Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Арпаны қоспалардан тазалау



Pdf көрінісі
бет68/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Арпаны қоспалардан тазалау. Арпаны қоспалардан жəне май-
да дəннен үш қайтара желді-електі сепараторлардан өткізіп, тас 
бөлгіште жəне триерлерде тазалайды (2.16-сурет). 
Майда қоспаларды жəне майда арпаны жақсылап бөліп алу үшін 
желді-електі сепаратордың бірінші жүйесінде, ірі қоспаларды бөліп 
алғаннан кейін, дəнді ірі жəне майда фракцияларға бөледі. Ірі фрак-
цияны екінші сепараторлық жүйеге, ал құрамында майда қоспалар 
мен майда дəндері бар майда фракцияны сепаратордың үшінші 
жүйесіне жібереді. 
Сепаратордың бірінші жүйесінде бөлінген майда фракция 
қосымша екінші сепаратордың жүйесінде бөлінбейді, оларды 
сепаратордың үшінші жүйесіне жібереді. Сепаратордың үшінші 
жүйесінде саңылауы 1,6 мм електі қолданып, ІІІ категориялы 
қалдықтарды бөліп алады, ал саңылауы 2,2х20 мм елек арқылы май-
да арпаны бөледі. 
Арпаның ірі фракциясын қарасұлы алғыш, ал майдасын 
қарамықша алғыш машиналарға жібереді.
2.16-сурет. Арпа дəнін 
жарма алуға дайындау 
жəне алдын ала қауыздау 
сызбасы: 1 – автоматты та-
разылар; 2 – желді електі 
сепаратор; 3 – бурат; 4 – 
қарамықша алғыш маши-
на; 5 – қара сұлы алғыш 
машина; 6 – аспиратор; 
7 – тас бөлгіш машина; 8 
– ұрғыш машина; 9 – АІ-
ЗШН-3 машина. 
9–298


130
Құм-тас қоспаларынан тазаланған дəн алдын ала қауыздау 
жүйелеріне түседі. Арпаның қабықтары қиын бөлініп алынатын 
болғандықтан, оның байланысын бəсеңдету үшін, басқа тəсілдерді 
қолданған жөн. Ондай тəсілдердің бірі – дəнді ылғалдау мен булау. 
Бұл – дəнді будың 0,2 МПа қысымымен 3 минут аралықта булау
содан кейін 13,0-14,5%-ға дейін кептіру. Осы тəсілді өнеркəсіпте 
қолдану барысында жарманың шығым мөлшері жəне ірі жарма-
лар шығымы артады. Арпаны қауыздау алдында ылғалдау тəсілі 
де жақсы нəтиже береді. ОТӨТИ-нің (Одесса тамақ өнеркəсібі 
технологиялық өнеркəсібі) тəсілі бойынша дəнді қауыздау алдында 
5-6%-ға дейін ылғалдап, 25-30 минут бөктіріп арнаулы машинада 
ақтайды. Бұл тəсілдің кемшілігі – алынатын қауыздың ылғалдығы 
жоғары болуына байланысты кептіруді қажет етеді. БАҒЗИ-нің 
(Бүкілодақтық астықтану ғылыми-зерттеу институты) тəсілі бойын-
ша дəнді бар болғаны 1,0-1,5% -ке ылғалдап, 8-10 минут бөктіріп 
қауыздауға болады. Бұл жағдайда қабықтары көп ылғалданбайды, 
кептіруді қажет етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет