Қазақстанда өсімдіктерді жерсіндіру Дәрістің мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата09.05.2023
өлшемі47,03 Kb.
#91165
1   2   3   4
Акклиматизация – итродуценттердің табиғи тұқым қуалаушылығын сыртқы орта жағдайларының, адамдар қолданған белсенді селекциялық әдістермен өзгеруі.
Натурализация – акклиматизацияның жоғарғы сатысы: өсімдік жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, өз еркімен көбейе алады, жергілікті дақылдарға тіршілік үшін бәсекеге түсе алады Флора байлығына қарамай бірқатар аудандардың далалық егіншілігінде осы уақытқа дейін нақты жағдайларға жақсы бейімделген өнімді мал азықтық өсімдіктер жоқ. Суыққа төзімді, тез өсетін өсімдіктер аз, өсіріліп жүрген көптеген дақылдар пісіп үлгермейді, оларды өсіру негізінен тасымал тұқымдарға негізделген. Осының бәрі мал азығының тұрақты қорын жасауға кедергі жасайды. Негізгі сүрлемдік маңызы бар және селекциялық жұмыстарға жарамды зерттелген ірі сабақты өсімдіктердің барынша маңыздылары – бірнеше түрге жататын аюбалдырған, таран, тянь-шань қымыздығы, марал тамыры, топинсольнечник, майтамыр,құлқайырлар, ешкі бұршақ, астрагал, катран, көпжылдық мал азықтық шай жүгері және т.б. Майлы шомыр, рапс, сурепица, топинсольнечник және бірқатар басқалары – мәдени өсімдіктер, алайда майлы шомыр қазақстан Республикасында екінші өмірге ие болды. Топинсольнечник – жаңа дақыл және ол жер алмұрты мен күнбағысты будандастару арқылы алынған. Жаңа малазықтық өсімдіктердің көпшілігі –моно-және поликарпиялық даму циклы бар көпжылдық, біржылдық өсімдіктер. Барлық интродуценттер көпжылдықтар да, бір жылдықтар да жоғары өнімділігімен ерекшеленеді: бір жылдық түрлері 200- 400 ц/га, көпжылдықтары 500-ден 1500 ц/га дейін жасыл балауса береді, алайда шаруашылық егістерінде олар мүлде жоқ. Дегенмен бірқатар дақылдар – жаздық және күздік рапс, майлы шомыр, топинсольнечник, көңіл қоярлық дақылдар екенін көрсетеді.
Осы топтағы барлық өсімдіктер алшынкөктігімен суыққа және аязға төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіп - өнудің басында көктемде 6-80, ал қысқа қар қабатының астында 40-450 аязды көтереді. Күзде іс жүзінде тұрақты аязға дейін Солтүстік Қазақстанда қазан айының басына дейін өсе береді. Барлық көпжылдық өсімдіктер себу нормасының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді, өйткені сабақ жиілігі олардың қарқынды өркен түзуімен реттеледі.
П.П.Вавиловтың пікірінше, жабайы өсімдіктерді мәдени түрге енгізудің бірқатар обьективті себептері бар және оларды мәдениеттендіруге ұзақ уақыт қажет. Олар генеративті органдарының көп қабатты орналасуына байланысты біркелкі пісуі мен тұқымдарының шашылуымен сипатталады, сепкеннен кейін алғашқы екі жыл бойы баяу өседі,осыған байланысты арамшөппен ластануға бейімділігі ерекшеленеді, көп өсімдіктердің тұқымдары терең тыныштық күйінде болады, осы биологиялық ерекшелігі оларды өсіруге бірқатар қиыншылықтар туғызады. Біреулері қысқа қарай себуді қалайды немесе тұқымды себуге скарификациялауды талап етеді, басқалары тұқымды себуге дейін ұзақ уақыт сақтауды немесе скарификациялауды тілейді. Аз тараған дақылдарды ауылшаруашылығындағы мал азығын өндірудің барлық мәселелерін шешетін «керемет» деп қарамау керек. Өндіріске оларды енгізу мал азығын өндіру мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл дақылдарды дәстүрлі дақылдарға қосымша деп қарастыру керек және аймақта барынша мол өнім беретін дәстүрлі дақылдарға ерекше көңіл бөлген жөн. Мал азығын өндіруде жеткілікті тексерілген, жоғары өнімді сорттары бар рапс, сурепица, майлы шомыр, топинсольнечник т.б өндіріске енгізуге батыл жұмыс жүргізген дұрыс. Келешегі бар жабайы өсімдіктермен олардың селекциясы мен сорт дәрежесіне дейін жеткізу үшін мақсатты бағытпен қарқынды жұмыс жүргізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет