Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ақуызды-витаминді қосымша өндірісі



Pdf көрінісі
бет112/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.8. Ақуызды-витаминді қосымша өндірісі
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ)- қажетті ірілікке дейін 
ұнтақталған, ақуызды жəне микроқосымшаларды көп сақтайтын 
біркелкі қоспа.
Ақуызды-витаминді қосымша дайын өнім емес, оны құрама жемнің 
құраушысы ретінде дəнді дақыл өсіретін шаруашылықтар мен шағын 
құрама жем зауыттары қолданады. Осы кəсіпорындарда АВҚ дəнді, 
ұншықты жəне басқа да жергілікті шикізатқа шамамен 20-30% енгізіледі. 
АВҚ қолдану кəсіпорынды əртүрлі шикізатты дайындау, өңдеуден 
құтқарады, ал дайын АВҚ бірден мөлшерлеудің басты желісіне барады. 
Сонымен қатар дəнді шикізаттың көп мөлшерін ірі мемлекеттік зауытқа 
тасу, ал 80% дəнді дақыл сақтайтын құрама жемді қайтадан фермаға 
жөнелтудегі тасымалдау шығындарын болдырмайды.
3.24-сурет. Шағын премикс 
өндірісінің технологиялық сызбасы.
1 – орташа құрауыштарға 
арналған қораптар (1-7); 
2 – макроқұрауыштарға 
арналған қораптар (8-10); 3 – 
микроқұрауыштарға арналған
қораптар; 4 – кебекке арналған 
қорап; 5 – əктас ұнына арналған 
қорап; 6 – таразы (150кг); 7 – та-
разы (500кг) ; 8 – MultiMixer 
араластырғышы; 9 – дайын өнімге 
арналған қорап.


208
Ақуызды-витаминді қосымшаның өзімен малды азықтандыруға 
болмайды, өйткені онда көптеген заттар көп мөлшерде сақталып
ал ол тұзбен улануды, тапшы ақуыз бен басқа өнімдердің артық 
жұмсалуын тудырады. Ақуызды-витаминді қосымша өндіру үшін 
құрама жем өндіруге қажетті құрауыштарды қолданады. Алай-
да ақуызды-витаминді қосымша рецебінің құрама жем рецебінен 
айырмашылығы: біріншіден, ақуызды азықтарды (шрот, ашытқы, 
еттісүйек жəне балық ұндары); минералды азықтарды (сүйек ұны, 
бор, ас тұзы) көп сақтайды, ал екіншіден, дəнді дақылдар (бидай, 
арпа, сұлы) болмайды.
Ақуызды-витаминді қосымшаны арнайы зауытта, бірақ көбінесе 
құрама жем зауыттарында жасайды. Биологиялық белсенді заттарды 
арнайы желіде дайындайды немесе дайын премикстерді қолданады. 
Ақуызды заттар мен микроқосымшалар рецепт құрамында 
көп болғандықтан ақуызды-витаминді қосымша өндірісінің 
технологиялық үдерісі ерекше жүргізілуі тиіс, мөлшерлеу мен ара-
ластыру өте дəлдікпен жүргізілуі керек.
Зауытта АВҚ мына технологиялық желілерде дайындалады 
(3.25-сурет):
- Ұншықты шикізат желісі. Кебек, еттісүйек жəне балық ұндары 
ұнтақталған күйде келетіндіктен, автоматты таразыда өлшеніп (13), 
елеуіш машинада еленіп (14), электрлі-магнитті сепараторда (15) 
магнитті қоспалардан тазаланып, мөлшерлегіш алдындағы қорапка 
барады.
- Жемдік ашытқы мен шрот желісі. Бұл желіде олар авто-
матты таразыда өлшеніп (11), елеуіш машинада А1-БЦП еленіп, 
электрлі-магнитті сепараторда (15) магнитті қоспалардан тазала-
нып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа барады.
- Күнжара желісі. Күнжара балғалы ұнтақтағышта (8) 
ұнтақталып, автоматты таразыда өлшеніп, мөлшерлегіш алдындағы 
қорапқа барады.
- Минералды шикізат желісі. Бор мен тұз ұнтақтағышта (6) 
ұнтақталып, ірілігі елеуіш машинада бақыланып, мөлшерлегіш 
алдындағы қорапқа барады.
- Байытқыш қоспа немесе премикс желісі. 
Мөлшерлеу мен араластыру желісі. Бұл желіде рецепт бойын-
ша белгіленген мөлшерде құрауыштар таразылы мөлшерлегіште 
өлшеніп, кезеңмен жұмыс істейтін араластырғышта араластыры-
лады. 


209
Ақуызды-витаминді қосымшаның сапасы құрамындағы құ-
рауыштардың сапасына жəне технологиялық үдерісті дұрыс 
жүргізуге байланысты.
Жоғары сапалы ақуызды-витаминді қосымша жасау үшін 
негізгі жабдықтардың: ұнтақтағыш, елеуіш машина, мөлшерлегіш, 
араластырғыштардың жұмысын үнемі қадағалап тұру керек. Соны-
мен қатар шикізаттарды тазалауды дұрыс ұйымдастыру қажет.
Дайын өнімнің сапасы оның құраушы бөліктерінің дұрыс 
мөлшерленуіне де байланысты. Құрауыштардың дұрыс мөлшерленуі 
үшін ӨТЗ қызметкерлері əр 2 сағатта мөлшерлегіштердің жұмысын 
тексеріп тұрады.
Ақуызды-витаминді қосымшаның біркелкілігін индикаторлық 
əдіспен анықтайды. Индикатор ретінде ақуызды-витаминді қосымша 
құрауышының бірі – ас тұзын анықтау ұсынылады.
Ақуызды-витаминді қосымшаны тиімді пайдалану соның 
негізінде қоректілігі жағынан толық құнды құрама жем жасалынған 
жағдайда мүмкін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет