59
1.13.2. Ұн тарту технологиясы
Ұнтақтау бөлімінің ұн тарту технологиялық сызбаларын
қарастырамыз. Технологиялық сызба жармалау, байыту, қырғылау,
ұнтақтау үдерістерінен жəне сұрыпты ұнды құраудан жəне тексеру-
ден тұрады.
Ұн тартуға дайындалған астық автоматты таразыда өлшеніп, І
жармалау жүйесінің білікті станогіне ұнтақтауға түседі. Ұн тар-
туда астық шығымын есептеу үшін электронды аппарат пайда-
ланады. Қажетті өлшеу жиілігін 1,0-ге дейін дəлдікпен орын-
дау жоғары технологиялық тəртіппен астықты дайындау жəне
ұнтақтау үдерістерінің жабдықтарының сенімді жұмыстарының
үйлесушілігін тұрақты жүктемелер арқылы қамтамасыз етеді.
Комплекті жоғары өнімді жабдықтарды пайдаланып жаңа техно-
логия бойынша жобаланған зауыттар айтарлықтай көп.
Шынылығы жоғары бидайдан ұн тартудың технологиялық сызба-
сы төрт жармалау, екі қырғылау, он бір ұнтақтау жүйелерінен жəне
ұнды құрастырып тексеруден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: