187
Буланған құрама жем сығымдау камерасына түседі. Камера-
дан шыққан түйіршіктің ылғалы 16-17 %, температурасы 50-80
0
С.
Суытқыш камерадан кейін ылғалы 14% (көп емес),
температурасы
қоршаған ортаның температурасынан 5-10
0
С артық болмауы қажет.
Түйіршіктелген құрама жем жəне ақуызды –витаминді қосымша
технологиясында буды қолданбаған жағдайда тұзды гидролды, ме-
лассаны, жүгері экстрактысын жəне сұйық желімдегіш жемдік зат-
тарды пайдаланады. Суытылған түйіршіктерді майда заттардан бөлу
үшін 1-типті саңылауы № 20-25 мм
қаңылтыр немесе саңылауы
№1,6-2 металлсымды електерде елеуден өткізеді, одан кейін даяр
өнімдер қоймасына жібереді.
Өндірілетін түйіршіктердің диаметрлері: 4,7; 7,7; 9,7; 12,7 жəне
19 мм етіп шығарады.
Ірі, диаметрі 10-19 мм түйіршіктерді шығару тиімді келеді. Май-
да түйіршіктерді өндіруде сығымдағыштың қуаты төмендейді жəне
қуат шығыны артады. Құстар жəне балапандарды қоректендіруде
майда түйіршіктер қажет. Майдаланған ұсақ түйіршіктерді бала-
пандар жақсы қабылдайды,
сіңімділігі артады, сондықтан оларды
өндірудің маңызы зор.
Сулы əдіспен алынған түйіршіктер құрғақ əдіске қарағанда ты-
ғыз, берік болып, суда біртіндеп ісінеді,
ал ол балықты азықтандыру
үшін ең басты шарт.
Сулы əдіспен алынған түйіршіктердің беріктігін
тек қыздырыл-
ған ауамен кептіргенде алады, өйткені түйіршіктің бетінде жұқа
қабық
пайда болып, ол оны ауа мен судың механикалық əсерінен
қорғайды.
3.10-сурет. Құрғақ əдіспен
құрама жемді түйіршіктеудің
сызбасы:
1 – автоматты таразы;
2 – қорап; 3 – сепаратор;
4 – магнитті қалқа; 5 –
сығымдағыш алдындағы
қорап; 6 – сығымдағыш –
түйіршіктегіш; 7 – суытқыш
колонка; 8 – ұнтақтағыш; 9
– елеуіш машина.
188
Бұл кептіру əдісінде түйіршіктер
тез ылғал жоғалтып, кебеді.
Құрама жем құрамында крахмал болғандықтан, ол ылғалдау кезінде
ыстық сумен клейстерленіп, түйіршіктер түзілуіне əсер етеді.
Сығымдағыш - түйіршіктегіштің тиімді жұмысының тұрақты
жұмыс істеуіне əсер ететін құрама
жемнің бастапқы ылғалдылығы
11-12% болуы керек.
Түйіршіктелген құрама жемді өндіруде құрауыштарды қоспа-
лардан мұқият тазалау қажет, əсіресе матрица саңылауын бекітетін
металл қоспаларынан, сұлы жəне арпа дəндерінің қауыздарынан.
Сығымдау алдындағы
булау құрама жемнің ылғалын, темпе-
ратурасын көтеріп, жабысқақтығын төмендетеді, бұл жағдайлар
түйіршіктің сапасын жақсартады жəне қондырғының қуатын артты-
рады, сондай-ақ қуат шығыны үнемделеді.
Достарыңызбен бөлісу: