Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Ашыту өндірісінің жанама өнімдері



Pdf көрінісі
бет88/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   375
Ашыту өндірісінің жанама өнімдері. Ашыту өндірісінде 
крахмал сақтайтын шикізаттарды (картоп, қара бидай, сұлы, 
арпа, жүгері, бидай) ұнтақтап, жылумен өңдеп, амилолитикалық 
ферменттерді сақтайтын уыт сүтімен араластырып, ашытқы қосып 
ашытады. Ашыған массадан спирт айдайды. Қалған қалдық барда 
деп аталады. Жем ретінде дəнді, картопты-дəнді жəне картоп бар-
даларын қолданады. 100 кг жаңа бардада 4-9 ж.б. жəне 0,7-1,5 кг 
қорытылатын протеин болады.
Барданы байлауда бордақылауда 
тұрған малға береді. Барда жаңа, жылы, ашымаған күйде болуы ке-
рек. Оны сүрлемдегенде ірі азықты қосады. Зауыттарда барданың 
кейбір бөлігін кептіреді.
Сыра төбі (дробина)
сыра қайнату өндірісінде жанама өнім 
ретінде алынады. Сыра дайындағанда ұнтақталған уытты жылы су-


167
мен экстракциялайды. Бұл кезде ферменттер əсерінен уыттың құрғақ 
затының 75% ерітіндіге өтеді. Сулы экстрактілі ерімейтін бөлігін 
төптен (дробинадан) бөліп алады. 
Жаңа төп 76% су сақтайды. 100 кг төпте 21,2 ж.б., 4,2 кг 
қорытылатын протеин болады. Жаңадан алынған төпті зауытқа 
жақын орналасқан сүтті сиырлар мен шошқа азығына қолданады. 
100 кг кептірілген төпте 80 ж.б., 15,2 кг қорытылатын протеин, 240г 
кальций, 320г фосфор болады. Төп құрама жем құрамына да кіреді.
Уыт өскіндері.
 Жемдік мақсатта сыра қайнату өндірісінің қалдық 
өнімі- өсірілген жəне кептірілген дəннен бөліп алып тасталған 
өскіндер де қолданылады. Құрама жем өндірісінде қолданылатын 
өскіндер жаңа, ақшыл түсті болуы керек. 100 кг өскіндерде 67 ж.б., 
18,5 кг қорытылатын протеин, 250 г кальций, 670 г фосфор жəне 200 
мг каротин болады. 
Микробиологиялық жолмен алынатын меласса, гидролизді қант, 
тазаланған сұйық мұнай парафиндері жəне басқа да субстраттарда 
өсірілетін жемдік ашытқы да протеинге бай.
Құрама жем құрамының 1,5-2,0 % мөлшерін шөп ұны, қылқан 
ұны, жасыл ағаш ұны құрайды, олар каротин мен витаминдердің 
құнды көзі болып табылады. 
Шикізаттың белгілі бір тобын сұйық қосымшалар – меласса, тұзды
гидрол, сұйық L- лизині, жемдік мал майлары құрайды. Пайыздық 
қатынаста олар аздаған көлемді құрайды, алайда келешекте меласса 
мен жемдік майларды көп мөлшерде қолдану қарастырылуда. Кейбір 
елдерде құрама жем өндірісінің технологиясында карбамидтің ме-
ласса мен ортофосфор қышқылындағы ерітіндісі, балық гидроли-
заттары қолданылады. Құрама жемнің кейбір түрлеріне 30-50% май 
сақтайтын концентраттар (экструдерленген жүгері немесе басқа 
дəнді дақыл негізіндегі майлы концентрат, қан жəне буланған сорпа 
негізіндегі ақуызды-майлы концентрат (АМК) ) енгізеді. 
Малды, құсты азықтандыруда минералды заттардың маңызы зор. 
Малдың, құстың минералды заттарға деген қажеттілігін қамтамасыз 
ету үшін рационға бор, жемдік фосфаттар, ас тұзы, травертин ұны, 
əктас, сүйек ұны, преципитат, бентонит ұлпасы, цеолит жəне басқа 
да минералды заттарды енгізеді.
Құрама жем құрамының 3% дейінін минерал текті шикізаттар 
– құрғақ ұнтақталған бор, ас тұзы, қабыршақ ұны, доломит пен 
əктас ұндары, фосфаттар, сүйек ұны, бентонит сазының ұнтақтары 
құрайды.


168
Бор (көмірқышқыл кальций, CaCO
3
) ақ, аморфты ұлпа, суда 
ерімейді, 37% кальций, 0,18% фосфор, 0,5% калий, 0,3% натрийді 
сақтайды. Құрама жем өндірісіне арналған борда кальций карбонаты 
85% кем болмауы қажет.
Əктас. Бор жоқ болғанда құрама жемге əктасты енгізеді. Əктаста 
32,6% кальций, 2,8% магний, 3,5% кремний, 0,5% темір, 0,2% 
күкірт болады. Ол мына талапты қанағаттандыруы қажет: кальций 
карбонатының мөлшері 85% кем емес, тұз қышқылындағы ерімейтін 
қалдық (құм) – 1% аспауы, күшала болмауы, ал фтор 0,03-0,4% аспа-
уы керек. Əктастың ірілігі саңылауының Ø 0,5мм електен өтуі керек.
Травертин ұны минералды аймақта шөгетін кеуекті əктас. Бұл 
əктастардың табиғи қоры Кавказда миллион тоннадай. Табиғатта 
травертиннің бірнеше түрі бар. Қазіргі кезде жақсы зерттелгені ақ 
жəне сары травертиндер. Оның құрамында 39,5% кальций, 0,3% маг-
ний, 6% дейін темір, кобальт, марганец, мырыш, мыс, күкірт болады. 
Аналық шошқалар травертиндегі кальцийді бордағыға қарағанда 
жақсы қорытады. Травертин рационның органикалық заттарының 
қорытылуына, мал организмінде фосфор мен натрийдің көбеюіне 
əсер етеді.
Жемдік фосфаттарды ұлпа немесе ұсақ түйіршік күйде 
шығарады, жабысқақ емес.
Құрамында фтордың зиянды қоспасы 0,1%, күшала 0,02%, ауыр 
металдардың тұздары 0,08%, 0,5 мм бөлшектегі металды темір – 
0,01% аспауы керек.
Мал шаруашылығында жемдік фосфаттардың мына түрлерін: 
фторсызданған жемдік фосфат, преципитат(екікальцийфосфат), 
екінатрийфосфат, сүйек ұны қолданылады.
Апатитті концентраттардан алынған жемдік фторсызданған фос-
фатта
 35% кальций, 17% дейін фосфор, 1% шамасында темір тотығы 
болады. Сонымен қатар құрамына магний, кремний жəне басқа эле-
мент қоспалары кіреді.
Жемдік біркальцийфосфаты [Ca(H
2
PO
4
)
2
] – ұсақ түйіршікті сұр 
ұлпа, суда ериді, 17,6% кальций мен 24% фосфорды сақтайды. 
Негізінен күйісті мал рационында қолданылады.
Жемдік преципитат (екікальцийфосфаты CaHPO
4
x 2H
2
O)- су-
сымалы кристалды ұлпа, түсі ақтан сұрға дейін, оны желатин 
өндірісінде сүйектен алады. 16% кем емес фосфор, 22% аспай-
тын кальцийді сақтайды. Ол енесінен айырған торайлар мен 
бордақылайтын шошқалар рационын теңестіру үшін қолданылады. 


169
Жемдік екікальцийфосфаты үшкальцийфосфатына қарағанда шош-
қа үшін жақсы азық.
Үшкальцийфосфаты – аморфты ұлпа, суда ерімейді, шамамен 
32% кальций мен 14,5% фосфорды сақтайды, ауылшаруашылығы 
малдарының барлық түрлеріне қолданылады.
Ұлу бақалшықтарының ұны (мука из раковин моллюсков)
ауылшаруашылығы малдарының барлық түрлеріне, ал жармасы 
құсты азықтандыру үшін қолданылады. Ұлу бақалшығының ұны 
мен жармасы да 35-38% кальций сақтайды.
Ас тұзы. Тұз малдың рационын натрий жəне хлормен байытып
жемнің дəмдік сапасын жақсартып, малдың тəбетін жақсартады. 
Топырағы мен суында йод жетіспейтін аймақта орналасқан 
шаруашылық малдарына йодталған тұз береді. Ас тұзы-ақ, кристал-
ды ұлпа, суда жақсы ериді, 95% натрий хлоридін, оның ішінде 39% 
натрий мен 57% хлорды сақтайды.
Сапропель – негізінен кальций, сонымен қатар микроэлемент-
тер мен антибиотиктер сақтайды. Сапропель өзен, тоған түбінде 
кездеседі. Өзен сапропелін барлық малға, соның ішінде құстарға 
да таза күйде береді. Сапропельдің химиялық құрамы орналасқан 
жеріне байланысты. Сапропельдің құрғақ затында органикалық зат-
тар 4,4 – 26% дейін, күлі – 3 – 42% дейін, протеин – 1 – 6%, кальций 
– 1,6%, фосфор – 0,2% дейін болады.
Цеолит – құрамында пайдалы макроэлементтер қосылысы мен 
30-дан астам микроэлементтері, адсорбциялық, ион алмасушылық 
қасиеттері бар минералды шикізат. ТМД елдерінің 50-ге жуық кен 
орындарында цеолиттің зерттелінген 500 млн. тоннадай қоры бар. 
Қазақстанда да цеолиттің бірнеше кен орны зерттелінген. Соның 
ішінде Алматы облысы Шанқанай кен орнының жұмысы жолға 
қойылған, ондағы зерттелінген минералдағы цеолиттің мөлшері 50 
пайыздан астам жəне оның қоры 3,5 млн.тоннадай. Шығарылатын 
əр кен орнына байланысты цеолиттің химиялық құрамы əртүрлі бо-
лады, сондықтан əр кен орнынан алынған цеолиттердің химиялық 
құрамын анықтау керек. 
Шанқанай цеолитін құрама жемге енгізу нормасы: 2-6 айлық 
бұзауларға – 2 – 2,5%; 60 күндік балапандарға – 2 – 4%; тауықтарға 
– 3 – 4%; жас бақтақ балықтарына – 2 – 3%.
Құрама жемнің кейбір жаңа түрлеріне (өндірістік кешендегі еме-
тін жəне енесінен айырған торайлар, бағалы тұқымды балықтарға) 
шикізаттың жаңа түрлері – қант, фосфотидті концентрат, құрғақ 


170
майсыздандырылған сүт, бидай тұқымдық бүршігі, экструдерленген 
қытай бұршақ, өсімдік майы жəне т.б. қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет