Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


І БӨЛІМ ҰН, ЖАРМА ЖƏНЕ ҚҰРАМА ЖЕМ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет2/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

І БӨЛІМ
ҰН, ЖАРМА ЖƏНЕ ҚҰРАМА ЖЕМ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1-ТАРАУ
ҰН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Бидай жəне қара бидай дəндерінің технологиялық 
қасиеттері
Тартуға бидай мен қара бидайдың дəндерін пайдаланады. 
Олардан тағамдық қасиеттері жоғары аса бағалы ұн алынады. 
Ұнның шағымына жəне сапасына дəннің химиялық құрамы мен 
технологиялық қасиеттері, ал бұл қасиеттер дəннің сұрыптық 
ерекшеліктеріне, оның өсіп-өнген ортасына, топырақтың құрамы 
мен ауа райына байланысты өзгеріп отырады.
Астықтың технологиялық қасиеттері деп дəннің барлық 
физикалық, химиялық қасиеттері мен сапасын, оның ұнға айналу 
кезіндегі сипаттамасын, ұнның жалпы шығымын жəне оның сапа-
сын айтады, сондай-ақ қуат шығыны жатады.
Елімізде ауа райына жəне егістік жердің құнарлылығына бай-
ланысты 80-ге жуық күздік бидай, 100-ден астам жаздық би-
дай сұрыптары егіледі. Олардың ішінде ең құнды сұрыптары 
Мироновтық 808, Безостық 1, Одессалық 51, Саратовтық 29, 
Қазақстандық 126 жəне Харьковтық 46. Елімізде кейінгі кезде пай-
да болған прогрессивті жаңа күздік бидай сұрыптары: Богарналық 
56, Жетісу, Қарлығаш, Прогресс, Опакс-1, сондай-ақ жаздық бидай 
сұрыптары: Қазақстандық 3, Қазақстандық 10, Қазақстандық 15, 
Қазақстандық 25, Целиналық 24, Целиналық 60, Қарабалықтық 90, 
Лютенценс, т.б. Бұл сұрыптардың технологиялық қасиеттері жоғары 
болғандықтан көп мөлшерде жоғары сапалы ұн алуға болады.
Қара бидай бидайдан кейінгі ұн алуға пайдаланылатын екінші 
орындағы дақыл. Ол еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс жəне 
кейбір шығыс аудандарында кеңінен тараған.
Бидай мен қара бидайдың əртүрлі сұрыптарының тек өздеріне 
ғана тəн қасиеттері бар. Бірақ олар ауа райына, егістік жердің 


6
құнарлылығына байланысты өзгеріп тұрады. Сондықтан оларды 
тиімді пайдалану үшін технологиялық қасиеттерін əрдайым анықтап 
тұру керек.
Бидай эндоспермнің шынылығына, түріне (жұмсақ жəне қатты), 
жаздық немесе күздік нысандарына (формаларына), дəннің түсіне 
(қызыл немесе ақ) қарай төмендегідей типке бөлінеді:
І тип – жаздық жұмсақ қызыл бидай;
ІІ тип – жаздық қатты бидай;
ІІІ тип – жаздық ақ бидай;
ІV тип – күздік қызыл бидай;
V тип – күздік ақ бидай;
VІ тип – күздік қатты бидай;
Қара бидай құрылысына, өндірілетін аумағына қарай үш типке 
бөлінеді:
І – солтүстік күздік;
ІІ – оңтүстік күздік;
ІІІ – жаздық қара бидай.
Күздік қара бидайдың жаздық қара бидайға қарағанда 
технологиялық қасиеттері жоғары болады.
Астықты қабылдау жəне ұн тартуға дайындау кездерінде 
бидайдың күшіне едəуір көңіл бөлінеді. Өйткені күшті бидайдан 
сапалы жəне наубайханалық қасиеттері жоғары ұн алуға болады. 
Осындай ұнды наубайханалық қасиеттері төмен ұндарды жақсарту 
үшін пайдаланады. Бидайдың күштілігін көбіне дəннің жəне ұнның 
наубайханалық сапасын бағалау үшін қолданады. Наубайханалық 
күшіне қарай жұмсақ бидай күшті, орташа жəне нашар деп үш топқа 
бөлінеді. Профессор Е. Д. Казаков бұл үш топқа мынадай баға бер-
ген.
Күшті бидайдан алынған ұннан қамыр илегенде, ол суды көп 
сіңіреді. Осы қамырдан пісірілген нан сапалы, көлемі үлкен бола-
ды. Ол ашып жетілу үшін көп уақытты қажет етеді, нанның қабығы 
жұқа болады. 
Күші орташа бидайдан да наубайханалық сапасы жақсы ұн алуға 
болады.
Күші нашар бидай ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту үшін 
күшті бидайдың ұнын қосу қажет.
Дəннің шынылығы мен басқа көптеген қасиеттері оның 
наубайханалық сапасын бағалайтын көрсеткіштер. Дəннің 
шынылығы мен оның пайыздық мөлшері бидайдың сұрыпты ұн 


7
тартуға жарамдылығын жəне ұн тартқанда жүретін үдерістердің 
ырғағын ретімен анықтайды. 
Астықтың технологиялық қасиеттері негізінде үш топқа жататын 
көрсеткіштер арқылы бағаланады:
1. Астықтың жалпы сапалық көрсеткіштері – дəмі, иісі, түрі-
түсі, ылғалдылығы, сондай-ақ шөп-шалаң, аурулармен жəне зиянды 
жəндіктермен зақымданған дəндердің мөлшері, 2,0х20 мм електен 
өткен заттар.
2. Дəнді ұнтақтауға əсерін тигізетін көрсеткіштер – дəннің 
шынылығы, ірілігі, біркелкілігі, көлемділік өлшемі, 1000 дəннің 
салмағы, күлділігі, тығыздығы.
3. Наубайханалық көрсеткіштер – сағыздықтың мөлшері мен 
сапасы, құлау саны, газ шығару жəне осы ұстап тұру қабілеті, елен-
ген ұнның қасиеттері, сынақ нанның бағалары, т.б. қасиеттері.
Астыққа жалпы баға беруге арналған көрсеткіштер – оның 
ұн тартуға жарамдылығын көрсететін жалпы қасиеттері. Бұл 
көрсеткіштер негізгі (тұрақты) көрсеткіштер жəне ең төменгі 
шектік көрсеткіштер деп екіге бөлінген. Егер астықтың сапалық 
көрсеткіштері болуы керек көрсеткіштерден кем не артық болса, 
онда оны диірменге тартуға жіберуге болмайды.
Негізгі көрсеткіштеріне бидай сағызының мөлшері мен сапа-
сы жатады. Жоғары сұрыпты ұн тартуға арналған бидайда оның 
мөлшері 25%-дан, жай ұн тартуға арналған бидайда 20%-дан, ал 
оның сапасы 2 топтан төмен болмауы керек.
Диірменге жіберілген астықтың ылғалдылығы 13,5%-дан аспауы ке-
рек. Егер одан артық болса, ұн тарту үдерісі қиындайды да, зауыттың 
жұмыс өнімділігі төмендейді, электр қуатының шығыны өседі жəне 
ұнның сапасы төмендейді. Егер ылғалдылығы 13,5%-дан төмен болса, 
оны дайындау кезінде жоғарылатуға болады. Бұл қосымша ылғалдау 
ұн дайындауда оның қабыршықтарын айыруды жеңілдетіп жəне ұнның 
шығымын көбейтіп, сапасын жақсартуға мүмкіншілік береді.
Астықты жалпы бағалағанда, оның құрамындағы ұсақ дəндерді 
де есепке алады. Ұсақ дəнге 2,0х20 жəне 2,2х20 мм електерден 
өткен дəндерді жатқызады. Мұндай бидайдан алынатын ұнның 
түсімі төмендеп, сапасы нашар болады да, кебегінің шығымы өседі. 
Сондықтан оны бөліп алып, құрама жем шығаруға пайдаланады.
Астыққа жалпы баға беру үшін шектік көрсеткіштерден басқа 
негізгі тұрақты көрсеткіштер қолданылады. Олар 1.1-кестеде 
көрсетілген.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет