66
Байыту үдерісінің желді
елек АІ-БСО машинасының
технологиялық сызбасы 1.26- суретте көрсетілген.
Жармалау үдерісінің сұрыптау жүйелерінен алынатын майда
жармашықтардан басқа І, ІІ жəне ІІІ жармалау жүйелерінен алына-
тын жармалар жəне жармашықтар байыту машиналарына түседі.
Үдерісті оперативті жүргізу үшін əр жүйеден
алынған өнімдер
жеке байытудан өтеді. Байытылған өнімдер 1-ұнтақтау жүйесіне, ал
төменгі ярустың соңғы електерінен өткен өнімдерді (ірілігіне жəне
сапасына байланысты) қырғылау, ІІІ жармалау жəне 4, 5, 7-ұнтақтау
жүйелеріне бағыттайды.
Електерді орналастыруда ескеретін негізгі принцип – əр қабаттағы
келесі електің нөмірі алдындағы елекке қарағанда бір нөмір үлкен
болады. Байыту үдерісінің тиімді жұмысына
желді-електің еніне
түсетін жүктеме елеулі əсерін тигізеді. Технологиялық жобалауда
елек бетінің еніне ұсынылған жүктемелер 1.24-кестеде көрсетілген.
Жүктеме, ауа шығыны жəне електердің саңылауларын таңдаудың
ұтымды бірлестігі жармаларды жəне
жармашықтарды байытудың
тиімділігін қамтамасыз етеді. Желді елек машиналарының
технологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастыру нəтижесінде електер-
ден өткендерінің күлділігі байытуға түсетін
өнімдерге қарағанда
азаяды, % есебімен:
Ірі жармалар үшін – 30-40
Орташа жармалар үшін – 40-50
Майда жармалар үшін – 20-25
Қатты жармашықтар – 10-15
1.24-кесте. Желді елек машиналарына ұсынылған жүктемелер
Жүйелер
Жүйелерге түседі, І ж. жүйесіне
есептегенде, % есебімен
Жүктеме,
кг/см.тəу
СВ 1 (ірі жармалар)
10-12
680-760
СВ 2 (орташа жəне май-
да жармалар)
7-9
450-500
СВ 3 (ірі жармалар)
6-9
380-500
СВ 4 (орташа жəне май-
да жармалар)
9-10
500-550
СВ 5 (майда жармалар)
7-9
450-500
СВ 6 (майда жармалар)
7-9
450-500
СВ 7 (жармашықтар)
5-6
300-380
СВ 8 (жармашықтар)
5-6
300-380
СВ 9 (орташа жармалар)
4-5
230-250
СВ 10 (майда жармалар,
жармашықтар)
4-5
250-300
67
СВ 1 жəне СВ 2 машиналарының
ортаңғы қабатта орналасқан
електерінен өткен өнімдерді қосымша байытпай ұнтақ жарма-
ны алуға болады. Күлділігі 1,22-1,30% барлық жармалар мен
жармашықтардың 70%-ға жуығы байытудан өтеді. Қырғылау жəне
ұнтақтау жүйелерінде ұнтақтауды екі дүркін (білікті станок +
əрекетті ұрып-үгіту машиналары) жүргізуге
байланысты жармалар
мен жармашықтарды күлділігі бойынша жеке топтап байытудан
өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: