Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет30/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

1.18-суретҰн зауытында астықты ұн тартуға дайындау
1 – тазартылған астықтың қораптары; 2 – астықтың УРЗ-1 автоматтық до-
заторы; 3-16 – шнектер; 4 – магнитті тазартқыш; 5 – 42БРО-босатқыштар; 6 
– астықты қыздырғыштар; 7 – АВ-50-ЗЭ автоматты таразылар; 8 – АІ-БЛЦ 
жазықтың циклонда ауаны тұрпайы тазалау; 9 – А-БИС-12-тазартқышы; 10 
– РЗ-БКТ серпілмелі пневматикалық тас тазарту машинасы; 11 – А9-АТК-6 
қарамықша бөлгіш машина; 12 – АУ-УТО қарасұлы бөлгіш машина; 13 – РЗ-
БМО-6 тік қауыздағыш (обойкалы) машина; 14 – цилиндрлік пневмоаспира-
тор; 15 – АІ-БМШ- астықты ылғалдап қауыздағыш машинасы; 17 – астықты 
бөктіру қораптары; 18 – астықты ылғалдау АІ-БУВ машинасы; 19 – РЗ-БМО-12 
тік қырғылау машинасы; 20 – РЗ-БЭЗ-энтолейтор; 21 – РЗ-БАБ –аспираторы; 22 
– АІ-БАЗ астықты ылғалдау машинасы; 23 – І ж.ж. алдындағы қорап; 24 – авто-
матты таразы; 25 – І-БМП-01-магнитті тазартқыш; 26 – АІ-БСТ-жуылған суды 
фильтрлеу сепараторы; 27 – Б6-БПО-жуылған қалдықтарды сығатын пресі; 28 
– ДСШ-қалдықтарды кептіру жабдығы.


55
шөп-шалаң қоспалардың мөлшері 0,20%-дан аспауы, ал басқа астық 
дақылдарының қоспасы 4%-дан, зиянды қоспалар мөлшері «Ереже-
де» көрсеткендей шекті нормадан аспауы қажет. І жармалау жүйесі 
алдында астықтың ылғалы оның типіне, шынылығына, алғашқы 
ылғалына байланысты болады.
Пневмотасымалдауда астықты аз жарақаттау үшін тасымалдау 
жылдамдығы 20-22 м/с, ал құбырлардың қиындысы айнымалы жа-
салады.
Ауыр қоспалардан тазаланған астық концентраторда екі 
фракцияға бөлінеді жəне майда қоспалардан тазарады. Астықты 
қоспалардан тазарту үшін түрлі амалдар қолданылады. Прогрессивті 
амалдардың бірі дəннің бетін құрғақ өңдеу болғандықтан, минерал-
ды қоспаларды бөлгеннен кейін концентраттар АІ-БЗК-9 машина-
сында тығыздығы бойынша фракциялайды (1.18-сурет). Онда астық 
екі ағымға бөлінеді: ауыр (70% шамасында) жəне жеңіл (30% ша-
масында). Сондай-ақ майда жəне жеңіл қоспаларды бөліп, оларды 
қалдықтарды тексеруге жібереді. Ауыр фракцияны (толған жəне 
сапалы дəндер) магнит аппараты арқылы қарамықша бөлгіш А9-
УТК-6 триерінен өткізеді, ал майда фракцияны (əлжуаз дəндер жəне 
басқа қоспалар) магнит аппаратынан өткізіп көлденең орналасқан 
РЗ-БГО-6 қырғылау машинасында өңдейді. 
Қырғылау машинасында əлжуаз жəне зақымдалған дəндер 
талқандалады, ал алынған қалдықтар желді ұшырғыш РЗ-БАБ аспи-
раторында бөлінеді. Осылай тазаланған майда фракция ауыр фрак-
циямен қосылып, қарамықша бөлгіш триерге түседі. Бұл машинадан 
бөлінген қалдықтар (қарамықша, майдаланған дəн) тексеруден өтеді.
Қарамықша бөлгіш машинада астықты қысқа қоспалардан 
бөлуден кейін бірінші гидротермиялық өңдеу басталады (ылғалдау, 
бөктіру). Астықты ылғалдау үшін қарқынды ылғалдағыш аппарат-
тан АІ-БШУ-2 өткізеді. Ылғалдау жəне бөктіру үдерістері тиімді 
болу үшін жылы суды пайдаланады. Судың жылылығы І жармалау 
жүйесі алдында дəннің температурасының 25
0
-тан кем болмауын 
қамтамасыз етуі қажет.
АІ-БШУ-2 машинасы дəннің бетін бірқалыпты сулап ылғалын 
5%-ға дейін көбейтеді. Бұл машинада бір-бірімен үйкеленуінің 
нəтижесінде дəндердің беті қауыздалады жəне тазаланады.
Гидротермиялық өңдеу кездерінде қораптарды үзбей толтыру 
жəне босату, үздіксіз бөктіру үдерісін қолданған тиімді. Бөктіру 
қораптарының сыйымдылығын, ылғалданған астықтың қажетті 


56
уақытта бөгуін ескеріп барлық кезеңдердегі қосынды уақыт (36 
сағат) есептейді. Гидротермиялық өңдеу режимдерін əр ағымдағы 
астықтың технологиялық қасиеттерін дифференциалды ескеріп 
«Ережеге» сай таңдайды. Астықтың технологиялық қасиеттеріне 
байланысты ылғалдау жəне бөктіру операциялары бір немесе екі 
рет болуы мүмкін. Екінші рет гидротермиялық өңдеуді шынылығы 
жоғары бидай үшін қолданады (шынылығы 55%-дан жоғары жəне 
ылғалдылығы 11%-дан төмен). 
Гидротермиялық өңдеу біткеннен кейін біріккен ағым бойынша 
астық бетін өңдеуден жəне тазалаудан өткізеді. Бұл кезеңдердегі 
операциялардың реті: магнит аппаратында металл қоспаларынан та-
зарту; құрылымы бойынша көлденең жасалған РЗ-БГО-8 қырғылау 
машинасында қауыздау; қайталап магнит аппаратынан өткізу; энто-
лейтор РЗ-БЭЗ-де өңдеу; аспираторда желдету. РЗ-БЭЗ машинасында 
дəн стерилденеді: зиянкестер зақымдаған, жасырын жарақаттанған 
немесе зақымдалған дəн майдаланады. Келесі желдетіп ұшырғыш 
машина (РЗ-БАБ) қырғылау машинасында жəне энтолейторда пайда 
болған қоспаларды желдетіп тазалайды. 
Астықты ұн тартуға дайындау тарту қоспасының АІ-БШУ-1 ма-
шинасында ылғалын 0,3-0,5%-ға арттырып, қорапта 20-30 минут 
бөктіріп, автоматты таразыда өлшеп, І жармалау жүйесінің білікті 
станогіне берумен бітеді.
Дайындау кезінде пайда болған қалдықтарды үш категорияға (І, 
ІІ жəне ІІІ) бөліп тексеруден өткізеді, ал қарамықшаны жеке таза-
лайды. І жəне ІІ категориялы қалдықтарды қораптарға жеке жинап, 
бір майдалағышта майдалап, автоматты таразыда өлшеп қалдықтар 
цехіне жібереді. АІ-БИС-12 сепараторынан жəне пневмоспиратор-
лардан алынған ІІІ категориялы қалдықтарды жеке қорапта сақтап 
қалдықтар цехіне жібереді. 
Қарастырылған сызбалардағы қолданған технологиялық 
комплекті жабдықтар жəне тасымал машиналары ұн тартуда астықты 
тазалаудың жəне дайындаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз 
етеді: тазаланған тарту партиясында шөп-шалаң мөлшері 0,10-0,2%, 
дəннің күлділігі 0,05-0,10%-ға кемиді. Осының нəтижесінде жоғары 
сұрып ұндарының шығымы 72%, ал сапалары жоғары болады.
Дайындау сызбасындағы негізгі технологиялық жабдықтардың 
техникалық сипаттамасы төмендегі суреттерде көрсетілген. Ауалы-
електі А1-БИС-12 сепараторының технологиялық сызбасы келесі 
суретте көрсетілген. 


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет