189
концентрат өндірісіндегі технологиялық үдерісті
ұйымдастыру
жəне жүргізу Ережесіне” сай таңдайды. Үдерістің үздіксіз жүруі
шикізаттарды дайындау технологиялық желілерінің санына, ұн-
тақтағыш пен мөлшерлегіш алдындағы қораптарға, сонымен қатар
желі жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
Дайындау желілері
технологиялық қасиеттері ұқсас, тазалау, ұн-
тақтау жəне басқа өңдеу түрлері біртекті болып келген шикізаттар ға
арнап құрастырылады. Дайындау желілерінің саны кəсіпорынның
өнімділігі мен шығарылатын өнімнің түріне байланысты 12-18
жəне одан да көп болады. Əр дайындау технологиялық желілерінің
өнімділік қабілеті рецепт бойынша өңделетін шикізаттың ең көп
мөлшерін дайындауға есептелінеді. Дəнді дақылдар желісі 3.11-су-
ретте берілген.
Дəнді дақыл желісі – əртүрлі дəнді дақылдарды (сұлы, арпа, тары,
жүгері,
асбұршақ, жасымық, сиыржоңышқа, қара бидай, бидай,
қытайбұршақ, қонақтары), сонымен қатар дəнді бірінші өңдеуден
кейінгі алынатын дəнді
өнімдерді кезекпен тазалап, ұнтақтауға
арналған.
Дақылды тазалау үшін əртүрлі құрылмалы сепараторлар
қолданылады, бірақ міндетті түрде ауалы електі. Үш елек қатары
бар сепараторда електердің мына түрлерін орнатады:
қабылдау
елегінде – домалақ саңылаулы №200 торлы төсем немесе №18 сым
тор; сұрыптау елегінде – домалақ саңылаулы №100-160 сым төсем;
жинақтау елегінде – домалақ саңылаулы №10-14 сым төсем.
Қоймадан келген шикізатты ауалы – електі сепараторда
(1) органикалық жəне минералды қоспадан тазалайды. Дəнді
дақылдарды тазалағаннан кейінгі алынған қалдықтағы жарамды дəн
Достарыңызбен бөлісу: