Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Дəнді қоспалардан тазалау



Pdf көрінісі
бет65/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   375
Дəнді қоспалардан тазалау. Қоспаларды тазалау үшін астықты 
екі рет желді-електі сепараторлардан өткізеді. Сепараторлардың 
бірінші жүйесінде тек ірі жəне жеңіл қоспаларды бөліп алады. Май-
да қоспаларды, майда дəннің фракциясымен бірге 2,2х20 мм-лік 
електің тесігінен өткізіп бөледі.


124
Ірі фракцияны екінші сепараторлық жүйеге жіберіп одан ірі 
жəне жеңіл қоспаларды жəне қосымша майда фракцияны бөліп ала-
ды. Дəннің ірі фракциясынан қара сұлыны бөлу үшін қара сұлыны 
бөлгіш триерді қолданады.
Сепаратордың бірінші жəне екінші жүйелерінен алынған дəннің 
майда фракциясын жарма бөлгішке немесе елеуішке жібереді, олар-
дан 1,8х20 мм-лік електі пайдаланып, майда қоспалар мен майда 
дəндерді бөледі, ал сырғымаларды қарамықша бөлгіш (куколеотбор-
ник) машинаға бағыттайды.
Дəнді дайындауда ірілігі бойынша екі фракцияға бөледі. Оларды 
ылғалдауға, булауға бірге немесе жеке жіберуге болады.
Майда қоспаларды бу-
ратты қолданып тексереді, 
онда (1,3-1,5)х20 мм-
лік електе елеп, майда 
қоспаларды бөледі.
Дəнді ылғалдау (бу лау). 
Сұлы дəнін ылғал 
дау (бу-
лау), оның технологиялық 
қасиет терін 
жақсартып, 
ащы дəмін кетіреді.
Ылғалдаудың неме-
се булаудың көп тараған 
тəсілі – булау, кептіру жəне 
дəнді суыту. Сұлы дəнін 
булауға үздіксіз неме-
се үздікті булағыштарды 
қолданып, дəнді алғашқы 
ылғалдығына қарай 2-6%-
ға дейін ылғалдайды.
Дəнді тік кептіргіште 
кептірсе, онда оның 
соңғы ылғалдылығын, 
оны қауыздаудың тəсіліне 
байла нысты таңдайды. 
Егер дəнді қауыздауға 
қауыздағыш поставты 
қолданса, онда оның соңғы ылғалдылығы 10%-дан аспауы керек, ал 
қырғылау машинасында 13,5-14,0%-ға жеткізеді.
2.12-сурет. Сұлы дəнін жарма алуға дай-
ындау сызбасы: 1 – автоматты таразы-
лар; 2 – желді електі сепаратор; 3 – жарма 
бөлгіш; 4 – қара сұлыны бөлгіш машина; 5 
– қарамықша бөлгіш машина; 6 – булағыш 
аппарат; 7 – кептіргіш; 8 – суытқыш аппа-
рат; 9 – бурат. 


125
Дəнді суытқыш колонкада суытады.
Кейбір өнеркəсіптерде дəнді буламайды, тек 8-9%-ға дейін 
кептіріп, суытады. 
Көптеген тексерулердің нəтижесінде ұсынылған булаудың 
режимдері: будың қысымы 0,05-0,10 МПа, булау ұзақтығы 3-5 ми-
нут. Егер будың қысымы жоғары болса, онда қауыздау алдында 
дəннің ұсақтары көбейіп кетеді.
Дəнді кептіру оның қабығына қарағанда, ядроның ұсақталғыш 
қабілетін ұлғайтады. Егер қауыздауға дəнді температурасы 
50
0
С жіберсе, қауыздаудың сапасы жақсарады. Дəннің алғашқы 
ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым булаудың сапасы 
жоғары болады.
Ылғалдығы 14-15% дəнді буламай қауыздауға болады, онда тек 
жарманы булайды. Дəнді немесе жарманы булау олардың сақтау 
төзімділігін арттырады.
Ылғалдаудан немесе булаудан кейін дəнді екі фракцияға бөледі. 
Ол үшін желді-електі сепараторды немесе басқа елеуіш машина-
ларды қолданады. Оларға 2,2:2,3х20 мм елегін қояды. Бұл електен 
сырғып түскені – ірі фракцияға, саңылауынан өткендері – майда 
фракцияға жатады.
2.6.2. Сұлы дəнінен жармалар өндіру
Сұлы дəнін қауыздаушы поставтарды, қырғылау машиналар-
да, ортаға тепкіш ерекшеліктері бар қауыздаушыларды қолданып 
өңдейді. Қауыздаудан алынған заттарды бураттарды, центрофугал 
машиналарын, желдеткіштерді қолданып сұрыптайды. Қауыздалған 
жəне қауыздалмаған дəндерді ажырату үшін триерлер, падди-ма-
шиналар, жарма бөлгіштер қолданылады. Сұлы дəнінен жарма 
өндірудің жалпы сызбасы 2.13-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет