Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Макарон өнімдерін қалыптау жəне өңдеу



Pdf көрінісі
бет195/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

5.6. Макарон өнімдерін қалыптау жəне өңдеу
Макарон өнімдеріне престеп жəне штамптап пішін береді. Осы 
операциялар кезінде пішін берумен бірге оның бетінің тегістігі, 
кедір-бұдырлығы, серпімді-созылғыштығы, қаттылығы, тығыздығы 
жəне беріктігі бірге қалыптасады. Пішін беру шнекті престерде 
матрицалардың тесіктерінен сығымдап өткізу арқылы жүзеге асады. 
Қамыр илейтін машинадан шыққан жентектелген қамыр кесектері 
шнекке түсіп матрицаға қарай бағытталады. Матрицадан өткенде 
қамырдың ішінде 0-ден 10 мПа /100 кг/см

қысым пайда болады да, 
t-сы 10-20 
0
С өседі. Бұл температураның өсуі шнектің камерасында 
жəне шнектің ішкі бетіне қамырдың үйкелуінің салдарынан пайда 
болады. Егер қамыр шнектің ішінде ширатыла қозғалатын болса, 
оның қалақшаларымен камерасының қабырғалары арасында ар-
тына қарай қайта тебу қарсылығы пайда болады да, үйкеліс, жəне 
соған байланысты қамырдың температурасы одан ары өседі. Егер 
қамыр шнектің қабырғасына жабысатын болса, онда оның ширатыла 
қозғалуы одан ары өседі. Сондықтан қамырдың шнектің қабырғасына 
жабысуын тоқтату үшін оны хромдайды. Қамырдың ширатылуын 


321
тоқтату үшін камераның ішкі бетіне ұзынынан жолақ сайлар тар-
тылады. Егер шнектің қалақшалары мен камераның қабырғасының 
арасындағы саңлау 0,5 мм-ден артық болса, онда қамырдың кейін 
қарай тебуінің күші өсе түседі. Шнекті макарон престері ыдыстары-
на қарай бір, екі, үш жəне төрт болып престегіштің саны бойынша 
немесе престегіш шнегі бойынша 1,2,4 шнекті, матрица формасы 
бойынша домалақ немесе тікбұрыш болып келеді. 
Макаронға шнекті престерді пайдаланып форма беру. Шнекті 
престің жұмыс органдарына шнек камерасының ішіне орнатылған 
престеу шнегі мен матрицалар жатады (5.7-сурет).
Қамыр престелгенде, жəне оған сай қамырдың температурасының 
өсуіне байланысты, оның біркелкі серпімді-созылғыш түрі оның 
температурасы 55 
0
С болған кезде қалыптасады. Осы температураны 
қамырды илегенде жылы суға илеп, шнек камерасының сыртында бо-
латын су көйлегінің температурасын реттеу арқылы тұрақтандыруға 
болады. 
Престеліп сығымдалған, форма беруге дайын болған қамыр: 
- ішінде қатып қалған ұнтақтары, кесектері, кебу ұннан тұратын 
бөлшектері жоқ, ылғалдығы мен температурасы біркелкі;
- серпімді-созылғыш қамыр макарон жасағанда матрицалар-
да фторопласт астарларды қолданбай-ақ, беті тегіс, жылтыр, 
матрицаның тесігінен аз күш жұмсалып өтеді. 
5.7-сурет. Шнекті макарон пресінің сызбасы: 1, 2 – су мен ұнды мөлшерлегіш; 
3
 – қамыр илегіш; 4 – біліктер; 5  жетекші редуктор; 6  шнекті цилиндрлі 
престегіш қондырғы; 7 – шнек; 8 – су көйлекше қондырғысы; 9 – матрица 
алдындағы кеңістік; 
10 – матрица.
21–298


322
Шымыр қамырдан жасалған макарон сығымдалып форма 
берілген соң өзінің осы формасын жақсы сақтайды, ал тығыз қамыр 
престейтін шнектің бетіне жəне оның каналдарына жəне олар 
өзара бірімен бірі жабыспайды. Бірақ қамыр өте тығыз болса, одан 
дайындалған өнім сынып кетуі мүмкін. 
Серпімді-созылғыштық пен шымыр жəне тығыздық біріне бірі 
қарсы күштер. Қамырдың серпімді-созылғыштығы өскен сай-
ын шымырлық пен тығыздық бəсеңдейді. Сондықтан қамырдың 
құрылысы өте тығыз да, өте шымыр да, өте серпімді-созылғыш бол-
май, белгілі бір қалыпта иленуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет