сопақша
 күйдегі түйіршіктер алынады. 
Экструдерден кейін түйіршік көлденеңді суытқышқа Б6-ДОБ 
барып суытылады, өйткені ыстық күйде жабысып қалып, нашар 
ұнтақталады.


213
Суытқыштан кейінгі өнімнің температурасы қоршаған орта 
температурасынан 18
0
С аспауы керек. Суытылған өнім балғалы 
ұнтақтағышта ұнтақталып, қаптауға жіберіледі. Карбамидті кон-
центрат күйісті малға арналған құрама жемге 10% дейін, ақуызды-
витаминді қосымшаға 60% дейін енгізіледі. 
Карбамидтің өзін жеке құрама жемге қосуға болмайды, ол тез 
ыдырап кетіп, мал улануы мүмкін. Сондықтан синтетикалық моче-
винаны тиімді қолдану үшін оны көмірсулы құрауыштармен қосып, 
азыққа біркелкі енуін, мал қарнында гидролиздену жылдамдығын 
азайту керек. 
Карбамидті концентрат 40-80% шикі протеин сақтайды, 
сондықтан құрама жемге табиғи ақуызды құрауыштардың орнына 
енгізіледі.
Карбамидті концентраттың сапасы 3.5-кестеде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет