Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


-сурет. Қауыздалған жəне қауыздалмаған дəндер қоспаларын падди-ма- шинаны қолданып сұрыптаудың сызбасы  Ядроны ажарлау жəне жарманы жылтырату



Pdf көрінісі
бет53/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   375
2.3-суретҚауыздалған жəне қауыздалмаған дəндер қоспаларын падди-ма-
шинаны қолданып сұрыптаудың сызбасы 
Ядроны ажарлау жəне жарманы жылтырату
Ядроны ажарлау – жарманың сыртқы түрін жəне тағамдық 
қасиеттерін өзгертіп, оның жұғымдылығын арттыру жүйесі. 
Күрішті, сұлыны, т.б. дақылдарды қауыздағаннан кейін, ядроның 
сыртында адам организміне сіңбейтін клетчаткасы көп ұрықтық 
жəне тұқымдық қабыршықтар қалады. Осы қабыршықтарды жəне 


104
олардан кейінгі алейрон қабатын алғанда жарма алба-жұлба болмай, 
эндоспермнің түсіне сəйкес келеді, жақсарады. Жарманы ажарлау 
барысында ұрықтық бүршіктің біраз бөліктері ядродан бөлініп не-
месе тұқымдық бүршігі бар дəндер азайып, оның сақталуы артады.
Ажарланған ядроны пісіргенде ішіне ылғал тез енеді де, оның 
тағамдық сапасы жақсарады, пісіру уақыты азаяды, су сіңіргіштік 
қабілеті артып, ботқаның көлемі мен салмағы өседі. Піскен ботқаның 
құрылысы өзгеріп, түсі жақсарады.
Жарма өндіру барысында ядроны ажарлауда екі түрлі операция 
қолданады: 1. Күріштің, сұлының, тарының тұтас ядросын ажарлау; 
2. Ұнтақталған ядроны домалақтап ажарлау (арпаның, бидайдың, 
жүгерінің ажарланған нөмірлі жармаларын өндіргенде).
Ядроны ажарлау үшін АІ-БШМ маркілі ажарлау машинасы 
қолданылады.
Ядроны ажарлау жарманың шығымына жəне сапасына əсер 
етеді. Ақуыздар, майлар, витаминдер жəне минералды заттар көбіне 
ядроның сыртында орналасқандықтан, ажарлау жүйесінде олардың 
мөлшері азайып, жарманың химиялық құрамы өзгереді. Ұнтақ 
неғұрлым көп алынса, соғұрлым жарманың құрамы, жоғарыда 
көрсетілген заттардың мөлшері азаяды. Бірақ жарманы сақтау 
мерзімі ажарлаумен тікелей байланысты. Егер ядро аз ажарланса, 
онда соғұрлым көп мөлшерде май қалады да, жарманың сақталу 
мерзімі қысқарады. Сондықтан ажарлау мөлшерін білу өте қажет, 
өйткені ол сапалы жарма шығарумен бірге оның құрамындағы адам 
организміне қажетті, жұғымды заттарды барынша сақтап қалуға 
мүмкіндік береді.
ФАО (Халықаралық комиссия) күріш жармасын ажарлауға үш 
түрлі баға берген: 
бірінші – тұқымдық, ұрықтық қабықтары жəне аздаған ұрықтың 
бүршіктері кетірілген жарма;
екінші (немесе орташа) – тұқымдық, ұрықтық қабыршықтары, 
аздаған ұрығы, алейрон қабатының көпшілігі кетірілген жарма;
үшінші – тұқымдық, ұрықтық қабықтары, алейрон қабаты түгел 
кетірілген жарма.
Ажарлаудың сапасын Е алынған ұнтақ мөлшерінің ядроның 
мөлшеріне қатынасы арқылы бағалауға болады:
ȿ
ԕ


(2.9)


105
М
1
, М
2
– М
п
– əр ажарлау жүйесінен алынған ұнтақтар, % 
есебімен; Р – бірінші ажарлау жүйесіне түскен ядроның мөлшері, % 
есебімен.
Жылтырату – жарманың сыртқы түрін өзгертіп жақсарту жүйесі. 
Оны күріш пен бұршақтан жарма шығаруда қолданады. Бұл опера-
цияны ажарлаудан кейін, жармаға сүйкімді жылтыр түр беру үшін 
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет