Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


күлділігі  неғұрлым аз болса, соғұрлым келесі жүйелерден жоғары сапалы ұн  алуға мүмкіндік туады. 1.13-сурет



Pdf көрінісі
бет23/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   375
 күлділігі 
неғұрлым аз болса, соғұрлым келесі жүйелерден жоғары сапалы ұн 
алуға мүмкіндік туады.
1.13-сурет. Көп сұрыпты ұн алу тəсілінің жармалау жүйесінің технология-
лық сызбасы


43
I ж.ж. түскен дəннің мөлшеріне (100%) қарағанда, жармалардың 
жалпы мөлшері 50-55%, оның ішінде ірі жарма 18-20%, орташа 
жарма 25-26%, уақ 8-10% болуы керек. Бұл жармаларды желді елек 
пен қырғыма жүйелерде тазалап, содан кейін ұнтақтау жүйелеріне 
жібереді. Бұдан басқа сұрыптау жүйелерінен 10-12% мөлшерде 
жармашықтар (дунсты) алынады да, оны тікелей ұнтақтау жүйесіне 
жібереді. Жармалау жүйесінен барлығы 65%-дай 1-ші сапалы жарма 
мен жармашықтар жəне 17-18%-дай ұн алынады. IV жарма жүйесінен 
18-20% эндоспермасы өте аз өнімдер түседі. IV жарма жүйесінен 
сапасы төмен, күлділігі өте жоғары уақ жарма мен жармашық, ал 
V жарма жүйесінен сапасы нашар жармашық алынады. Олар 2-са-
палы өнімдер болғандықтан, соңғы ұнтақтау жүйелеріне түседі. 
Ұнды бөліп алу үшін жиі нөмірлі електер қолданылады. І-ІІІ жарма-
лау жүйесінен алынатын ұнды 1-сұрыпқа, қалған жүйелерден алған 
ұнды 2-сұрыпқа жібереді.
Желдік елек жүйесін құру жəне жүргізу
Жармалау жүйесінен алынған жармалардың сапасы желді 
електі қолданып жақсартуды талап етеді. Өйткені оның құрамы 
сапасы əртүрлі заттардан: таза, қабыршақтарынан арылған эндо-
спермнен жəне бос қабыршықтардан тұрады. Олардың мөлшері 
біркелкі болғанымен, желдік қасиеттері əртүрлі. Сондықтан желді 
електі қолданғанда, жеңіл бос қабыршықтар желмен ұшып кетеді, 
ал ауыр, таза, қабыршақтарынан арылған эндоспермалар елек-
1.14-сурет. Ірі, орташа жəне уақ жармалардың сапасын байытатын желді 
електердің технологиялық сызбасы


44
тен өтіп, қырғылау жүйесіне түседі. Онда қабыршақтарынан ары-
лып, қайтадан желді елекке түседі де, бос қабыршақтардан таза-
ланып
ұнтақтау жүйесіне жіберіледі. Желді електерді қолданудың 
технологиялық сызбасы 1.14-суретте берілген.
Көп сұрыпты ұн алу кезінде ұнтақ жарманы алуды барлық сыз-
баларда көрсетеді. Ұнтақ жармасын желді елек жабдықтарында 
бөледі.
Жармалау жүйесінде алынған жармаларды тазалап, сапасын 
артты ру үшін тоғыз желді елек жүйесі қолданылған. Желді елек-
тен ке йін қабыршықтарынан босату үшін ірі жарманы екі ағынмен 
бірінші жəне екінші қырғылау жүйесіне жібереді. №5 СВ-нің 
барлық електерінен өткен жармаларды жəне СВ №6
, СВ №7, СВ 
№8 електерінен өткен жармалар 3-қырғылау жүйесіне түседі. 
СВ №6, СВ №7, СВ №8 бірінші електерінен өткен уақ жарма-
лар 1-ұнтақтау жүйесіне түседі. №9 СВ-нің жоғары електерінен 
алынған сырғымалардан басқа барлық желді електің сырғымалары 
4- қырғылау жүйесіне түседі.
№9 желді елекке IV ж.ж. алынған 2-сапалы уақ жармалар 
түседі. Тазаланғаннан кейін алдыңғы үш електен өткен жармалар-
ды 7 ұнтақтау жүйесіне жібереді, содан кейін соңғы екі електен 
өткендерін 4 қырғылау жүйесіне жібереді де, ал сырғымасын жарма-
лау жүйесіне қайтарады.
1.15-суретте ұнтақ жарма алудың технологиялық сызбасы 
көрсетілген. Желді елек жүйесінде күлділігі төмен жоғары сапа-
лы жарманы II жармалау жүйесінен шығатын ірі жармадан, екі рет 
желді-електен өткеннен кейін алады. Тексеру жүйесінің елегінен 
түскен сырғыма жармалар 1 қырғылау жүйесіне түседі. Електің 
нөмірі, жармалардың баратын бағыты 22-суретте көрсетілген. 
Жұмсақ бидайдан алынатын ұнтақ жарманың күлділігі 0,60%-
дан, қатты бидайдан алынатын ұнтақ жарманың күлділігі 0,60%-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет