599
орындарында газдалған сумен қосылып
сатылатын сироптардың
құрғақ заты 58,5-63,7% болады.
Газдалған алкогольсіз сусындар өндірісі келесі негізгі кезеңдерден
тұрады:
• суды өңдеу;
• қант сиробын дайындау;
• колер дайындау;
•
купаждалған сиропты дайындау;
• купаждалған сиропты салқындату жəне сүзу;
• көміртек диоксидімен қанықтыру(карбонизациялау);
• құю жəне аузын тығындау;
• сапасыз өнімді іріктеу (бракераж);
• затбелгілерді (этикетка) жабыстыру жəне дайын өнімді
қоймаға өткізу;
• өнімді сақтау жəне тасымалдау.
Суды өңдеу кезінде алдымен оны мөлдірлендіру үшін сүзеді, одан
соң жұмсарту үшін катионды сүзгішке жібереді.
Қант сиропын екі əдіс бойынша дайындайды: ыстық жəне суық
əдіс. Өндірістерде ыстық əдіс кең қолданылады. Қант сиропын
ыстықтай дайындау əдісі арқылы стерильді қант сиропы алына-
ды. Қант сиробын алудың технологиялық сызбасы 14.11-суретте
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: