Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Көпсұрыпты қысқа жүйелі желдеткіш-електі қолданып



Pdf көрінісі
бет20/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   375
1.10. Көпсұрыпты қысқа жүйелі желдеткіш-електі қолданып 
бидайдан ұн тарту тəсілі
Бұл тəсілді қолданып, бір сұрыпты шығымы 85%-дық екінші 
сұрып бидай ұнын жəне шағын диірмендер үшін жасалған 
технологиялық сызбамен шығарылатын екі сұрыпты бидай ұнын 
алады.
Ұн тарту бойынша технологиялық жүйе үш сатыдан тұрады: 
1) жармалау; 2) желдеткіш електі қолдану; 3) ұнтақтау жүйесінің 
қарамағында 1 немесе 2 қырғылау жүйелері болуы керек.
Жарма жүйесінің бірінші үш жүйесінен едəуір жарма мен 
жармашықтарды алуға тырысады да, оның ірі жəне орташа жармала-
рын бірге немесе бөлек желдеткіш елекке, ал қалған жармашықтарды 
ұнтақтау жүйесіне жібереді. Соңғы жармалау (IV-V ж.ж.) жүйесінде 
қалған қабыршықтарды екшеп, эндосперм қалған болса, бөліп алып, 
қалғанын кебекке жібереді. Желдеткіш електен жəне соңғы ұнтақтау 
жүйесінен сырғытып алынған заттардың құрамында қалған эн-
досперм болса, оны бөліп алу үшін соңғы жармалау жүйесіне 


38
қайтарады. Құрылыстық сызба бойынша жүйелер бірімен-бірі 
тікелей жəне кайтармалы байланыста орындалады. Ұнды барлық 
жармалау жүйелерінен жəне ұнтақтау жүйелерінен алады.
Екі сұрыпты бидай ұнын тарту тəсілінің қысқартылған 
технологиялық сызбасы
Бұл тəсіл бойынша 55-60% бірінші сұрып, 23-18% екінші сұрып 
ұн алынады. Жалпы шығымы 78%. Егер жалпы шығымы 75%-ға 
дейін кемітілсе, онда бірінші сұрыптың шығымы 60-70%-ға дейін 
ұлғаяды. Стандарт бойынша бірінші сұрып төмендегідей талаптарға 
сəйкес болуы керек: күлділігі 0,75%-ға дейін, сағызының мөлшері 
30%-ға жоғары, ірілігі бойынша №35 електен сырғып түскені 2%-
дан кем, № 43 електен өткені 75%-дан артық болуы керек.
Екі сұрыпты ұн алу тəсілінің мынадай айырмашылықтары бар:
- II жəне III ж.ж. ірі жəне ұсақ жүйе болып екіге бөлінеді; бұл 
жүйелер керекті ұнтақтау режимін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді;
- III ж.ж. елеуіштерінің төменгі електерінен өткен жарма мен 
жармашықты, ұнды (қосымша) айыру елеуішін қолданып жеке-жеке 
бөліп алуға мүмкіндік береді;
- жармалау жүйелерінен алынған жарманы қабыршықтары-
нан айыру үшін екі қырғылау (шлифовочная система) жүйесі 
енгізілген; бұл жарманың, ұнның сапасын жақсартып, мөлшерін 
арттырады;
 


39
1.12-кесте.
Көрсет-
кіштер 
Жүйелер
жармалау
қырғылау
ұнтақтау
І
ІІ
ІІ
ІІІ
ІІІ
V
V
1
2
1
2
3
4
5
6
n, 1 см 
тістің 
саны
4
5
5,5
5,5
7
7
8
9
9,5
10
10
11
11
11
11
V, %
6
6
6
6
6
6
6
10
10
10
10
10
10
10
10
V
ж
/V
а
2,5
2,5
2,5
2,5
2,5
1,5
1,5
2,5
2,5
2,5
2,5
2,5
2,5
1,5
1,5
V
ж
, м/с 6
6
6
6
6
6
6
6
6
8
8
8
6
6
6
a/b
45/65 45/65 45/65 45/65 45/65 45/65 45/65 35/65 35/65 40/70 40/70 40/70 40/70 40/70 40/70
- ұнтақтау жүйелерінің саны алтыға дейін көбейтілген, бұл ұнның 
сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
1.12-кестеде екі сұрыпты бидай ұнын алу тəсілінің ұнтақтау 
жүйелерінің технологиялық сипаттамалары көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет