64
Технологиялық үдерістің тиімді дұрыс жүргізілуі жармалау,
қырғылау жəне ұнтақтау үдерістерінде өнімдерді
іріктеп ұнтақтауға
байланысты.
Сұрыпты ұн алуда технологиялық цикл бойы шартқа
сəйкестендіруде бастапқы ылғалдың дифференциациясын мейлінше
ұзағырақ сақтау өте маңызды. Дəнді сумен ылғалдау (бүркіп),
қайталап ылғалдау еселігін кеңейту жəне бөктіру ұзақтығы, ағыммен
қораптарды толтыру, оларды босату жəне жылдам айналатын
біліктерді сумен салқындату ылғалдың
дифференциялдық сақтауын
қамтамасыз етеді.
Алынатын өнімдердің ылғалының жоғары болуы біліктердің
салыстырмалы температурасына (бірқалыпты өзгермеуіне 35,5
0
С
көп емес) байланысты. Себебі жылдам айналатын біліктің ішкі беті
сумен салқындатылады. Басқа сумен салқындатпайтын станоктар-
мен салыстырғанда, температураның көтерілмеуінің нəтижесінде
ылғал ұшып кетеді, білікті станоктан
шыққан өнімнің темпера-
турасы 24
0
С-тан жоғары болмайды. Керісінше, білігі тұтас сумен
салқындатпайтын станоктардың біліктерінің температурасы 47,0-
61,4
0
С (І жармалау жүйесінде) жəне 69,2
0
-қа (2-і ұнтақтау жүйесінде)
дейін көтеріледі, ал осы станоктардан алынған өнімдердің темпера-
турасы 33,6-46,0
0
С аралығында болады.
Өнімдердің бұлай қызуы нəтижесінде ылғал ұшып кетеді,
əсіресе қабықтары
көбірек құрғайды, оның омырылғыштығы артып,
ұнтақтау үдерісінде майдаланып ұнға түседі. Осының салдарынан
даяр өнімнің сапасы төмендейді.
Комплекті жабдықтармен жабдықталған зауыттарда кебектің
ылғалы І жармалау жүйесінің алдындағы дəннің ылғалымен бірдей
болады.
Жармаларды алатын жүйелерде өндірілетін аралық өнімдердің
сапасы (күлділігі) ұнтақтауға түсетін
астықтың сапасына жақын
немесе одан жақсы (құрамы эндоспермнен тұратын) болғандықтан
бірінші сапалы өнімдерге жатады. Əдетте бірінші сапалы аралық
өнімдерді алғашқы үш жармалау жүйелерінен алады. Жармашықтар
жəне ұн түрінде көбірек алу үшін елеуішті сызбалары қолданылады.
Осы жүйелердің елеуіштерінен бес фракция бөлінеді: алғашқы
фракция ең ірісі келесі жармалау жүйелеріне түседі; келесі фракция-
лар – ірі жəне орташа жармалар – олар
жеке АІ-БСО машиналарында
өңделеді; одан шыққан өнімдер, майда жармалар, жармашықтар жəне
құрамында ұны бар І ж. жүйесінен 1-сұрыпқа, ал ІІ ж. жүйесінен 2-і
65
сұрыпқа сұрыптауға түседі. І жəне ІІ жармалау жүйесінен алынған
бірінші аралас өнімдердің сапасы жоғары болғандықтан бірінші
(сұрып 1), ал ІІІ ж. жүйелерінен алынғаны,
осы өнімдердің сапасы
нашарлау болғандықтан, екінші сұрыптау (сұрып 2) жүйелерінде
сұрыптайды.
ІІ ж. жүйесінен аралық өнімдер жармалар, жармашықтар жəне
ұн алады. ІІІ ж. жүйесінің жоғары ірі өнімдерін үгіткіш машина-
ларында (АІ-БВГ) үгіту үдерісі басталады, дегенмен негізгі үгіту
жұмыстары ІV ірі жəне майда жүйелерінде ұйымдастырылған. Жар-
маларды жəне үгіту үдерістерінің аралық өнімдерін сұрыптау үшін
төрт сұрыптау жүйелері қолданылады. Олардың алғашқы екеуінде
майда жармаларды, жармашықтарды жəне
аздап қалған ұнды
сұрыптайды. Бұл өнімдерді сұрыптау үшін тербелмелі центрофу-
гал РЗ-БЦА қолданады. Аралық өнімдерді сұрыптауда қатты жəне
жұмсақ жармашықтар алынады. Қатты жармашықтар байытуға, ал
жұмсағы ұнтақтауға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: