125
Дəнді суытқыш колонкада суытады.
Кейбір өнеркəсіптерде дəнді буламайды, тек 8-9%-ға дейін
кептіріп, суытады.
Көптеген тексерулердің нəтижесінде ұсынылған булаудың
режимдері: будың қысымы 0,05-0,10 МПа, булау ұзақтығы 3-5 ми-
нут. Егер будың қысымы жоғары болса, онда қауыздау алдында
дəннің ұсақтары көбейіп кетеді.
Дəнді кептіру оның қабығына қарағанда, ядроның ұсақталғыш
қабілетін ұлғайтады. Егер қауыздауға дəнді температурасы
50
0
С жіберсе, қауыздаудың сапасы жақсарады. Дəннің алғашқы
ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым булаудың сапасы
жоғары болады.
Ылғалдығы 14-15% дəнді буламай қауыздауға болады, онда тек
жарманы булайды. Дəнді немесе жарманы булау олардың сақтау
төзімділігін арттырады.
Ылғалдаудан немесе булаудан кейін дəнді екі фракцияға бөледі.
Ол үшін желді-електі сепараторды немесе басқа елеуіш машина-
ларды қолданады. Оларға 2,2:2,3х20 мм елегін қояды. Бұл електен
сырғып түскені – ірі фракцияға, саңылауынан өткендері – майда
фракцияға жатады.
2.6.2. Сұлы дəнінен жармалар өндіру
Сұлы дəнін қауыздаушы поставтарды, қырғылау машиналар-
да, ортаға тепкіш ерекшеліктері бар қауыздаушыларды қолданып
өңдейді. Қауыздаудан алынған заттарды бураттарды, центрофугал
машиналарын, желдеткіштерді қолданып сұрыптайды. Қауыздалған
жəне қауыздалмаған дəндерді ажырату үшін триерлер, падди-ма-
шиналар, жарма бөлгіштер қолданылады. Сұлы дəнінен жарма
өндірудің жалпы сызбасы 2.13-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: