194
Тамақ өндірісінің жемдік өнімдері желісі (3.16-сурет). Тамақ
өндірісінің жемдік өнімдері жəне малтекті азықтар желісінде мына
шикізаттарды тазалап, сұрыптап жəне ұнтақтайды: құрғақ қызылша
сығындысы, құрғақ барда, құрғақ жүгері азығы, күнжара, иірлікті
сығымдағышта алынған – еттісүйек, қан, ет, балық жəне кит ұндары,
құрғақ жемдік ашытқы, сонымен қатар құрғақ теңіз балдырлары
жəне т.б.
Шикізатты екі елегі бар електі сепаратор, елеуіш машиналар-
да А1 – ДМП-20, А1 – ДМП-15 жəне т.б. тазалап, сұрыптайды. Ірі
қоспаларды бөліп алу үшін №150-200 торлы төсем немесе №14-18
тор орнатады, сырғымасы қалдыққа жіберіледі. Онда жарамды өнім
2% аспауы керек. Сұрыптағыш елекке №30-60 торлы төсем немесе
№2,5-5 тор орнатады. Електен өткені мен ұнтақталған сырғыманы
қосып мөлшерлеуге жібереді. Иірлікті сығымдағышта алынған
күнжараны сұрыптағанда, сырғымасын ұнтақтауға жібереді.
Келіп түскен өнімдерді електі сепараторда (1) елейді. Ірі фрак-
цияны электрлі – магнитті сепаратордан (2) өткізіп, балғалы
ұнтақтағышта (3) ұнтақтауға жібереді. Ұнтақталған өнімдер мен
електен өткен өнімдерді мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жібереді.
Шрот желісі (3.17-сурет). Шротты тазалау жəне сұрыптау Д1
– ДМП-20 типті елеуіш машинада (1) жүргізіледі, онда екі елек
қатарын қояды: жоғарғыға торлы төсем №150-200 немесе торлы
Достарыңызбен бөлісу: