«Қазақстандық білім берудің цифрлық платформалары мен құралдарына шолу» «мәдени-тынығу жұмысы мамандығы»


Ақпараттық технологиялар мамандарын оқыту



бет2/5
Дата12.05.2023
өлшемі1,86 Mb.
#91945
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстандық білім берудің цифрлық платформалары мен құралдарына

Ақпараттық технологиялар мамандарын оқыту

«Цифрлы Қазақстан»

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Білім және ғылым министрлігі бірқатар маңызды жұмыстар жасағанын айтып өткен дұрыс. Республикамызда мұғалімдердің цифрлы сауаттылық бойынша білімдерін кеңейту және арнайы оқыту курстарынан өтуі жолға қойылған. Бұл мәселе бойынша «Өрлеу» АҚ филиалдары мен Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында мектептердің информатика пәнінің мұғалімдеріне дәрістер тұрақты ұйымдастырылады. Бұл курстарда ұстаздар білім саласындағы соңғы жаңалықтармен, технологиялармен танысып, біліктілігін арттырады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бірнеше салаға серпін бергенін айтып өткен жөн.

Пандемиядағы арақашықтық

Ковид‑19 таралуымен әлемнің барлық дерлік елдерінде енгізілген карантиндік шаралар нәтижесінде оқушылардың қашықтан білім алуға мәжбүр болуы, бұл мәселенің өзектілігін арттырды. Карантиндік шектеулер жағдайында оқушылардың білім алудан қол үзіп қалмауы, оларға сапалы білім беру мәселесі ең өзекті және көп талқыланған тақырыптардың бірі болды. Миллиондаған жастардың қашықтықтан оқытуға жүгінуі, бұл салаға үлкен инвестиция керек екенін аңғартты. Соның нәтижесінде тек мемлекеттік емес, жеке инвесторлардың да қаржысы білім саласындағы технологияларды дамытуға бағытталды. Сондықтан пандемия білім беру саласындағы технологиялардың дамуына импульс берді десек қателейспейміз

Ақпараттық тасымалдау

Сонымен қатар, бұл – білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті. Осы мақсатта білім саласын цифрландыру жұмыстары кең қанат жайып келеді. Атап айтсақ, орта мектептерді жаппай компьютерлендіру, соңғы модельдегі техникалармен жабдықтау, ақпаратты тасымалдаудың ыңғайлы жолдарын дамыту болып саналады. Бұл контекстте қашықтан оқытудың да осы цифрлық жүйеге жататынын айтып өткен дұрыс

It-саласы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет