Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Күріштен жарма алу технологиясы



Pdf көрінісі
бет56/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   375
2.3. Күріштен жарма алу технологиясы
2.3.1. Күріш дəнін дайындау
Күріш негізгі жарма дақылдарының бірі. Күріш дəнінің беті 
гүлді қабықпен жабылған, оның мөлшері 20% шамасында болады. 
Ұрықтық жəне тұқымдық қабықтары жұқа болып келеді, күріштің 
кейбір сұрыптарының тұқымдық қабықтарының құрамында қызыл-
қоңыр пигменттер болады. Тұқымдық – ұрықтық қабықтарының 
мөлшері 4-5%, алейрон қабаты 3-5%, эндоспермі 65-67%, ұрығы 
2-3% болады.
Күріштің эндоспермі шынылы немесе ұнды болады. Оның 
құрамында ақуыздың мөлшері өте аз, ал крахмалдың мөлшері 
керісінше көп. Құрылысының ерекшеліктеріне қарай күріштің 
ядросы жарылғыш келеді, ал ондай дəн ылғалдап, кептіргенде тез
ұлғаяды. Жарылғыш дəннің саны көбейген сайын ірі жарманың 
шығымы азайып, жарылған дəннің жəне ұнтағының мөлшері 
көбейеді.
Күріш массасында сарғайған дəндер кездеседі. Олар жарманың 
тағамдық қасиетін жəне тауарлық құндылығын нашарлатады.
Күріш партиясының құрамында бөлінуі қиын қоспалар да 
кездеседі. Оларға тауық тарысы (куриное просо), күрмек, дəні ірі 
жабайы тарылар жатады. Бұл қоспалардың сызықтық өлшемдері 
күріштің өлшемдеріне сəйкес болғандықтан оларды бөліп алу қиын. 
Бөлінуі қиын заттар тобына тас, құм, кейбір астық дақылдары (арпа, 
бидай), т.б. жатады. Сондықтан күрішті жарма алуға дайындауда 
осы қоспаларды түгелдей бөліп алу қажет. (2.4-сурет)


110
Бұл технологиялық жүйелерде желді елек жəне желді сепаратор-
ларды, жарма бөлгішті, жарма елеуішті, тас бөлгішті жəне желді 
бөлгіш үстелді қолданып қоспаларды бөлу, сондай-ақ қажетіне бай-
ланысты ылғалдау жəне булау операциялары атқарылады.
Қоспалардан тазаланған күріш екі ағынмен қауыздау бөліміне 
жіберіледі.
2.3.2. Күріштен жарма өндіру
Дайындалған дəннен жарма алуда қолданылатын технологиялық 
операциялар:

дəнді резеңкелі білікті машинада қауыздау; 

қауыздалған заттарды падди-машинасында сұрыптау;

ядроны бірнеше рет ажарлау;

жарманы жəне бөгде заттарды тексеру.
Күріштен жарма алу технологиясының негізгі кезеңдерін 
қарастырамыз.
2.4-сурет. Күріш дəнін жарма 
алуға дайындау сызбасы: 
1 – автоматты таразылар; 
2 – желді елек сепараторы; 
3 – АІ-БРУ елеуіші; 
4 – аспиратор; 
5 – тас бөлгіш машина; 
6 – жарма бөлгіш


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет