Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ұнды витаминдермен байыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет40/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Ұнды витаминдермен байыту технологиясы. Адамның 
дене құрылысына өте қажетті витаминдер, микроэлементтер, т.б. 
негізінен дəннің қабығы мен алейрон қабатында орналасқандықтан, 
көп сұрыпты ұн тартқанда пайдалы заттар азаяды. Бидайды нан 
пісіруге арналған əр сұрыпты ұнға тартқанда ұнның құрамында тек 
қана 40-60% тиамин (В1), 45-55% рибофлавин (В
2
) жəне 25-40% ни-
котинамид (РР) витаминдері қалады.
Жоғары сұрыпты ұнда тиаминнің мөлшері 0,10-0,25 мг/%, 
рибофлавиннің мөлшері 0,05-0,15 мг/%, никотинамидтің мөлшері 
1,0-1,5мг/%-дан аспайды. Бірінші сұрыпты ұнда олардың мөлшері 
екі есе көп
Бірақ нан мен ұннан жасалған тағамдар аркылы адам 
организміне түсетін керекті витаминдердің мөлшері өте аз. Адам 
негізінде бұл витаминдерді тек қана ұннан жасалған тағамдардан 
алуға тиіс. Сондықтан адамға керекті витаминдерді үстеп қосу 
керек. Олар, əсіресе жоғарғы сұрыпты ұндарда өте аз болады. 
Қазіргі норма бойынша 1 т бидай ұнының жоғарғы жəне бірінші 
сұрыптарына В
1
жəне В
2
витаминдерін 4 г-нан, РР витаминін 20 
г-нан қосады. Витаминдер ұнға біркелкі араласуы керек. Сондықтан 
витаминдер қосылған ұнды бірнеше кезеңдерге бөліп, өте жақсы 
араластырады. Алдымен витаминді концентрат дайындайды. Ол 
үшін есептеп дайындалған В
1
, В

жəне РР витаминдерін
 қосып 
бір араластырғыш-үккішке салады. Бұған 3 кг жармашық қосады. 
Жақсылап араластырылған 3 кг витаминді концентратты тік шнекті 
араластырғышқа жібереді. Концентратпен бірге оған 51 кг ұн қосады. 
Оны жақсылап араластырған соң, мөлшері 54 кг витаминді қоспа 
дайын болады. Оны кішкентай тарелкалық мөлшерлегіш арқылы 
ұнға қосады. Ұн тексеруден өткеннен кейін оны витаминдейді. 
20-суретте ұнды витаминдермен
 байыту сызбасы көрсетілген.


77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет