Жеміс-жидекшырындары Жеміс-жидек шырындарында нəрлі заттар көп жəне оларды орга-
низм оңай сіңіреді. Тағамдарда витамин тапшы болатын қыс пен ерте
көктем айларында жеміс-жидек шырындары, əсіресе балалар үшін
өте бағалы тағам болып табылады. Шырынның құрамында балғын
шикізаттың қасиеттері толық сақталады, ал олардың кейбіреулерінің
дəмі мен жұғымдылығы қант қосудың нəтижесінде айтарлықтай
жақсарады. Əсіресе, жемістерден жұмсағымен өндірілетін шырын-
дар өте бағалы жəне организмге сауықтырушы əсер етеді (мысалы,
өрік, шабдалы, қара өрік, алма, шие, жүзім, т.б.).
Жүзім шырыны тез қорытылатын қантқа (глюкоза жəне фрукто-
за), органикалық қышқылдарға (алма, шарап жəне лимон), минералды
тұздарға бай. Жүзім шырынында витаминдер өте көп емес, негізінен ка-
ротин (провитамин А), В жəне С. витаминдері бар. Жүзім шырынының
колориялылығы жоғары, сондықтан бағалы диеталық тағам ретінде
пайдаланылады. Алма шырыны қантқа, пектин заттарына жəне ми-
нералды тұздарға (əсіресе, темір тұзына) бай. Абрикос шырынында
(жұмсағымен) калий мен теміртұзы жəне каротин мөлшері мол. Қара
өрік шырыны пектинді заттарға бай болып келеді.
Жұмсағымен өндірілетін жеміс-жидек шырындары адамның
тамақтану рационында аса маңызға ие. Ол құрамындағы жеңіл
сіңірілетін көмірсу, органикалық қышқыл, пектинді, полифенолды
жəне азотты заттарға, витаминдер мен минералды заттардың көп
мөлшеріне байланысты.
Жеміс-жидек шырындары былай жіктеледі:
1. Жұмсағына қарай: а) жұмсағымен (нектар);
б) жұмсақсыз (мөлдірленген, мөлдірленбеген).
2. Құрамына қарай: а) натурал – шикізаттың бір түрінен, қоспасыз дайындалған;
б) маркалы шырындар – бұл шикізаттың бір түрі, бір сортынан
қоспасыз дайындалған шырындар;
в) купаждалған – 2-3 түрлі шикізаттан жасалған шырындардың
қоспасы;
г) тəттіленген – қант немесе қант сиропы қосылған;
д) қышқылданған – лимон қышқылы қосылған;
е) газдалған – көмірқышқыл газы қосылған;
ж) ашыған – спирттік ашу жүрген шырындар, құрамындағы спирт
мөлшері 16 %-ға дейін болады;