Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет59/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   375
2.6-кесте. Күріш дəнінен алынған дайын заттардың шығымы
Ажарланған күріштің 
шығымы, % есебімен
Жылтыратылған күріштің 
шығымы, % есебімен
Жарма:
бірінші сұрып
5,0
10,0
екінші сұрып
45,0
43,0
үшінші сұрып
5,0
1,5
Ұсақ жарма
10,0
10,5
Жарманың барлығы
65,0
65,0
Жемдік ұнтақ
13,2
13,2
Жемге жарамсыз қауыз, 
ІІІ категориялық қалдық
І, ІІ категориялы қалдық
19,1
2,0
19,1
2,0
Кебуі
0,7
0,7
Барлығы:
100,0
100,0
8–298


114
Жарманы тексеру. Ажарланған немесе жылтыратылған жар-
маны АІ-БРУ елеуішін қолданып тексереді. Саңылауы 3,0-3,2 мм 
електен немесе сымтемір 2-2,8 електен сырғып түскен ірі жарма-
дан қауыздалмаған дəнді бөліп алу үшін падди-машинада қосымша 
тексереді. Өйткені сұрыпты жарманың құрамында қауыздалмаған 
дəн болмауы керек.
2.4. Қарақұмық жармасын алу өндірісі
Қарақұмық дəнінен ірі жарма (ядрица) жəне ұсақ жарма (продел) 
алынады. Ірі жарманы ұнтақталмаған ірі дəннен алады, ол електің 
1,6х20 мм-лік саңылауларынан өтпейді, ұсақ жарма електің 1,6х20 
мм-лік саңылауларынан өтіп, 0,8 мм-лік өтпеген сырғымалар.
Қарақұмықтан алынған заттардың жұғымдық жəне биологиялық 
құндылығы өте жоғары болады. Құрамындағы ақуыздың мөлшеріне 
байланысты олар бірінші қатардағы жармаларға жатады, онда негізгі 
тапшы аминқышқылдар басқа жармалармен салыстырғанда едəуір 
көп. Қарақұмық жармасы майға бай келеді (2,56%), оның құрамында 
көп мөлшерде витаминдер (В
1
, В
2
, РР) мен минералды заттар бола-
ды. Басқа жарма дақылдарына қарағанда қарақұмық дəнінің форма-
сы жағынан ерекшелігі бар – ол үш қырлы болады. Дəннің сырты 
ұрықтық қабықпен жабылған, оның мөлшері дəннің салмағының 
15-20%-ын құрайды. Ұрығы өте ірі жəне дəннің ішінде орналасқан. 
Ерекшелігіне байланысты қарақұмық жармасы ажарланбайды. 
Қарақұмық дақылының құрамында, өзіне тəн, тазалау кезінде 
бөлініп алуы қиынға түсетін қоспалар болады – жабайы шалғам 
(редька) тұқымы, татар қарақұмығы (кырлик), жетілмеген дəн, т.б. 
кездеседі. Саңылауларының мөлшері 3 мм електен өткеннің бəрі 
шөп-шалаң қоспаларға жатады.
Негізгі дақылдың өлшемдерінен айырмашылығы жоқ қоспаларды 
қиын бөлінетіндер тобына жатқызады. Мысалы, қарақұмықтан би-
дай, қара бидай, арпа, минералды заттарды жəне негізгі бүлінген 
дақылдық дəндерді, əсіресе жабайы шалғам дəнін бөлу тіпті қиын. 
Осы жабайы өсімдіктің мөлшері 5% шамасында болады. Кейбір 
зерттеулерге қарағанда осы өсімдік дəнінің өлшемдері қарақұмық 
дəннің өлшемдеріне ұқсас, тек тығыздығы бойынша айтарлықтай 
айырмашылықтар болады. Дегенмен үш бұрышты саңылаулары бар 
електерді тиімді пайдаланып қоспаларды бөлуге болады. Бірақ бұл 
жолы жоғары тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес.


115
Қиын бөлінетін қоспаларды тығыздығы бойынша бөлудің 
теориялық жəне практикалық мəні зор. Мысалы, жабайы шалғамды 
тығыздығы 850 кг/м сұйықта дəннің ылғалын 17%-ға жеткізіп 
13% шамасында жеңіл жəне толық дамыған қарақұмықты, сондай-
ақ басқа қоспаларды бөлуге болады. Ол үшін гидросепаратор-
ды қолдануға болады. Нəтижесінде дəннің санитарлық жағдайы 
жақсарады, тығыздығы бойыншы қоспалар, əсіресе қиын тазала-
натындар бөлінеді, дəн ылғалданады (булаудың қажеті болмайды), 
технологиялық қасиеті жақсарады, судың шығыны шамалы (0,37-
1,25 л/с). 
Қарақұмықтың ылғалын 13,0-13,5%-ға жеткізу үшін тікбулы 
кептіргішті қолданады.
Қарақұмық тұқымының технологиялық ерекшелігі – оның 
дəндерінің ірілігі жəне біркелкілігі. Бұл ерекшеліктеріне қатты 
көңіл аударылуы тиіс. Өйткені осы ерекшеліктеріне байланысты 
қарақұмықты қауыздау алдында ірілігіне қарай алты фракцияға 
бөледі, ірі бөлшектердің дəндерінде тұқымдық қабықтар аз бо-
лады жəне олар жақсы қауыздалып майдаланған дəн аз шығады 
(
2.7-кес-те).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет