Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Тағамдық қышқылдар жəне жартылай дүмбілдер



Pdf көрінісі
бет340/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Тағамдық қышқылдар жəне жартылай дүмбілдер. Олар 
сусынға керемет дəм мен хош иіс беріп, оның биологиялық, 
энергетикалық жəне тағамдық құндылығын жоғарлатады. Сондай-ақ 
сусындардың түссізденуіне немесе ашуына жол бермейді. Тағамдық 
қышқылдарға: лимон қышқылы, шараптасы қышқылы, фосфор 
қышқылы, сүт қышқылы, сірке жəне аскорбин қышқылы жатады.
Хош иістендіргіштер (ароматизатор). Хош иістендіргіштер 
дегеніміз – тұтынушының сезім мүшелеріне белгілі бір ақпарат 
беретін хош иісті заттардың қоспасы. Оларға табиғи, жасанды хош 
иісті заттардың концентрлі ерітінділері, эфир майлары, табиғи 
шикізат тұндырмалары жəне экстрактылары жатады. Сусын өндіруде 
мынандай эфир майлары жиі қолданылады: раушан гүлді, цитрусты, 
жалбызды, мандаринді жəне т.б. Соңғы кездері денсаулық сақтау 
ұйымы хош иістендіргіштерді 3 категорияға бөледі:
• Табиғи – өсімдік шикізатынан физикалық əдістері арқылы 
алынған адамның тұтынуы үшін зиянсыз қоспалар.
• Табиғиға жақын – хош иісті шикізаттардан химиялық жолмен 
алынған табиғи өнімге ұқсас заттар. 


565
• Жасанды хош иістендіргіштер – тек қана химиялық синтезбен 
алынған заттар.
Бояғыштар. Бояғыштар дегеніміз – дайын өнімнің түсін анық-
тайтын өнімнің негізгі құрам бөліктері. Дайын өнімнің түсі оның са-
пасын бағалайтын негізгі көрсеткіш болғандықтан, сусындарға табиғи 
шикізаттың түсін қанықтыру мақсатында бояғыштар қосады. Оларды 
табиғи жəне жасанды деп 2-ге бөледі (14.1 жəне 14.2-кестелер).
14.1- кесте. Табиғи бояғыштардың түрлері
Бояғыш
Алыну көзі
Түсі
Е коды
Түсінің тұ
-
рақтылығы
Ескерту 
Жүзім, 
қызыл 
түбіртекті 
қырыққабат
Қызылдан 
көк түске 
дейін
Е163
жақсы
Суда жақсы ериді, 
қышқыл ортада 
қызғыш, рН 
жоғарлаған сайын 
көкке өзгереді
қызылша
Ашық қы-
зылдан қа-
нық қызыл-
ға дейін
Е162
нашар
Суда жақсы ериді, 
қыздыруға, жарыққа, 
қышқылға тұрақсыз, 
рН 3,5-5 тұрақты
Аннато Ағаш 
тұқымы
Қызғыш 
сары
Е160(В)
Көбінде эмульсия 
түрінде қолданылады, 
қышқыл ортада тұнба 
түзеді
Β каротин Сəбіз 
жəне теңіз 
балдырлар
Сарыдан 
қызғыш 
сарығадейін
Е160 (L)
Майда жақсы ериді, 
оңай қыш-
қылданады
Паприка
Қызыл 
бұрыш
Қызғыш са-
рыдан қы-
зылға дейін
Е160 (S)
Майда жақсы ериді, 
тез қышқылданады
Лютеин
Календула 
өсімдігі
сары
Е161 (В) жақсы
Майда жақсы ериді
Куркумин Куркума 
ағашының 
тамыры
Ашық сары Е100
нашар
Суда ерімейді
Хлоро-
филл
Барлық 
жасыл 
өсімдіктер
жасыл
Е140
Е141
нашар
жақсы
Майда жақсы ериді
Суда жақсы ериді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет