70
алады, ал ұнның күлділігі тіпті өзгермейді. Басқа жүйелерден
түсетін өнімдердің құрамында қабықтар немесе қабықты бөлшектер
көбірек болады. Егер осы жағдайда энтолейтор қолданса, онда осы
машинаның қарқынды ұнтақтауының əрекетінен қабықтар майда-
ланып ұнға түсіп, оның күлділігін көбейтеді, яғни ұнның сапасы
төмендейді. Сондықтан үшінші жүйеден кейін ұнтақтау əрекеті
жұмсақтау деташер АІ-БДГ пайдаланады. Бірақ соңғы жүйелерде
деташерден кейін ұнның күлділігі айтарлықтай жоғарылайды жəне
ұнның меншікті бет мөлшері артады.
Ұнтақтау үдерісінің құрылымын талдау бойынша жүйелердің
үш-төрт топқа бөлінуі байқалады. Əр топтың жұмысы мейлінше
эндоспермі молырақ жəне күлділігі төмен ұнды алуға бағытталған.
Осы топтардың соңғы жүйелері үгіту жұмыстарын атқарады.
Сол себепті олардан алынған ұнның күлділігі алдыңғы жүйелерге
қарағанда нашар болады. Ұнтақтау үдерісін шартты түрде төрт
топқа бөлуге болады: 1-ші -4,5-7,8-11 жəне 12-ші ұнтақтау жүйелері
(ұн.ж.). 1, 2, 3 жəне 4-ші ұнтақтау жүйелерінде 32-35% (І ж. жүйесіне
есептегенде) аралығында жоғары сапалы ұн алады.
Технологиялық үдерістің жұмысын санды жəне сапалы баланс
арқылы толық білуге болады. Сондықтан 1.27-кестеде ұнтақтау
үдерісінің санды жəне сапалы балансы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: