Жармалау үдерісі
Жармалау үдерісі төрт жүйелерден құралған, оның ішінде ІІІ жəне
ІV жармалау жүйелері ірі жəне майда болып екіге бөлінген. ІІ жар-
малау жүйесінің білікті станогына І жармалау жүйесінің елеуішінің
жоғары алты елегінің (елек нөмірі 1) сырғыма өнімдері түседі. ІІ
жармалау жүйесі (ІІ ж.ж.) ірі жəне майда жүйелерге бөлінбейді.
1.23-сурет. Р3-БМО-6 қырғылағыш
машинасының технологиялық сызба-
сы: 1 – корпус; 2 – електі цилиндр; 3 –
диск; 4 – пружина; 5 – қабылдау патру-
богы; 6 – тиелу воронкасы; 7 – төменгі
корпус; 8 – қабылдау қондырғысы; 9 –
розетка; 10 – ротор; 11 – ұрғыш тақта;
12 – есік; І – қалдықтар (қауыздау
өнімдері); ІІ – тазартылған дəн; ІІІ –
дəннің түсуі.
60
Бұл тарту партиясының құрауыштарының сапа көрсеткіштерін
жəне технологиялық қасиеттерін, жүйеге түсетін жүктемелерді
тұрақтандыру əрекеттерін жасау керектігін көрсетеді, сонымен қатар
тарту партиясын ылғалдау жəне бөктіру режимдерінің тұрақты бол-
мауы, білік тістерінің жағдайының жиі өзгеруі, І ж. жүйесінің ірі
өнімдерінің (ІІ жармалау жүйесін түсетін) фракциялық құрамының
массалық қатынастарының бірдей болмауы да əсерін тигізеді. Бұл
жағдай білікті станоктардың тетіктерін ұдайы өзгертуді талап
етеді. Осының салдарынан материал тасымалдағыштарға жүктеме
тұрақты болмайды. Сондай-ақ осындай себептерге байланысты ІІ
жармалау жүйесін ірі жəне майда жүйелерге бөлмейді. Шынылығы
жоғары жəне төмен бидайдан сұрыпты ұн тартуда ұнтақтау жəне
жармалау ұзындықтарының қатынасы бойынша бір-бірінен
айырмашылықтары бар (1,77 жəне 1,57), ал басқа көрсеткіштері
бірдей: ƒ
ұн
:ƒ
жар
=0,69, q
в
=69,4 кг см.тəу; q
р
=1341 кг/см
2
*тəу; q
с.в
=631 кг/
см*тəу. ІV жармалау жүйесінен басқа, барлық жармалау жүйелерінде
тістерінің орналасуы жот/жот., жылдам айналатын біліктің айналу
жылдамдығы V
б
=6,0 м/с, ал айналу жылдамдықтарының қатынасы
2,5-ға тең.
ІІ жармалау жүйесінен басқа жармалау үдерісінің барлық
жүйелерінен ұн алады жəне жармалар мен жармашықтарды
мейлінше көп алу үшін ұнтақталған өнімді ірілігі бойынша сұрыптау
үшін əр секцияда 22 елегі бар рамалардан тұратын көп нұсқалы (21
нұсқа), елеуіштер (АІ-БРБ, АІ-БРВ) қолданады. Сұрыптау үдерісінде
еленбей қалып қойған ұнды ажыратып алады.
Жармалау үдерісінің тағы бір ерекшелігі, жұмсақ
жармашықтардан басқаларын, жармаларды (ірі, орташа, майда),
қатты жармашықтарды байыту үшін АІ-БСО маркалы желді елек
машинасын қолданады. Тек жармалау үдерісінен алынған жарма-
лар мен қатты жармашықтар АІ-БСО-ға жіберіледі. Қырғылау жəне
ұнтақтау үдерістерінде байыту үдерістері қолданылады.
Жармалау үдерісінің ІІІ жармалау жүйесінің ірі өнімдерін
өңдеуден үгіту үдерісі басталады.
Астықты ұнтақтауда қолданылатын негізгі жабдық - білікті ста-
нок, олардың қатарына мына маркалар жатады: ЗМ, БВ жəне А1-
БЗН. Төменгі суретте білікті станок А1-БЗН технологиялық сызбасы
қарастырылды 1.24-сурет.
61
Үгіту үшін жұмыс беті түрпіленген, саңылауы 1,25; 1,00 жəне
0,75 мм метал електері бар АІ-БВГ қалақты машинасын қолданады.
Машиналардың електерінен өткен өнімдер нейлон елегі бар
тербелмелі центрифуга РЗ-БЦА-да еленеді. Жармалау үдерісінің
ұнтақтау режимдері жəне ұсынылған жүктемелері 1.21, 1.22 кесте-
лерде, ал жармалар, жармашықтар жəне ұн шығымдары 1.23-кесте-
де көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |