Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Газдалған сусын өндірісінің технологиясы. Купаждалған



Pdf көрінісі
бет359/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   375
14.9. Газдалған сусын өндірісінің технологиясы. Купаждалған 
сиропты дайындау, оның сапасына қойылатын талаптар
Газдалған сусындар көптеген ассортиментте өндіріледі: 
1. Татымды хош иісті шикізаттан жасалған сусындар, татымды-
хош иісті шикізатты қолданып алынған концентраттар, тұндырмалар 
жəне экстрактылардан дайындалады. Оларға Тархун, Кока-кола, 
Пепси-кола жатады. Тұндырмалар мен эктрактылардан дайындалған 
сусындардағы құрғақ зат мөлшері 6,6-12,0% болады. 
2. Жеміс-жидек сусындарына ұқсас эссенциялардан 
дайындалған сусындарға лимонадтар: Дюшес, Грушевый, Буратина 
т.б. жатады. Құрғақ заты 6,8-10,2%
3. Диеталық сусындар – төменгі калориялы сусындарға жатады. 
Олардағы қант толығымен жəне жекелей қант алмастырғыштармен 
алмастырылған, құрғақ заты 5%-дан көп емес. Мысалы: Апельсин-
лимон, Алма, т.б.
Қазіргі кезде табиғи жəне жасанды қоспалармен байытылған 
диеталық сусындар шығарылады. Табиғи қоспа ретінде құрамында С, 
Р жəне бетта каротин витаминдері бар жеміс-көкөніс жəне татымды-
хош иісті шикізат қолданылады. Жасанды қоспалардың құрамында 
витаминді-минералды заттар болады. Олар біркомпонентті жəне 
көпкомпонентті болып бөлінеді.
Диеталық сусындарға диабетикалық жəне витаминделген сусын-
дар жатады. 
Диабетпен ауыратын адамдарға арналған сусындарға қанттың 
орнына оны алмастырғыштар (ксилит, сорбит, манит) немесе 
синтетикалық тəттілендіргіштер (сахарин, ацесульфам К, аспартам, 
т.б.) қолданылады.
Витаминделген сусындар бір витамин ғана қосылған 
біркомпонентті немесе поливитаминді кешен не витаминді-
минералды қоспа қосылған көпкомпонентті болып өндіріледі. 
Ассортименті: Антошка-3 (С жəне F витаминдер), Дары леса, Медо-
вый аромат (шөптер, йод, С витамині). Витаминделген сусындарға 
қуат беруші энергетикалық сусындарды жатқызуға болады. Олардың 
құрамында витаминдер тобы, кофеин жəне таурин болады. 
4. Əлсіз алкогольді сусындар – құрамындағы спирт мөлшері 10 
айн % болатын алкогольді сусындар мен алкогольсіз сусындардың 
қоспасы. Бұл сусындар көпкомпонентті:этил спирті, шырын, не-
ктарлар, сергітуші сусындар, тағамдық қоспалардан тұрады. Сауда 


599
орындарында газдалған сумен қосылып сатылатын сироптардың 
құрғақ заты 58,5-63,7% болады.
Газдалған алкогольсіз сусындар өндірісі келесі негізгі кезеңдерден 
тұрады: 
• суды өңдеу;
• қант сиробын дайындау;
• колер дайындау;
• купаждалған сиропты дайындау;
• купаждалған сиропты салқындату жəне сүзу;
• көміртек диоксидімен қанықтыру(карбонизациялау);
• құю жəне аузын тығындау;
• сапасыз өнімді іріктеу (бракераж);
• затбелгілерді (этикетка) жабыстыру жəне дайын өнімді 
қоймаға өткізу;
• өнімді сақтау жəне тасымалдау.
Суды өңдеу кезінде алдымен оны мөлдірлендіру үшін сүзеді, одан 
соң жұмсарту үшін катионды сүзгішке жібереді.
Қант сиропын екі əдіс бойынша дайындайды: ыстық жəне суық 
əдіс. Өндірістерде ыстық əдіс кең қолданылады. Қант сиропын 
ыстықтай дайындау əдісі арқылы стерильді қант сиропы алына-
ды. Қант сиробын алудың технологиялық сызбасы 14.11-суретте 
көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет