584
молекулаға бірігіп, лайланып, біртіндеп тұнбаға түседі. Сондықтан
оларды мынадай əдістер арқылы бөліп алуға болады:
1. Желімдеу – мұнда шырынға оң
зарядты молекуласы бар же-
латин қосылады, себебі коллоидты заттар теріс зарядты. Желатин
молекуласы мен коллоидты зат молекуласы бірігіп, тұнбаға түседі.
2. Лезде қыздыру жəне салқындату –
коллоидты заттары ақуыздан
тұратын шырынды 600С-тан жоғары температурада тез қыздырып
(3-5 мин.), 15-200С-қа дейін тез салқындатады. Осы кезде ақуыз
ұйып, тұнбаға түседі.
3. Сазбен өңдеу – сазбен өңдеген кезде саз бөлігі коллоидты зат-
тарды
өзіне сіңіріп, тығыз тұнба түзеді. Саз ретінде вулкантекті саз,
бентаниттер қолданылады.
4. Тоңазыту жəне буландыру– мұнда шырыннан су бөлініп
шығып, өнім концентрленеді. Коллоидты зат молекулалары бір-
біріне жақындасып, бірігіп, тұнба түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: