А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,96 Mb.
#6087
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Ж. О. Артықбаев 

 

 

 

 

 

 

 

«Жеті жарғы»

 

 

 

Мемлекет жəне құқық ескерткіші 

(зерттелуі, деректер, тарихы, мəтіні) 

 

 

Оқу құралы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  

2006 

ББК 67.3 (5К) я7 

А 82 

 

 



 

 

Артықбаев Ж. О. 

А  82    «Жеті  жарғы»  мемлекет  жəне  құқық  ескерткіші 

(зерттелуі, деректер, тарихы, мəтіні). Оқу құралы. - Алматы: 

Заң əдебиеті, 2006.



150 бет


 

 

ISBN 9965-620-21-0 

 

Оқырман  назарына  ұсынылып  отырған  бұл  еңбек  қазақ 



мемелекеттілігі мен құқықтық жүйелерінің дамуында ерекше орын 

алатын  «Жеті  жарғы»  ескерткішіне  арналған.  Автор  мол  тарихи-

энографиялық  деректерді  пайдалана  отырып  қазақ  ғылымында 

алғаш рет «Жеті жарғы» ұғымына негіз болған əдет-ғұрып заңдары 

мен  ережелерін  жинақтады.  Оқу  құралында  қазақ  мемлекетінің 

хандық дəуірдегі басқару жүйесі жəне оның құрылымындағы «Жеті 

жарғы» кеңесінің қызметі, маңызы көрсетілген. Дəстүрлі мемлекет 

жəне құқық ережелері турасында автор қолданысқа түсе бермейтін 

тың деректер мен пайымдауларды енгізді. 

Кітап  қалың  оқырман  қауымға,  соның  ішінде  гуманитарлық 

мамндықтарда  оқитын  студенттерге  арналады.  Сонымен  қатра 

«Жеті  жарғы» - құқықтану  саласында  қызмет  істеп  жүрген  қазақ 

азаматтарының қайсысын да болса қызықтырады деп сенеміз. 

                                                                            



 

 

 

 

 ББК 67.3 (5К) я7 

А 

03

(05)

 

00

1202000000



                                                                               



                           

 

   

                                                          

© Артықбаев Ж.О., 2006.                                         

  

ISBN 9965-620-22-9

                        © Заң əдебиеті, 2006 

                                                            

                   



Мазмұны 

Алғы сөз

 

Кіріспе

 

I тарау. “Жеті жарғы” – дəстүрлі мемлекет жəне құқық ескерткіші

 

1.

“Жеті жарғы” атауының мəні мен мағынасы



  

2.

“Жеті жарғы” – зерттелу тарихы



  

3.

“Жеті жарғы” туралы деректер



  

II тарау. Қазақ жеріндегі мемлекет пен құқық тарихына шолу 

 

1.

Алаша хан мен Уыз хан заманы



  

2.

Ғұн жəне түрік заманы



  

3.

Шыңғыс хан жəне Алтын Орда заманы



  

4.

“Қасым ханның қасқа жолы”



  

5.

“Есім ханның ескі жолы”



  

6.

Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы”



  

7.

Абылай хан дəуірі



  

Қосымша:

 Жеті жарғы (толық мəтіні)

 

Жарғының негізгі өзегі

 

Бірінші таған. Мемлекет жəне билік

 

Екінші таған. Жарғының алтын қазығы



 

Үшінші таған. Кек пен жаза

 

Төртінші таған. Бітім жəне кесім



 

Қолданылған əдебиет тізімі

 

Алғы сөз

 

“Жеті жарғы” қазақ халқының мемлекет жəне құқықтық тарихында ерекше орын алатын құбылыс. 

Оның қайнар бастауы қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дəстүрі, əдет-ғұрыптары. Бұлар 

бірнеше  мыңдаған  жəне  жүздеген  жылдар  көшпелі  ортада,  Евразияның  ұлан-байтақ  даласында 

сақталып,  толықтырылып, XVII ғасырдың  соңында XVIII ғасырдың  басында  жаңа  редакцияға 

түсті. 


“Жеті  жарғының”  көрсетілген  уақыт  межесінде  дүниеге  келуі,  қазақ  əдет-ғұрып  заңдарының 

жаңадан  өңделуі  тарихи  оқиғалармен  тығыз  байланысты,  заңды  құбылыс.  Қазақ  көшпелілерінің 

қоғамы Орталық Азияда қалыптасқан ауыр саяси-əлеуметтік жағдайда, сыртқы қауіптің күшеюіне 

қайткен  күнде  де  жауап  беруі  қажет  болды.  Осындай  объективті  тарихи  ситуация  мемлекет

іргесін,  халықтың  бірлігін  күшейтуге  бағытталған  заңдар  ережесінің  қайта  жаңғыруына  тікелей

əсер етті. 

“Жеті жарғы” алдымен билер кеңесі есебінде Тəуке ханның ордасы жанынан құрылып, кейін заң 

түзуші орган есебінде тарихи деректерге енді. 

Əлі  күнге  дейін  толық  зерттеліп  болмағанымен  “Жеті  жарғы”  туралы  біршама  деректер 

анықталды. XVIII-XIX ғғ.  зерттеушілердің  үлкен  еңбегінің  арқасында  “Жеті  жарғының”  негізгі 

ережелері ғылыми ортаға танылды деп есептеуге болады. “Жеті жарғының” қайнар көздерінің бірі 

қазақ  халқының  тарихи  фольклоры  да  біршама  жүйеленіп,  көп  жəне  құнды  дерек  беретін 

жағдайда.  Енді  осы  жинақталған  деректерді  тарихшы – қолымен  белгілі  бір  методологиялық 

жүйеге салып реттеу мəселесі тұр. Бұл қиын да, қызықты шаруамен бірнеше жылдан бері белгілі

ғалым  этнограф  Жамбыл  Омарұлы  Артықбаев  айналысты,  соның  бір  нəтижесі  “Жеті  жарғы” 

кітабы. “Жеті  жарғы”  оқу  құралының  қүрылымы,  ішкі  логикасы  мығым,  дұрыс  ойластырылған 

деген пікірдеміз. Автордың алдымен “Жеті жарғының” зерттелу тарихы туралы жазғаны көңілге 

қонады,  сонымен  бірге  оқу  құралында  “Жеті  жарғының”  дерек  көздері,  негізгі  ережелерінің 

жинақталуы туралы да дұрыс көзқарас бар. 

Оқу құралында толық жəне сəтті қарастырылған мəселе-қазақ халқының əдет-ғұрып заңдарының 

тарихы  туралы  шолу.  Автор  көне  заманнан  бастап,  Абылай  ханға  дейінгі  аралықта  əдет-ғұрып 

заңдарының,  жолдарының  тарихын  шолып  шыққан.  Бұл  бірнеше  мың  жылға  созылған  мемлекет 

пен құқық үшін күрес тарихы. Тарихи шолу оқу құралында бірнеше бөлімге жүйеленген, тарихи 

тұрғыдан дұрыс ұсынылған деп есептейміз. Оған негізгі себеп, оқушы-студенттер бірден тарихтың 

аса ауыр көне кезеңдерінің қатпар-қатпар сырына түсіп кетпей, біртіндеп игергені қажет. 

Оқу  құралының  бірінші  тарауы  “Жеті  жарғы”  ескерткішін  ғылыми  түрде  зерттеу  мəселесіне

арналса,  қосымша  бөлім  ережелерін  оқырмандарға  ұсынады.  Автор  бұрын-соңды,  əсіресе  “Қаз 

дауысты  Қазыбек”  кітабын  жазу  барысында  апробациядан  өткен  тарихи-этнографиялық 

деректерді  жүйелеп,  талғамы  биік  оқырманның  талқысына  салады.  Біздің  пікірімізше, “Жеті 

жарғы” оқу құралында XVII-XVIII ғғ. қолданылып жүрген заң ережелері толық қамтылған. Əрине, 

бұл  кітапшамен  “Жеті  жарғы”  толық  зерттеліп,  жарияланып  қойды  деуге  болмайды,  бірақ  бір 

кезендік жұмыс атқарылды деп есептеуге болады. 

Құқықтану  мамандығына  жəне  жалпы  гуманитар  мамандықтарға  ұсынылып  отырған  “Жеті 

жарғы” оқу құралы жариялауға уақыты келген, оқу процесіне қажет, шəкірттерге пайдалы еңбек 

деп бағалаймыз. 

  

Заң ғылымдарының 

докторы, профессор 


К І Р І С П Е

 

“Жеті жарғы” қазақ халқының дəстүрлі мемлекеттік жəне құқықтық мəдениетінің алтын қорынан

сақталған  қымбат  қазына.  Бұл  ұлы  құжатқа  байланысты  ауызша  жəне  жазба  деректерді

қарастырып отырып “Жеті жарғының” мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң

қағидаларының  жинағы  немесе  мемлекеттік  биліктің  үлгісі  ғана  емес,  соныменен  бірге  ұлттық

танымның  айшықты  айнасы,  халық  рухының  қамқоры,  ұлттық  мүдденің  жаршысы  екенін 

аңғарамыз. Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік жəне 

ұлттық тəуелсіздігі, осы ұлы түсінік “Жеті жарғының” ел құрметіне бөленіп, ел ақсақалдарының 

жадына берік жазылуына негізгі себепкер. 

Біз  қолда  бар  деректерді  қарастыра  отырап  “Жеті  жарғы”  туралы  мəліметтер  негізінен  ауызша 

түрде,  қазақтың  шежіресі,  аңыз-хикаялары,  өлең-жырлары  арқылы  сақталған  деп  есептейміз. 

“Жеті  жарғының”  түп  өзегі  Евразия  көшпелілерінің  бірнеше  мың  жылдар  бұрын  қалыптасқан

əдет-ғұрып заңдарына негізделген. Сонымен бірге “Жеті жарғы” XVII ғасырдың соңы мен XVIII 

ғасырдың  басындағы  саяси-əлеуметтік  ахуалға  ыңғайланған  əдет-ғұрып  ережелерінің  жаңа 

редакциясы. Көшпелі қауым арасындағы саяси билік бірде күшейіп, бірде əлісіреп замана əсеріне, 

əсіресе  сыртқы  ортаның  ықпалына  тікелей  ыңғайланып  отыратын  құбылыс.  Саяси  билік  белгілі 

дережеде не сырттан қауіп төнгенде, не сыртқа бағытталған көшпелілердің ірі қозғалыстарының

кезінде күшейіп, ал қауым ішінде бейбітшілік тенденциялары нығайғанда əлсіреп отырады.  

Зерттеушілердің  көпшілігі  “Жеті  жарғыны”  тек  құқықтық  мəселелермен  ғана  байланыстырады. 

Бұл  таңдау  белгілі  дережеде  тарихи  институттарға  ретроспекциялық  тұрғыдан  қараудың  тікелей

жемісі. “Жеті  жарғыға”  байланысты  əдет-ғұрып  ережелері  жинақталып  хатқа  түсе  бастаған

уақытта  қазақ  мемлекет  дəстүрлері  аса  құлдырап,  оның  реттегіш  механизмдері,  заңдары 

қолданыстан  шыға  бастаған  еді.  Қазақ  мемлекетінің  негізгі  ұйытқысы,  құрылымдық  жүйесінің

негізі  болып  табылатын  туысқандық  қарым-қатынастар  “ақтабан  шұбырынды”  заманында  үлкен 

соққы  алып,  қалыпты  жүйесін  бұзып  алды.  Бұл  дағдарыс  əлеуметтік  топтар  арасындағы  қарым-

қатынасқа  да  тікелей  əсер  етіп  қоғамдағы  төре  мен  қараша,  төре  мен  төлеңгіт,  отырықшы  мен 

көшпелі  элементтер,  субэтникалық  топтар  мен  сословиелер  арасындағы  қалыпты  қатынас

бұзылды.  

М.Тевкелев  күнделігіндегі  Бөкенбай  батырдың  əңгімесінде: “У  них,  киргис-кайсаков,  прежде 

были  города,  а  именно:  Ташкент,  Тюркестан,  Сейрам  с  принадлежащими  ко  оным  городками  и

деревнями, и оными владели киргис-кайсацкие ханы и старшина. В тех городех живут сарты, то 

есть посацкие мужики, с которых брали они дань. А из тех городов выслал их хонтайша тому с 15 

лет.  А  ныне  оными  никто  не  владеет  и  дань  не  забирает,  живут  праздно…” (37, с.62) – деп 

суреттелетін жағдай саяси-құқықтық құрылымға да қатысты.  

XVIII ғасырдың ортасына қарай қазақ жерінде мемлекеттік дəстүрлердің қайта күшеюі басталды. 

Оның  барысын  біз  қазақтардың  Жоңғария  жеріндегі  белсенді  саясатынан,  Сыр  бойындағы 

қалаларды қайтарып өнеркəсіп пен сауданы қолға алуынан, Сыр бойына əсерін азайту үшін Қоқан 

хандығын  ығыстыру  саясатынан  т.б.  салмақты  істерден  көріп  қаламыз.  Қазақ  халқының 

мемлекеттік мүддесі бұл кезеңде Абылай атымен байланысты болды. Бірақ бір жағынан Ресей, бір 

жағынан  Қытай  шеңгелі  қазақ  мемлекетінің  күшейіп,  іргелі  ел  болуына  тосқауыл  қойды. 

Көшпелілер билігінің Евразиядағы үстемдегі осыменен біржолата тиылды да, Европа нақты жеңді. 

Абылай хан қанша күш салғанымен елді өз бетімен басқарып кетуге, қазақтың басын түгел қосып 

алуға дəрмені жетпеді. Оның ең басты себебі Ресейдің қазақтың Кіші жүзіне енуі, Əбілқайырдың 

алауыздық туғызған саясаты, Ресейдің Есілді өрлеп Көкшеге жақындап қалуы. Жалпы қазақ қанша 

жанкешті болғанымен Евразиядағы түбегейлі өзгеріске түскен геополитикалық жағдайды өзгерте

алмайтын  еді.  Қазақ  мемлекетінің  дағдарысымен  бірге  ірі-ірі  мемлекеттік  институттар,  əдет-

ғұрыптар,  қоғамдық,  мемлекеттік,  азаматтық  түсініктер  жүдеушілігі  басталды.  Осылайша  “Жеті 

жарғы” заңдарынан мемлекетке қатысты ережелердің көпшілігі ұмытылып, тек жеке адам, немесе 

қауымға  тікелей  қатысты  ережелер  көбірек  сақталды. “Жеті  жарғының”  өзі  қалыпты  ережелер 


жинағы  жəне  ереже  туғызушы  тетік  есебінде  өмірден XVIII ғасырдың  басында – ақ  озған  еді. 

XVIII  ғасырдың  ортасындағы  жағдайда  “Жеті  жарғыны”  мемлекет  мүддесін  ойластыратын 

Жоғары кеңес есебінде жаңғырту мүмкіндігі аяқталды. 

Қолда бар тарихи-этнографиялық мəліметтер “Жеті жарғы” қызметіне жəне қазақтың əдет-ғұрып 

заңдарына жан-жақты, терең қарауға мүмкіндік береді. Бірнеше ғасыр бойы жинақталған тарихи 

деректер  дəстүрлі  зерттеу  тəсілдерімен  қатар,  тың  ғылыми  зерттеу  əдістері  мен  аспаптарын

(инструментари)  енгізу  жемісті  болатынына  кепілдік  береді.  Оның  біршама  тəжірибесі  кəзіргі 

“Нормативті этнография” аталып жүрген ғылым саласында қалыптасып қалды (18; 46; 68; 74; 82). 

Сонымен  бірге  дəстүрлі  құқықтық  көзқарастарды,  жүйелерді,  құндылықтарды  зерттеуге 

“Құқықтық  антропология”  тікелей  араласқаны  зор  пайда  береді.  Қалай  дегенмен  де  дəстүрлі 

қоғамды,  оның  рухани  мұрасын,  тек  қана  саяси-құқықтық  мұрасы  ғана  емес,  рухани  қазынасы 

болып  табылатын  əдет-ғұрып  заңдарын,  соған  байланысты  қалыптасқан  нақыл,  ақыл  сөздерін, 

шешендік  өнерін,  салт-дəстүрін  игеруге  кəзіргі  уақытта  гуманитарлық  ғылымның  басты

саласының  бірі  ретінде  этнологияның  араласу  мүмкіндігі  мол.  Классикалық  тарих  жəне  заң 

ғылымдары тек сыртқы (жазба) дерекке негізделсе, этнология ізденіс барысында халықтың (этнос) 

ішкі  құрылымына,  жабық  байланыс  жүйелеріне,  жан  сақтау  жəне  өмір  сүру  заңдылықтарына 

үңілетін зерттеу əдістеріне сүйенеді. Бұл қоғамдық ғылымдарды, соның ішінде құқықтану саласын 

алға алып баратын жол. 

Біз  бұл  еңбегімізде  “Жеті  жарғы”  тек  құқықтық  ескерткіш  қана  емес,  сонымен  қатар  институт, 

билік  жүргіу  тетігі  деген  пікірді  негізге  алдық.  Бұл  жерде  екі  бағытты  да  бөле  жармай  тұтас

қарастыру  біздің  негізгі  мақсатымыз  болды.  Тақырып  аясын  кеңейту  үшін  мүмкіндік  келгенше

əдет-ғұрып заңдары мен ережелерін жас оқырмандарға көбірек таныту міндетін алдық. Болашақта 

жас заңгерлер бұл жинақты толықтырып, оның құрылымына, жүйелеу ретіне өзгерістер кіргізетіні 

даусыз.  Мемлекеттігін  құрып,  заңын  түзеп  жатқан  тəуелсіз  Қазақстан  үшін  “Жеті  жарғы”  əлі  де 

маңыздылығын  жоғалтқан  жоқ.  Тек  қазақ  қоғамының  көп  жағдайда  синкретті  мəдениет  өкілі

екенін,  көп  құбылыстар  бір-бірімен  астасып  жататын  ескерген  жөн.  Солардың  ішінде  “Жеті 

жарғы” аталып бір-бірімен ажырамастай бірігіп кеткен мемлекет жəне құқық құбылыстары жатыр, 

бұл біле білген адамға бөле жаруға болмайтын қасиетті дүние.



I тарау. “Жеті жарғы” – дəстүрлі мемлекет жəне құқық ескерткіші

 

§ 1. “Жеті жарғы” атауының мəні мен мағынасы



 

Ғылыми жəне ғылыми-көпшілік əдебиетте “Жеті жарғы” атауына қатысты əр түрлі пікірлер бар, 

бірақ  олар  ғылыми  қауым  тарапынан  толық  қолдау  таба  қоймаған,  бір-біріне  кереғар  келіп 

жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл төңіректе əлі де даулы мəселелер көп болғандықтан біз

осы  атауға  қатысты  жасалған  этимологиялық  талдаулар  мен  түсініктердің  негізгі  бөлігіне  ғана

тоқталып кетеміз. 

“Жеті  жарғы”  атауын  алғаш  рет  Əз  Тауке  хан  тұсындағы  қабылданған  заң  ережелеріне  қатысты

қолданған Н.И.Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария 

облысының əскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ əдет-ғұрып, заңережелеріне 

қатысты деректерді мол жинайды∗ . 

Н.Гродеков пікірінше “Жеті жарғы” Қасым мен Есім хандардың заманындағы қазақтың ескілікті

заңдарының  негізінде  жасалған: “Хан  Тауке  собрал  на  урочище  Культобе  (в  Сырдарьинской 

области) семь биев, в числе которых был знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили 

старинные обычаи ханов Касыма и Ишима (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) в 

новые обычаи, называемые – “жеты жарға” (22, с.24). 

Н.Гродеков  осы  тақырыпқа  тағы  да  айнала  берісте  соғып  “Жеті  Жарғыны”  түзген  билердің 

“жарғыш”  атанғанын  да  хабарлайды.  Бұл  біздің  пікірімізше  аса  мəнді  дерек: “При  хане  Тауке 

собрались семь биев, “жеті жарғыш” (22, с.25). 

“Жеті  жарғы”, “жарғыш”  атауына  қатысты  əр  түрлі  пікір-деректердің  ішінде  Н.Н.Гродеков 

мəліметтері өзінің қисындылығымен де, толық қандылығымен де бірінші орында тұрса керек. 

Екінші  бір  көңіл  аударатын  мəлімет  А.Леонтьевтің  “Обычное  право  киргиз” (1890) еңбегінде 

кездеседі: “Правда, ханом Тауки  (Тявки) учреждено было, по народным преданиям, собрание из 

семи биев, как высшее судилище. Но оно действовало только при этом хане” (53, с.122). 

“Жеті  жарғы”  туралы  осы  түсінікті  кейіннен  Л.А.Слаовохотов  толықтырып  “Народный  суд 

обычного права киргиз Малой Орды” еңбегіне еңгізді. Осы еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, 

Жеті  жарғыға  байланысты  “уложение”  деген  сөз  қолданылады: “семь  биев…составил  уложение, 

целиком основанное на древнем народном обычае – адате и тогда получившее название – “Джеты 

Джарга” (73, с.41).  

Л.А.Словохотов  “жеті”  сөзінің  тек  мемлекеттік  кеңестегі  билердің  санын  ғана  білдіріп  қоймай, 

толықтықты,  толық  кəмелетті,  бүтіндікті  білдіретін  ұғым  есебінде  пайдаланылғанын  жазады: 

“Джеты  по  киргизский  (казахский-Ж.А.)  означает  “семь” – число  у  всех  народов  Востока, 

считавшееся  выражением  полноты,  совершенства  и  авторитетности.  Джарга-дат.  падеж  от  дзар 

(тат.)  или  дзор  (монг.) – известие,  объявление,  публикация,  обнародование,  возвание  ср.  другую 

транскрипцию – “жеті жарығы” – т.е. “семь святил его” (т.е. Тявки)” (73, с.42). 

XX  ғасырдың  басында  қазақ  тарихының  ең  бір  күрделі  де  қызық  мəселері  туралы  жазған

А.П.Чулошников  “Жеті  жарғыны”  Шыңғыс  хан  заманындағы  “Жаза” (Великая  Яса)  тəртібімен 

салыстырады,  оның  пікірінше  “Жеті  жарғы”  қазақ  халқының  ұзақ  өмірінен  бір  тамаша  нəтиже, 

азаматтық  жəне  қылмыстық  құқық  туралы  түсініктерінің  жиынтығы: “В  самом  деле,  подобно 

“Великой  Ясе”  Чингис  хана  и  казак-киргизское  обычное  право,  систематизированное  Тявкою, 

заботилось  тоже  не  столько  о  предупреждениях  преступлений,  сколько  об  их  ближайшем 

наказании” (83, с.204). 

“Жеті жарғының” атауының мағынасы туралы А.П.Чулошников пікірі Н.Гродеков жазғандарымен

үндес: “…хан Тявка, особеннно чтимый всеми казак-киргизами, собрал на урочище Куль-тюбе (в 


пределах  нынешней  Сыр-Дарьинской  области)  семь  биев  во  главе  с  знаменитым  бием  Туле

Алимбековым  и  вместе  с  ним  составил  уложение,  целиком  основанное  на  древнем  народном 

обычае – адате  и  тогда  же  получившее  название – “Джеты-Джарга”,  т.е. “Обявление  семи” (83, 

с.204). 


Қазақ  ғалымдарының  ішінде  “Жеті  жарғы”  туралы  алғашқы  пікір  білдіргендердің  бірі  академик

Ə.Х.Марғұлан  “Жеті  жарғыны” – жеті  жарғыш,  жеті,  яғни  жеті  əділ,  қара  қылды  қақ  жарған

билердің 

билігі 


дегенді 

қолдады. 

Сонымен 

бірге 


Ə.Х.Марғұлан 

“Қазақ 


совет 

энциклопедиясындағы” “Жеті  жарғыға”  арналған  мақаласында  оның  мазмұнының  жеті  түрлі

ережеден құралатындығы жайлы жазады. “Жеті жарғыға” кірген ережелер жетеу. Олар: 1).Мүлік 

заңы; 2).Қылмыс заңы; 3).Əскери заң; 4).Елшілік жоралары; 5).Жұртшылық заңы; 6).Жесір дауы; 

7.Құн дауы” (56, б. 542.). 

Əлекеңнің “Жеті жарғы” мағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі пікір айтуы кездейсоқ 

па? “Жарғыға” қатысушы билердің саны ережелердің санымен неге тең деген сұраққа дəл жауап 

қайтару  оңай  емес.  Негізінен  “Жеті  жарғы”  бұрын  соңды  қолданыста  болған  заң  жобаларын

жүйелеп, оның басын қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дəлелге негізделмейді. 

Ғылыми  əдебиетте  кейде  “Жеті  жарғы”  мағынасына  байланысты  тіпті  ұшқары  пікірлер  де

айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер “жарғы” сөзінің мағынасына бойлай бермегендіктен 

туындайды. Мəселен С.Е.Толыбековтың қазақ көшпелі қоғамына арналған кітабында “жарғы” сөзі 

“жорға”  деп  беріледі: “Первый  свод  народных  обычаев  под  названием  “Джеты–жарга”, 

составленный семью биями (точнее: “джеты–жорға–семью иноходцами) при хане Тауке…” (77, с. 

343-344). 

“Жарғы” жəне “жорға” сөздері бір-бірінен мағынасы бөлек атаулар. “Жарғы” – көне түрік тілінде 

жарлық, билік, шешім деген мағына береді (26, б.630; 88, б.18-20). 

М.Қашғари  сөздігінде  “жар”- (йар) – жару,  жарғыш  ұғымдарымен  тікелей  байланысты 

қарастырылады (50, б. 46, 60). 

Қазақ  тіліндегі  “жар”  сөзінің  түпкі  мағынасы  моңғолдың  (қалмақтың) – “зар”  сөзімен  ортақ. 

Мəселен  моңғол  тілінде  “зар”–жар,  хабар  деген  мағынада. “Зар  тараах–жар,  хабар  тарату  болып 

адурылады.  Сонымен  қатар  “Зардан”  туындайтын  “зарга”–дау  айтыс,  талас,  тартыс,  сонар  дау, 

егес, жанжал” мағынасын береді (63, б. 247). Ал енді “зарға шүүх” сөзі дауды тексеру, дау кесу, 

шешім мағынасында айтылады (63, б. 248). 

Моңғолдың  “заргач”  сөзі  қазақтың  “жарғышымен”  төркіндес,  дауға,  билікке  қатысы  бар  адам 

туралы айтылады (63, б.248). 

Соңғы жылдары ғылыми əдебиетте “Жеті жарғыны” жеті билік, жеті ереже мағынасында қолдану 

көбрек кездеседі. Т.И.Султановтың осы тақырыпқа жазылған еңбегінде “В истории права ханского 

периода известен только один законодательный памятник - “Жети Жаргы” (Семь установлений) -

деп  аударылған (76, б. 64). Бұл  біздің  түсінігімізше  шартты  атау,  біздің  қолымыздағы  ешқандай 

дерек  Əз-Тəуке  хан  заманында  қабылданған  заңдардың  жетеумен  шектелгенін  айтпайды. 

Екіншіден  дəстүрлі  əдет-ғұрып  заңдарында  ережелерді  белгілі  бір  принциптермен  жүйелеу

кездесе қоймайды. 

“Жеті жарғы” жайлы” деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде академик С.З.Зиманов 

пен  Н.У.Өсеров  “Біздің  пікірімізше  “Жеті  Жарғы”, “Жеті  Жарлық”, “Жеті  дау”, “Жеті  шешім” 

деген ұғымды білдіреді. Оларға жер дауы, құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген” 

деп  “жеті”  мағынасын  тек  сандық  тұрғыдан  қабылдауды  ұсынады (32, б.127).  Авторлардың 

пікірінше  “Жеті  жарғы”  билер  кеңесіне  түскен,  талқыланған,  шешілген  жарлықтың,  даудың  т.б. 

жалпы санын береді. 


“Жеті жарғының” мəн-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық мəліметтерді ғылыми 

айналысқа көбірек еңгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан туындаса керек. “Жарғы” сөзін жалпы 

кеңес,  өкілетті  билік,  заң  тудырушы  орын  есебінде  қабылдау  өте  дұрыс  болғанымен, “Жетіге” 

қатысты  пікірлерді  əлі  де  тереңірек  қарастыру  керек  сияқты. “Жарғы”  кеңес,  заң  мағынасында 

тарихи  деректерден  ертеден  жиі  кездеседі,  ал  “жетінің”  орнында  басқа  сандары  кездестіріп 

қаламыз (алты, сегіз). 

Мəселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм əмірі Құтлық - Темір (ол кезде Хорезм 

Алтын  орданың  əкімшілік  бөлігі)  қабылдауында  болып  ордадағы  “Жарғы”  қызметі  туралы 

мəліметтер  береді: “У  этого  эмира  было  принято,  чтобы  кади  приходил  каждый  день  в  его 

приемную  и  садился  на  место,  отведенное  для  него,  в  вместе  с  ним  факихи  и  писцы.  Напротив 

него  садился  один  из  главных  эмиров  и  с  ним  восемь  старших  тюркских  эмиров  и  шейхов, 

называемых йаргуджи (жарғышы-Ж.А.). Люди обращаются к ним с тяжбами. Если дело относится 

к шариатским, то по ним решение выносит кади, а по другим делам выносят решение эти эмиры. 

Их  решения  точны,  справедливы,  потому  что  их  не  заподозрят  в  пристрастии  и  они  не  берут

взяток” (35, с.76). 

Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі аздаған үзілістермен 1321 

жылдан  басталып 1368 жылға  дейін  жүрді.  Алтын  Орда  мемлекетінің  ірі  басшыларының  бірі, 

Өзбек ханға жақын болып келетін Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер

дəстүрінің  үлгілеріне  сүйеніп  жүргізгені  дау  тудырмаса  керек.  Бұл  кезең  Хорезм  өлкесінің  аса 

гүлденіп  тұрған  кезі,  ибн  Баттутаның  өзі  де  кітабының  бірнеше  жерінде  бұрынғы  жағдайына

қарағанда  Хорезмнің  көркейіп  өскенін  атап  кетеді.  Құтлық  Темір  бек  сарайындағы  “Жарғы” 

қызметі  мемлекеттік  жоғары  сот  деп  атауға  келеді.  Сонымен  бірге  мемлекет  ішіндегі  ірі 

əмірлердің  “Жарғы”  қызметіне  қатыстылығы  мемлекетке  аса  қажет  шаруалардың  да  осы

отырыстарда талқыланатынын білдіреді. 

“Жарғы”  мəні мен  мағынасын түсінуге  тікелей  қатысты деректерді біз қалмақ  тарихынан да жиі

кездестіреміз.  Қазақ-қалмақ  халықтарының  этникалық  субстраттағы  жақындығы,  тарихының 

ортақ  кезеңдері,  территориялық  іргелестігі  қалмақ  деректерін  қазақ  тарихын  зерттеуге  көбірек

қолдану қажеттілігін дəлелдей түседі. 

Қалмақ тілінде “Жарғы”-“Зарго” деп аталады жəне оның құрамы деректерде 6-8 адам шамасында 

кездеседі.  Осыған  байланысты  Қалмақ  хандығы  (Жоңғар  заманы)  жоғары  билік  (сот)  кеңесіне 

байланысты  “найман  Зарго”  деген  атаулар  кездеседі. “Найман”  қалмақша  “сегіз”  деген  санды 

білдіреді.  Біздің  түсінігімізше  бұл  сегіз  бидің  кеңесі  деп  аударылады.  Енді  қалмақ  тарихының

білгірі  В.М.Бакунинге  сөзберейік: “Зарго,  на  их  языке-суд,  бывает  всегда  при  доме  ханском,  и 

присутствуют  в  особливой  кибитке  ханские  первые  и  вернейшие  зайсанги  (ру  басылар-Ж.А.), 

между которыми бывают и из попов (ламалар-Ж.А) по человеку и по два, на которых верность хан

надежду имеет. 

А  всех,  по  их  древнему  обыкновению,  больше  осьми  человек  не  бывает.  По  стольку  ж  человек 

бывало в Зарго и у зеньгорских ханов и главных владельцев, которых они называют еке нойон, то 

есть великий князь. 

При  том  суде  бывает  по  нескольку  человек  нарочно  определенных  писцов,  приставов, 

рассылшиков и других служителей. 

В  той  же  кибитке  Зарге  присутствующие,  на  их  языке  называются  тусулукчи  и  заргучи,  то  есть 

советник  и  судья,  а  все  вообще-саит,  то  есть  министры.  Писцы  называются  бичачи “(бітікші  -

Ж.А.),  а  приставы-яргучи  (ясауыл - Ж.А.).  От  той  Зарги  зависит  правление  всего  калмыцкого

народа, и в оной сочиняются отправляемые ко двору императорскому доношения и к ближайшим

командирам российским письма, и указы ханские к калмыцким владельцам о публичных делах, и 

черныя-приносятся  к  хану  для  апробации  и  потом  переписываются  набело  и  припечатываются

ханской печатью, которая хранится у первейшего и вернейшего его зайсанга” (12, с.146).



Жоғарыда  келтірген  құжаттар  біздің  “Жеті  жарғы”  жоғары  мемлекеттік  кеңес  жəне  сот  деген 

пікірімізді  нақтылай  түседі.  Əз  Тауке  заманында  “Жеті  жарғының”  құрылуы  ұзақ  жылдарға

созылған дағдарыстан мемлекетті алып шығудың бір жолы есебінде қарастырылған болуы керек. 

Екіншіден XVII ғасырдың соңына Евразиядағы геополитикалық ахуал ірі өзгерістерге түсіп қазақ

елінің төрт құбыласының бəрі қауіпті жауға айналып бара жатты. Көшпелілер мен отырықшылар 

арасындағы арасалмақ соңғылардың пайдасына шешілгенін айтпағанның өзінде, шығыстан төнген 

қалмақ  (қара  қалмақ)  қазақ  мемлекет  басшыларының,  ірі  билердің  жүрегін  сыздатқаны  анық. 

Осының  нəтижесінде  өмірге  “Жеті  жарғы”  аталатын  қоғамның  ең  ауыр  мəселелерін  талқыға

салатын, шешетін, ел тыныштығын сақтайтын, сыртқы елдермен қалыптасқан өзекті мəселелерді

талқылайтын хан ордасы жанында Жоғары кеңес жəне билік орыны қалыптасты. Əуел баста хан 

Тəуке ұсынысымен бұл “жарғыға” қазақ елінің қазақ елінің ең таудаулы деген жеті биі қатысқаны

себебті  “Жеті  жарғы”  атанды.  Тіпті  мəселе  жетіде  де  емес,  мұндай  ірі  мемлекеттік  кеңеске  одан 

көп  те  адам  қатысуы  мүмкін,  бірақ  белгілі  субэтникалық  жəне  əлеуметтік  топтардың  мүддесіне

жауап беретін, қорғайтын адамның саны жетеу болғанға ұқсайды. Əз Тəуке хан тұсындағы Қазақ 

хандығының  құрамына  енген  жеті  ұлыс  елдің  басшылары  “Жеті  жарғының”  құрамында  болды 

десек біз тым қателеспейміз. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет