УКД 342.4(574)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ САЯСИ
ҚҦҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жумабекова Гаухар Сматуллаевна,
goha__300794@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетің заңтану
мамандығының ққ-11 тобының студенті, Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекші - Ж. И. Ибрагимов
Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында белгіленген
мемлекеттің ең қымбат қазынасы: адам, оның ҿмірі, қҧқықтары мен бостандықтары деген
ереже жай ғана қағида емес, нақты мазмҧнға ие мемлекет қызметінің басты
бағыттарының бірі. Алайда адам мен азаматтардың қҧқықтары барлық жерде бірдей
танылмайды жҽне қоғам санасында адам қҧқықтары мен бостандықтары идеясы кешігіп
тҥсіндіріледі. Сондықтан ҚР Конституциясына сҥйеніп адам жҽне азаматардың
қҧқықтары мен бостандықтарын талқылау ҿзекті болды.
Ҽрбір тҽуелсіз мемлекеттің басты қҧжаты – оның Ата Заңы екендігі баршаға
мҽлім. Осы Ата Заңның, яғни Конституцияның қайнар кҿзі, тҥп-тамыры сонау ғасырлар
қойнауындағы, ел ауызындағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»,
Ҽз-Тҽукенің «Жеті жарғысынан», яғни дҽстҥрлі қҧқық бастаулары ретінде танылатын
негізгі ҥш дала «конституциясынан» тамыр тартады деуге болады. Бҥгінгі тҽуелсіз қазақ
елінің қҧқықтық қатынастарының қалыптасуы бағзы қайнарлардан бастау алады.
Еліміздің ең басты саяси-қҧқықтық қҧжаты ол ҽрине Ата Заңымыз. Қазақстан
сияқты ХХІ ғасырда саяси-экономикалық дамуы, мҽдени ҽлеуметтік бағыты айқындалған,
аяғын тік басып келе жатқан мемлекеттің негізгі ҧстанымы, тҧрақтылық кепілі
Конституция екені айқын. Конституцияның қҧндылығы- адамның ҽлеуметтік тҽсіл -
тҽжірибесінде, қоғамның тҧрақтылығында, елдің ҿркениетті бағдарында, мемлекеттің
жасампаз саясатында. Ҿмірдің ҽлеуметтік-мҽдени бағыттары мен жетістіктері халық
бойындағы тҿзімділікті, дҽстҥрлер сыйластығын, сенімді жҽне ҿзара тҥсінікті нығайтады
ҽрі Конституцияның ҿміршеңдігін айқындайды.
160
Конституция - жай ғана қҧқықтық акт емес. Негізгі Заңның кіріспесі мен
баптарында ҧлттық қоғам мен мемлекет ҿмірінің басты рухани діңгектері айқындалған.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы (1998 жылғы 7 қазандағы №284-I жҽне
2007 жылғы 21 мамырдағы №254-III Қазақстан Республикасының заңдарымен енгізілген
ҿзгерістермен жҽне толықтырулармен) кіріспесінде: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік қҧра отырып, ҿзімізді еркіндік,
теңдік жҽне татулық мҧраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ҧғына
отырып, дҥниежҥзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жҽне
болашақ ҧрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, ҿзіміздің
егемендік қҧқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» [1,10].
Қазақстан Республикасы Конституциясының бҿлімдерінен, тарауларынан жҽне
баптарынан бҧрын келетін бҿлімі кіріспе деп аталады. Кейбір мемлекеттерде
конституцияларында бҧл секілді термин Негізгі Заңның мҽні ретінде қолданылмайды.
Осы еліміздің Ата Заңындағы кіріспеде берік салтанаттылығы мен кҿтеріңкілігі қазақ
халқының рухани жан-кҥйін, оның жаңа мақсаттары мен идеяларға, жақсы ҿмір сҥруге
деген ҧдайы ҧмтылысын білдіреді. Сондай-ақ кіріспемен таныса отырып, Қазақстанның
егемендігі баяндалатынын ҧғына аламыз. Оны осы кіріспедегі «Біз, ортақ тарихи тағдыр
біріктірген Қазақстан халқы...» деген жолдардан кҿре аламыз. Кҿрнекті қоғам қайраткері,
ҚР ҦҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Сҧлтан Сартайҧлының Абылай
Мамырайханға берген сҧхбатында мынадай келтірген сҿздерінің бірі: «Қазан
тҿңкерісінен осы кҥнге дейінгі тарихымызда біз бес Конституция қабылдадық. Оның
ішінде ҥш Конституция – 1924 жылғы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасының Конституциясы, 1937 жылғы, 1978 жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының Конституциялары – тоталитарлық Одақ жҥйесінде қабылданған
болатын. Сондықтан бҧл Конституцияларда, республикамыздың КСР Одағының
қҧрамында социалистік бодандықта жҥрген кезде қабылданғандықтан тҽуелсіздік туралы
сҿз болуы мҥмкін емес еді. Тҽуелсіздік алған тҿрт жылдың ішінде ҿз еркімізбен, ҿз
қалауымызбен кҿптеген талқылаудан, пікіралысудан соң барып 1993жылғы жҽне
1995жылғы халықаралық аренада ҿз жолымен ҿркендеуге бағыт алған тҽуелсіз
мемлекетіміздің Конституцияларын қабылдадық. Ал бҧларда тҽуелсіздік идеясы кеңінен
кҿрініс тапты деуге болады» [2,6]. Академик ағамыздың дана ойымен толықтай келісеміз.
Ҿз елінің Конституциясы, яғни Негізгі Заңы, Ата Заңы болмай тҽуелсіздік ҧғымы жайлы
сҿз болуы мҥмкін емес . Ол Ата Заңымызда халқымыздың рухани жан-дҥниесі, осы елдің
қҧқығы қалай дамып жатқанын, қалай жҥзеге асып жатқанын, мемлкеттің нысаны,
қҧрылымы, адам жҽне азаматтардың жағдайы кҿрініс таппақ.
Конституциямыздың І бҿлімінің 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы
ҿзін демократиялық, зайырлы, қҧқықтық жҽне ҽлеуметтік мемлекетретінде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы- адам жҽне адамның ҿмірі, қҧқықтары мен бостандықтары» [3,4]
делінген. Қазақстан мемлекетінің адамы жҽне азаматының ҿмірін, қҧқықтары мен
бостандықтарын ең қымбат қазынасы деп тануы мемлекеттің адамға ҥнемі қамқорлық
кҿрсетіп, адам жақсы ҿмір сҥруі ҥшін оған қажетті барлық жағдайды жасайтынын, оның
денсаулығын сақтау ҥшін шаралар қабылдайтынын, мемлкет адамның ҿмірін
қолсҧғушылықтан
қорғайтынын
білдіреді.
Сондықтанда
ҧлы
заңгерлеріміз
Конституциямыздың ІІ бҿлімінде адам жҽне азаматтарының қҧқықтары мен бостандықтары
бекіткен болатын. Қазіргі таңдағы дамып келе жатқан Қазақстан қоғамында адам қҧқықтары
мен бостандықтары қоғамдағы тоқталмайтын кҥрес нҽтижесінде ҥнемі кеңейтіліп,
тереңдетіліп отырғанын байқауға болады. Ал бҧл ҥрдіс ҿз кезегінде Қазақстан елінде
демократияның даму процесін кҿрсетеді. Елімізде қҧқықтық мемлекетті орнықтыру
бағытында конституцияда екі негізгі міндеттің шешілуін қажет етеді: біріншіден, мемлекет
институттарының қызметтерін, ҿкілеттіктері мен жауапкершілігін конституциялық жолмен
белгілеу арқылы саяси билікті қҧқықтық шектеу режимін орнықтыру; екіншіден, адам мен
азаматтардың қҧқықтары мен бостандықтарын
161
олардың конституциялық қҧқықтары, бостандықтары мен міндеттері жҥйесін орнату, толық
қамтамасыз ету. Қазіргі қазақстандық конституциялық қҧқық ғылымында тҧлға қҧқықтары,
бостандықтары мен міндеттері іштей байланысты, бірақ қоғамдық қолдану аясына
байланысты қҧқықтық институттарға бҿлінеді: олар жеке (азаматтық), саяси, ҽлеуметтік-
экономикалық жҽне мҽдени қҧқықтар мен бостандықтарға бҿлінеді [4,17]. Қазіргі Қазақстан
конституциялық-қҧқықтық мҽртебесі тек мемлекеттің егемендіктің болуында ғана емес,
тҧлғаның қҧқықтары мен бостандықтары конституцияда бекітілуінде. Қазақстандық заңгер-
ғалым, академик Ғ.С. Сапарғалиевтың айтуынша: «Қазақстан мемлекетінің демократизмі
халықтың жоғары саяси-қҧқықтық мҽртебесі ғана емес, адам мен азаматтың қҧқықтық
жағдайы арқылы да кҿрініс табады. Конституцияда бекітілген демократиялық қҧқықтары мен
бостандықтардың кең кешені азаматтарға сҿз бен ар-ождан бостандығымен, мемлекеттік
органдардың істерінің басқарылуына қатысумен, қоғамдық ҧйымдарды қҧрумен жҽне т.с.с.
пайдалануға заңи мҥмкіндік береді» [5,5]. Демек, адам қҧқықтары мен бостандықтарын, оның
ішінде адамның саяси қҧқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету Қазақстандағы
демократияны одан ҽрі дамытудың қажетті элементі екендігін кҿрсетеді. Сондықтан да осы
жҧмыстың негізгі зерттелетін мҽселесін адам жҽне азаматтардың саяси қҧқықтары болмақ.
Ҿткен Мемлекет жҽне қҧқық теориясынан мемлекеттің пайда болуының теорияларын
қарастырған кезде Шартты теориядағы Ресей ғалымы А.Радишев ойын осы жерде
қарастырсақ орынды деп ойлар едім. А.Радишевтің ойынша билік халыққа тиесілі, алайда ол
мемлекет басшысына берілген жҽне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сҽйкес,
мемлекет шарт нҽтижесі ретінде пайда болды, оның қатысушылары болып адамдар табылады,
олар шарттың негізнде ҿз бостандықтарының, ҿз билігінің бір бҿлігін мемлекетке береді
делінген [6,14]. Ресей ғалымы А.Радишевтің ойын қарастыратын болсақ, мемлекеттің саяси
билігіне халықтың бақылауы, қатысуы керек екенін білеміз жҽне де мемлекет шарт бойынша
халық келісімімен мемлекет басшысына берілгендіктен мемлекет, оның негізгі нышаны
болған Конституциямызда адам қҧқықтары мен бостандықтары қарастырылып қорғауы
қажет. Сонымен қатар адам жҽне азаматтардың саяси қҧқығының бекітілуі еліміздің
демократиялық режимін орнықтыра да, дамыта да тҥседі.
Біздің ойымызша адам жҽне азаматтардың қҧқықтар мен бостандықтары деген -
Ресей ғалымы А.Радишев теориясы бойынша шарт негізінде қалыптасқан мемлекет Ата
Заңы Конституция арқылы адам жҽне азаматтардың ҿз қҧқықтарын, бостандықтарын
тумысынан тануы, ҽрі мемлекет тарапынан қамтамасыз етуі, қорғауы, қоғамдағы
ҽлеуметтік-саяси, экономикалық, рухани салалардағы қҧндылықтар мен игіліктерге
еркіндік негізінде қол жеткізу мҥмкіндіктері. Бҧл анықтаманы Қазақстан
Республикасының Конституциясының ІІ бҿлім 12-бабының 2-тармағы: «Адам қҧқықтары
мен бостандықтары ҽркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан
ешкім айыра алмайды, заңдар мен ҿзге де нормативтік қҧқықтық актілердің мазмҧны
мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [3,8] жҽне жоғары да атап кеткен
А.Радишевтің теориясына сҥйеніп қарастырдық.
Адам қҧықтары тумысынан пайда болады деп жатамыз. Иҽ, расында адам
тумысынан қалыптасқан табиғи қҧқықтарға иеміз, алайда біз қарастыратын адам жҽне
азаматтардың саяси қҧқықтары тумысынан берілетін қҧқық ретінде қарастыра алмаймыз,
себебі саяси қҧқық адамның азаматтығының болуына байланысты, ал азаматтықты кез
келген адам тумысынан ала бермейді. Азаматтық ҧғымының ҿзінде азамат пен
мемлекеттің ҿзара қарым-қатынасының саяси мҽні бар. Азаматтық – ол адамдардың сол
мемлекетпен тҧрақты саяси-қҧқықтық байланысы [7,128]. Бҧл анықтамадан
азаматтардың ҿз мемлекетімен саяси байланыста болатыны аңғарамыз, яғни азаматтардың
мемлекет ісін басқарумен, демократиямен тығыз баланысты қҧқық мен бостандықты
білдіреді. Республика азаматтарының мемлекетті басқару ісіне араласуы демократиялық
мемлекеттің мҥмкіндігі кеңейе тҥспек. Еліміз демократиялық мемлекет қҧру мақсатында
азаматтарына қҧқық пен бостандықтарын кепілдендірген.
162
Адам жҽне азаматтардың мемлекет ісінің басқарылуына қатысу қҧқығына сайлау
мен референдумге қатысу қҧқығы, петициялар қҧқығы, саяси партияларды қҧру жҽне
олардың қызметіне қатысу қҧқығы, мемлекеттік қызметке кіру (оған тең тҥрде қол
жеткізу) қҧқығын жатқызамыз. Осы адам жҽне азаматтардың конституцияда бекітілген
қҧқықтарына жеке тоқталып талдап ҿтсек.
Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ бҿлімі 33-бабы 2-тармағы
бойынша Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті ҿзін-ҿзі
басқару органдарын сайлауға жҽне сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға
қатысуға қҧқығы бар делінген [3,14]. Конституция жҽне Қазақстан Республикасының
Сайлау туралы заңы азаматтардың сайлау жҽне сайлану, Республикалық референдумға
қатысу қҧқығын іске асырудың кең кепілдіктерімен қамтамасыз етеді. Азаматтардың
сайлау жҽне сайлану қҧқығы мемлекеттік билік жҽне ҿзін-ҿзі басқару органдарын
қалыптастыруға жҽне қызметіне қатысудың конституциялық мҥмкіндігі болып табылады.
Республикалық референдумға барлық облыстарды, Республика астанасын, Республикалық
маңызы бар қалаларын білдіретін, бастамасымен Республика Президентіне жҥгінетін,
саны жағынан тең келетін қатысушы қҧқығына ие Республиканың екі жҥз мыңнан кем
болмайтын азаматы бастамаға ие. Бҧл Конституциямыздағы қҧқық азаматардың нақты
саяси қҧқықтары мен бостандықтарын кҿрсететіні анық. Азаматтардың мемлекетті
басқаруға байланысты органдарды ҿз шешімдері бойынша дауыс беруі, референдумға
қатысып ҿзінің таңдауын білдіруі саяси билікке қатысу қҧқығын білдіреді жҽне де
демократиялық мемлекеттік режимде орнығуын анықтайды. Алайда референдумға дауыс
беру қҧқығы қҧқықтық санасы мен мҽдениеті жоғары тҧлғаларға берілуін ҧсынар едік.
Ел басымыздың 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында ел азаматтарының
саяси қҧқықтары мен бостандықтарын одан ҽрі жетілдіретінін ҿзінің тапсырмасында атап
кетті. Президентіміз қоғам жҽне азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен
олардың жҥзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы керек, жергілікті басқару органдары
арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мҽселелерді ҿз бетімен жҽне жауапкершілікпен
шешуіне нақты мҥмкіндік беру керек деп атап кетті. Сондай-ақ, қоғамдық бақылауды,
жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын кҥшейтудің жҽне Елбасымыз
мҽслихат арқылы ауыл ҽкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдады.
Сайлау 2013 жылдан бастау алады. Осылайша, біз азаматтармен тікелей жҧмыс жасайтын
жҽне мҽселені жергілікті жерде шешетін барлық ҽкімдерді сайланбалылықпен қамтитын
боламыз. Азаматтардың жергілікті жерлердегі ҿзекті мҽселелерді шешуге, жергілікті
билік органдарының жҧмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды деп кҿрсетті
ҿз жолдауында [8 ,23]. Бҧл жолдау Қазақстан Республикасының Конституцисының 33-
бабының 2-тармағындағы азаматтардың саяси қҧқықтары мен бостандықтарының
жетілдіруінің , толықтырылуының жҽне заңнаманың эволюциялық жолмен ҥнемі дамып
келе жатқанының айқын кҿрініс.
Келесі «Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең тҥрде қол
жеткізу қҧқығы» деп танылатын тармағы да азаматтардың конституциялық саяси
қҧқықтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметке кіруге тең қҧқылық деген сҿз
кез келген мемлекеттік қызметке нҽсіліне, жынысына, ҧлтына, мҥліктік жағдайына дінге
қатысына жҽне басқа да талаптарға қарамастан ешқандай кемісітушіліксіз орналасуын
білдіреді. Яғни азаматтың жҧмысқа даярлығы, білімі, кҽсіби даярлығы жҽне бос жҧмыс
орны болған жағдайда мемлекеттік қызметке орналасуға тең мҥмкіндігі туралы айтылмақ.
Алайда, бҥгінгі кҥні азаматтардың мемлекеттік қызметке тең тҥрде қол жеткізу қҧқығы ҽлі
де толығымен орындалмай келеді. Оның ең басты себебінің бірі мемлекеттік аппаратта
кеңінен тараған жемқорлық болып отыр. Соңғы жылдары мемлекет осы мҽселеге тереңірек
кҿніл бҿліп қарастырып келеді, бірақ мемлекет ҽлі де оның шешімін таппай келеді. Сеніміміз
мол бҧл сҧрақтың жауабы шешілетініне. Біздің ойымызша оның алдын алу ҥшін заңдарды
кҥшейту, жемқорлықпен кҥресу жҽне де ең бастысы жалақыны
163
кҿбейту деп есептейміз. Себебі егер жалақы адам ҿмір сҥруі ҥшін жеткілікті болса,
жемқорлыққа бармас деп ойлаймыз. Жемқорлыққа қарсы кҥресу шаралары елімізде жҥріп
жатыр. Оның айқын дҽлелі Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің қаулысы (2012 жылдың 15
қыркҥйегінен 15 қазанына дейін) «Сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылық фактісі туралы
хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥресте ҿзге де жолмен жҽрдемдескен
адамдарды кҿтермелеу қағидаларын бекіту туралы» [9 ,5] қаулысы. Бҧл қаулының ҿзі
жемқорлыққа қарсы кҥрес жҧмыстарының жҥргізіліп жатқанының кҿрінісі. Сонымен қатар
14 желтоқсан 2012 ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет азаматтарын
мемлекеттік қызметке орналасу барысында біліктілігі мен еңбек ҿтілін ғана басты негіз
ретінде қарастырмай, қоғамдық орындардағы бҧзақылық ҽрекет ҥшін жеке іс қағазында жҽне
резюмеде міндетті тҥрде кҿрсетілуі жҽне жҧмысқа қабылдау, қызмет сатысы бойынша ҿсіру
кезінде ескерілетін жаза қолданылуды енгізу керектігін ескерді [8 ,21]. Мҧның ел
азаматтарының мемлекеттік қызметке алынар кезде, қоғамдағы орнын да ескеріп
мемлекетіміздің қҧқықтық мемлекет екенін де ескертеді.
Жҧмыс барысында азаматтың мемлекет істерінің басқарылуына қатысу қҧқығын
қҧрайтын «қатысу қҧқықтары» қарастырылды, яғни сайлау мен референдумге қатысу
қҧқығы; мемлекеттік қызметке кіру (оған тең тҥрде қол жеткізу) қҧқығы. Осы қҧқықтарды
Қазақстан заңнамасы негізінде қарастыру барысында олардың эволюциялық жолмен ҥнемі
жамыр келе жатқанын біле аламыз, яғни аталған саяси қҧқықтардың даму болашағы жарқын
болатындығы сҿзсіз, себебі енді мемлекеттің қалыптасу кезінде саяси қажеттілік пен
бостандықтың арақатынасы кҿп жағдайларда біріншінің пайдасына шешілетін, ал қазір елдің
жағдайында Қазақстан демократиялық жолдан ауытқымау мақсатында кҿп жҧмыстар
атқарылып, қоғам мен азаматтардың мҥддесі негізгі орынға шығып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
ҚР Конституциясы Ғылыми-практикалық тҥсіндірме, Алматы, «Раритет»,
2010.- 400бет
2.
ҚР ҦҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Сҧлтан Сартайҧлының
Абылай Мамырайханға берген сҧхбатынан/ Ана тілі 20 газеті, № 34 (1027) 26 тамыз-
1қыркҥйек, 2010ж .- 10бет
3.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Астана: «Елорда» баспасы,
2008.-
56бет
4.
Сман А. Правовое положение личности в Республике Казахстан
(конституционно- правовой аспект) автореферат дис. д-ра юрид наук: 12.00.02-Астана,
2008. - 58бет
5.
Қазақстандық заңгер - ғалым, академик Ғ.С. Сапарғалиевтың пікірі/ Дулатов
Ғ.С. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси қҧқықтары мен бостандықтары,
автореферат, заң ғылымдарының кандитаты ғылыми дҽрежесін алу ҥшін дайындалу дис.
12.00.02- Алматы, 2010.- 24бет
6.
Д.А.Булгакова Мемлекет жҽне қҧқық теориясы, (оқу қҧралы)-Алматы: заң
ҽдебиеті, 2004. - 106 бет
7.
Ғ. Сапарбаев ҚР Конституциялық қҧқығы: - Алматы: Жеті Жарғы, 2008.-
536бет
8.
14 желтоқсан 2012 ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы/ Ҽділ сот
ғылыми-қҧқықытық журнал 6,12 қараша-желтоқсан, 63бет
9.
Заң Республикалық қҧқықтық , ғылыми-практикалық журнал, №10, 2012.-
40бет/ Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің қаулысы (2012 жылдың 15 қыркҥйегінен 15
қазанына дейін)
Достарыңызбен бөлісу: |