602
Бір кристалл ерімей қалған жағдайда ерітінді толық кристаллда-
нуы мүмкін. Сондықтан қышқылды ерітіндісін жұмысты бастама-
стан 2-3 тəулік дайындайды. Одан көп сақтауға қышқыл ерітінділері
тұрақсыз.
4. Бояғыштарды купажға қосу үшін алдын ала судағы ерітіндісін
дайындайды. 70℅ құрғақ заты бар колерді 1:5 қатынасында суда
ерітеді. Мұндай бояғыш сусынға ашық сарыдан күңгірт қоңыр түске
дейін беру керек.
Энобояғыш сұйық немесе паста тəрізді болуы мүмкін. Купаждау-
да оның сумен араласпасын пайдаланады. Белсенді қышқылдылық
ортасына байланысты энобояғыш сиропқа əртүрлі түс береді: рН
– 2 болғанда қызыл түс, рН – 3 болғанда ақшыл көк түс, рН – 4 – 5
болғанда күлгін түс береді.
Купаждалғансироп дайындауда жасанды бояғыштар да пайда-
ланылады – индигокармин жəне тартразин Ф. Индигокармин ұнтақ
түрінде ыстық сумен 1:40 қатынаста араластырылады, ал паста
түріндегі индигокармин ыстық сумен 1:10 қатынаста араластыры-
лады. Бұл бояғыш сусынға көк түс береді. Тартразин Ф бояғышын
концентрациясы 5 г/100см
3
сулы ерітінді түрінде купажға қосады.
Ол сусынды əртүрлі реңді сары түске бояйды. Кейде сусынға жасыл
түс беру үшін тартразинді индигокарминмен бірге пайдаланады.
Бояғыштардың əрбір жаңа партиясын пайдаланар алдында
тəжірибеге алған сусынға тексеріп алу керектігін ерекше ескеру
қажет. Бояғыштарды пайдаланған кезде сусын мөлдір, ерітіндісі
шөгіндісіз, сусынға қанық түс беріп тұруы қажет.
Араластыруға дайындалған купаждалған сироптың компо-
ненттерін купажды аппараттың жанында орнатылған арнайы
өлшегіші бар жинақтағышта сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: